GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
22 октября 2026
FOODEXPO QAZAQSTAN 2026: Орта Азияның қарқынды дамып келе жатқан ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ НАРЫҒЫ АЛМАТЫДА БАС ҚОСАДЫ

Приглашаем Вас посетить 28-ю Центрально – Азиатскую выставку «Пищевая промышленность» в Алматы, КЦДС «Атакент», павильоны 7, 8, 9, 10, 11.

 

Чем удивит в этом году FOODEXPOQAZAQSTAN 2026:

Ø  600+ экспонентов выставки

Ø  Представители 35 стран

Ø  Заметный рост присутствия компаний из Азии: Китай, Индия, Индонезия, Малайзия, Южная Корея, Япония, Вьетнам, Шри-Ланка и другие

Ø  Павильон №11: отдельный акцент - на оборудовании, технологиях и ингредиентах для пищевой промышленности, включая специализированные решения для хлебопечения и кондитерского производства

🎟 Регистрация посетителей уже открыта!

Посетите выставку бесплатно: используйте промокод WFKINS2026 при регистрации на сайте foodexpo.kz

Сауда
21 октября 2026
Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтуде

🇰🇿Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! 
      
     Республика күніне орай 2026 жылғы 17–27 қазан аралығында Тараз қаласындағы сауда үйлері мен сауда орталықтарында «Republic Day» акциясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Bereke Fest» акциясы аясында да бірқатар сауда нысандарында жеңілдіктер ұсынылады.

     «Republic Day» акциясы аясында 10 күн бойы бірқатар тауарларға 10%-дан 30%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, «MART» сауда орталығындағы Koton, DeFacto, Waikiki, H&M, Kimex, MSQ, Ostin, Sinsay және басқа да бутиктерде ерлер, әйелдер және балалар киімдері мен аяқ киімдеріне жеңілдіктер ұсынылады.
Сонымен қатар, мереке аясында бірқатар мәдени іс-шаралар мен қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкелері ұйымдастырылып, келушілерге қолөнер туындыларын сатып алуға мүмкіндік беріледі.

      Bereke Fest» акциясы аясында төрт сауда желісіне қарасты 10 сауда нысаны қатысады. Сауда желілері тарапынан азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға 5%-дан 30%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
     Екі акция да қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған жеңілдіктерді пайдаланып, тиімді сауда жасауға, сондай-ақ мерекелік іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

🤝Баршаңызды «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысуға шақырамыз!

Шағын және орта бизнес
Мемлекеттік қызметтер
19 октября 2026
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант беру конкурсының қорытындысы

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы 2026 жылға арналған Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік грант беру» бойыншаіске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеудің аяқталғанын хабарлайды.

🔶Құжаттарды қабылдау, конкурстық комиссия мүшелерімен қарау және дауыс беру Kezekte.kz веб-порталы арқылы үшінші жыл жүзеге асырылып отыр. Жеңімпаздар комиссияның барлық мүшелерінің дауыстарын санау нәтижелері бойынша автоматты түрде анықталды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берді.

🔶Барлығы 17 кәсіпер грантқа қатысуға 43 өтінім берді. 43 өтінімнің      5-ы кәсіпкерлер тарапынан қайтарып алынды, 25 жоба дұрыс емес мәліметтер ұсынылғанына байланысты кері қайтарылды, соның ішінде 13 қабылданған жобалар (5-өңдеу өнеркәсібі, 5-білім саласы, 2-ауыл шаруашылығы,1- көтерме және бөлшек сауда, конкурстық комиссияның назарына ұсынылып, дауыс беру нәтижелері бойынша 4 жоба жеңімпаз анықталды:

1.                 «Атханова» ЖК - ЭҚЖК бойынша экономика секторы «Макарон өнімдерін өндіру», іске асыру орны – Т. Рысқұлов ауданы;

2.                  «Сурамбаева Шолпан Тлеубаевна» ЖК, ЭҚЖК бойынша экономика секторы «Ерекше «Қажеттіліктері бар балаларға арналған сенсорлық және терапевтік бұйымдар өндіру» іске асыру орны– Тараз каласы

3.                 «Балжан» ЖК, ЭҚЖК бойынша экономика секторы «Ара шаруашылығын дамыту, ара шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу» іске асыру орны – Қордай ауданы;

4.                  «Корнаухов Алексей» ЖК, ЭҚЖК бойынша экономика секторы «Ірімшік өндіру», іске асыру орны – Тараз қаласы;

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің деканы, PhD докторы Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы бастаған конкурстық комиссияның және комиссия мүшелерінің белгіленген ережелерге сәйкес қатаң түрде конкурстық іріктеуден өткені үшін алғысымызды білдіреміз:

 
✔️ Абдыбаев Еркін Датқабекұлы

✔️ Тулекова Салтанат Тайырқызы

✔️ Жапарова Әсел Әбілханқызы

✔️ Бекжан Абзалбекұлы

✔️ Сәрсенғалиев Болатбек Рысбекұлы

✔️ Ертаева Жанат Әкебайқызы

✔️ Боташева Индира Махмудқызы

✔️ Абжанова Шолпан Асқарбекқызы

 

Шағын және орта бизнес
Мемлекеттік қызметтер
28 сентября 2026
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар: конкурсқа өтінім қабылдау басталады

📢 Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің назарына!

📌 Конкурсты ұйымдастырушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

📍 Мекен-жайы:
Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78, 2 қабат, 229-кабинет
📧 Электрондық пошта:
akim_dpp@zhambyl.gov.kz
☎️ Байланыс телефондары:
8 (7262) 45-10-17
8 (7262) 54-36-20

      Конкурстың нысанасы:
«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру.
      Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы – 5 (бес) млн теңгеге дейін.
      Байқау түрі: Ашық конкурс.
💻 Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
Үкіметтік «Kezekte.kz» электрондық веб-порталы арқылы.

📄 Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі:
Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады. Өтінім және конкурстық құжаттаманың толық пакеті Үкіметтік «Kezekte.kz» веб-порталы арқылы бекітілген электрондық нысанда ұсынылады.

🗓️ Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі:
2026 жылғы 1 қазаннан 8 қазанға дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (жергілікті уақыт).
      Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты:
2026 жылғы 1 қазан, сағат 10:00-ден бастап.
      Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты:
2026 жылғы 8 қазан, сағат 18:00-ге дейін.

❗️Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Өнеркәсіп
25 сентября 2026
Бірыңғай есеп беру күні өтті

Өздеріңізге мәлім болғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүгін, яғни қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде жыл сайын бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні 24 қыркүйегінде Тараз қаласының М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткізілді.

📌Бүгінгі іс-шараны өткізудің мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту.

📊 2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан жалпы барлығы 5 060 тексеру тіркеліп, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 2 609 тексеру тағайындау туралы актілері тіркелген.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің:
▫️ 381 – микрокәсіпкерлік субъектілеріне;
▫️ 1 910 – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
▫️ 204 – орта кәсіпкерлік субъектісіне;
▫️ 114 – ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының (мемлекеттік кірістер департаменті, Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті, Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ж.т.б.) жыл басынан бері атқарған жұмысының есебі тыңдалып, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан жауап берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, ол кәсіпкерлерге облыстық кәсіпкерлік палатасы арқылы жеткізілетін болады.

22 сентября 2026
«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында, 2026 жылы «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде жүзеге асыру жоспарланды.

«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

Аталған жоба өңір тұрғындарының мәдени және рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапханалардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының қызметін жандандыруға, сондай-ақ қоғамда білім мен кітап құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді.

«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны 2026 жылдың қыркүйегінен басталып, 2027 жылдың наурыз айында аяқталады. Осы аралықта қатысушылар әр бағыт бойынша таңдап алып, 15 кітапты оқып шығады.

Қазіргі таңда Сіздерге «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» кітап оқу марафонының https://reading-nation.kz/ сайты техникалық режимде іске қосылғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты аталған жобаға қатысушыларды тіркеу жұмысы басталды.

https://reading-nation.kz/ сайтына өздеріңіз таңдаған бағыт бойынша тіркелулеріңізді сұраймыз!

Өнеркәсіп
09 сентября 2026
Кәсіпкерлерді Бірыңғай есеп беру күніне шақыру

🔔Құрметті кәсіпкерлер!

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды реттеу мәселелерін талқылау және сындарлы шешімдер әзірлеу мақсатында жыл сайын Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.

Іс-шара барысында кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз қызметті қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы заңнама талаптарын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қарастырылады.

📅 2026 жылғы 24 қыркүйек
⏰ Сағат 10:00
📍 Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 60
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті,
2.3 корпус, 3-қабат, мәжіліс залы
(ЦУМ-ға қарама-қарсы)

🤝 Кәсіпкерлік субъектілерін іс-шараға қатысуға шақырамыз!

 

Шағын және орта бизнес
26 августа 2026
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне құжаттар қабылдау

🔔Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы 2026 жылдың 1-15 қыркүйек аралығында Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне құжаттарды қабылдау өтетіндігін хабарлайды!
📌Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге немесе жұмсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерліктің экономика құбылысы ретіндегі заманауи даму тарихы шамамен 50 жылды қамтиды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласындағы көшбасшылар: АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Израиль.
🔺Ұйымдарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың критерийлері:
1-ші санат - заңмен қарастырылған, халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету (қызметкерлердің санынан кемінде 50%, еңбекақыны төлеу қорының шығындар үлесі кемінде 25%);
2-ші санат - халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатымен өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатылуына жәрдемдесу (кірістердің үлесі жалпы кірістен кемінде 50%);
3-ші санат - 1) тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектігі бар адамдар үшін, 2) басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санаты үшін тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету (кірістердің үлесі жалпы кірістен кемінде 50%);
4-ші санат - қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметтерді жүзеге асыру;
📍Құжаттар қабылданатын жер: Тараз қ., Желтоқсан көшесі, 78, 2 қабат.
Мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз! Еліміздің болашағына үлес қосып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бірге атсалысайық.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҰШЫРАЙТЫН ЛАУАЗЫМДАР
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
26 июня 2026
Хабарлама

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау болатынын хабарлайды.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
23 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымы мен 10 шілдесі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жүргізілетіндігін хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық және нормативтік-құқықтық актілер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған.           

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы