Меню

Страницы

Статья

Туризм

Жамбыл облысы экономикасының перспективті және стратегиялық маңызды бағыттарының бірі туризм болып табылады. Еліміздің туристік тартымды өңірлерінің қатарында біздің облысымыз айтарлықтай туристік-рекреациялық әлеуетке және туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

Бүгінгі таңда облыста 225 туристерді орналастыру орны, 395 тамақтану пункті, 7 санаторий, 90 демалыс аймағы, 11 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді. Туристерге өз қызметтерін 16 туристік компания және 25 көлік субъектілері ұсынады. Негізгі туристік нысандардың саны 45-ті құрайды, олар бойынша 45 туристік маршрут әзірленді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 22 млрд 949 млн теңгені құрады. Осылайша, 2024 жылға арналған жоспар 14 млрд 660 млн теңге сомасында 156,5%-ға асыра орындалды.

Туризм саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша 2023-2025 жылдары жалпы сомасы 15 млрд. 855 млн. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 3 туристік демалыс аймағы ашылды: Жамбыл ауданындағы "Алмалы" демалыс орталығы, Жуалы ауданындағы "Koksai resort" демалыс аймағы және Тараздағы "Зербұлақ" аквапаркі.

2022 жылдың 1 қазанында бүкіл әлемге Ұлы Жібек жолындағы қолөнер және сауда орталықтарының бірі ретінде бұрыннан белгілі Тараз қаласы ресми түрде Дүниежүзілік қолөнер қалаларының тізіміне енгізіліп, Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз қолөнер қаласы мәртебесіне ие болды.

Ағымдағы жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Тараз қаласында Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми енгізуге орайластырылған "Тараз – қолөнершілер қаласы" атты III халықаралық қолөнершілер көрмесі өткізілді.

Дата публикации
25 февраля 2025
Дата обновления
25 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 февраля 2026
Әлеуметтік Кәсіпкерлік
Мақалалар
24 ноября 2025
Әлеуметтік Кәсіпкерлік
10 ноября 2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР РЕЕСТРІ ТУРАЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы