
«Алға ауылдық округі әкімі аппараты» және топ мүшелерінің ұйымдастыруымен деструктивті діни ағымдардың ықпалымен жасалатын қылмыстарға негативті көзқарасын қалыптастыру үшін Алға ауылының тұрғындары арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» туралы жиын өтті.
Діни экстремизммен күреспес бұрын, оның алдын алудың маңызды екенін айта кеткен жөн. Себебі, діни экстремистік топтардың идеологиясымен теріс жолға түскен адамдардың санасын қайтадан қалпына келтіруге көп күш жұмсалады және көп ретте бұл жұмыстардың нәтижесі өте қиын болады. Экстремизм бұл əр уақытта əр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.
Діни экстремизм тақырыбы қазіргі таңда өте белсенді айтылуда, ол бекерге зерттелген жоқ. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен де таныс болуы керек.
Діни негіздегі экстремизм мəдени, экономикалық жəне заңды кеңістіктердегі жаһандану үрдісінің байланысы, бұл объективті үрдіс топтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасындағы қақтығыстар мен конфликтілерді, əртүрлі мəдениеттегі халықтардың жəне діни наным-сенімдердің наразылығын тудырады. Әлем бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында қолға алынған шаралардың деңгейі әр түрлі болып келеді.
Қатысушыларға діни экстремизм мен бейтаныс діни ағымдарды жастар арасында тарату қалай жүргізіледі, терроизмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру және әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің жаза қарастырылғандығы туралы түсіндірілді.
Жиын жақсы көңілмен өтті, ұсынылған тақырыпты аса қызығушылық танытты. Жоғары деңгейдегі дайындық оқытушылардың коммуникабельділігі уақытты пайдалы өткізуге мүмкіндік берді. Тұрғындар сұрақты талдауда аса белсенділік көрсетіп, осындай іс – шаралардың тағы да болып тұруыны ұсыныс жасады.