
Алға ауылы- 1115
Жастар саны -265
NEET жастар саны- 7
Ерікті жастар саны -10
Жас кәсіпкер-3
2024 жылдың 8-ші қаңтар күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Алға ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторының ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында жастар арасында кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: Жастарға «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
2024 жылдың 18-ші қаңтар күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Алға ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы және №34 М.Смағұлов атындағы орта мектептің психолог маманы Г.Досалиевамен бірлесіп, еріктілердің қатысуымен суйцидтің алдын алу мақсатында «Мен таңдаған өмір!» атты жастар арасында кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: Жастарға суйцид ұғымын түсіндіру, алдын-алу мәселесіне байланысты, теориялық практикалық ақпараттар беру.Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларға байланысты басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу-жақсылықтың нышаны екенін ұғындыру. Өмірге деген құштарлығын арттыру. Отанын, елін, жерін сүюге, ата-анасын құрметтеуге үйрету.
2024 жылдың 1-ші ақпан күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Алға ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторының ұйымдастыруымен және Қордай АПБ-ң УПИ-і полиция капитаны Базилбаев Айбектің қатысуымен «Қауіпсіз Қордай» жобасы негізінде жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты Алға ауылдық округіне тиесілі елді мекендеріне орналасқан барлық азық-түлік дүкендеріне және халық көп шоғырланатын орындарда жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімдерін сатуға болмайтыны туралы ақпараттық постерлер ілініп, күндізгі рейдтік жұмыс ұйымдастырылып, жүргізілді.
Мақсаты:Жастардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиеркенішті ұғым қалыптастыру. Жастарға және жасөспірімдерге салауатты өмір салтына, толеранттылық тәрбиелеу. Еліміздің болашағы яғни жас ұрпақты ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері әсер ететін құбылыстарынан нақты мәліметтер бере отырып, олардан бойын аулақтату.
2024 жылдың 6-шы ақпан күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Алға ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторының ұйымдастыруымен және Қордай АПБ-ң ЖПҚб ЮПТ УП-ры полиция лейтенанты Тенизбаев Бекзат Алибекұлының қатысуымен және №34 М.Смағұлов атындағы орта мектептің ДҚТЖО маманы Кененбаева Айнурамен бірлесе отырып «Кибербулинг дегеніміз не?» атты тақырыпта жастар жасөспірімдер арасында кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты:Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Жастардың буллинг, кибербулинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.
2024 жылдың 12-ші ақпан күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Алға ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы және Қордай АПБ-ң ЖПҚб ЮПТ УП-ры полиция лейтенанты Тенизбаев Бекзат Алибекұлының қатысуымен және №34 М.Смағұлов атындағы орта мектептің ДҚТЖО маманы Кененбаева Айнурамен және №34 М.Смағұлов атындағы орта мектептің мед бараты Нұржақып Медеумен бірлесе отырып «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты тақырыпта қыздар арасында кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты:Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру.