«Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-сінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ әкімі аппаратында 17 түрлі мемлекеттік қызмет түрі бар. Ауылдық округ әкімі аппаратында негізінен 3 қызмет түрі көрсетіледі. Олар жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту (электронды түрде), жер кезегіне тіркелу (электронды түрде), елді-мекен шегінде обьект салу үшін жер телімін беру (қағаз жүзінде). Мекеме ғимаратында ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін негізгі қызмет түрлері, қағидалары мен өтініш үлгілері жазылған ақпараттық стенд ілінген. Сонымен қатар, халыққа электронды қызметтерді өздігінен алу мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 14 қызмет түрін аудандық мекемелер тарапынан көрсетіледі