Тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау нарығының қатысушыларын айқындау бойынша
Конкурс
- Жамбыл облысы Қордай ауданы "Отар ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ -сі 2025 жылғы 10 ақпан, жергілікті сағат 11.00-де, Отар ауылы, К. Жекенов көшесі, №19 үй мекенжайы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа Отар ауылдық округі бойынша: Отар ауылы, Гвардейский қалашығы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша нарық қатысушыларын айқындау шығарылады.
- Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде арнайы жабдықталған көлік құралдары және жұмысшылары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
- Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы,Қордай ауданы, "Отар ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алып,конкурсқа қатысуға жазбаша өтінімді Отар ауылы,К.Жекенов көшесі, №19 үй мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылданудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 5 ақпан сағат 12:00 -ге дейін.
- 2025 жылғы 5 ақпан сағат 12:00 -де конкурстық комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференция өткізеді.
- Анықтама алу үшін телефоны: 8 (72363) 7-13-17
- Ескертпе: Округтегі барлық ЖШС және ЖК мекемелері конкурсқа қатысуға ниет білдіре алады.