Меню

Страницы

Статья

Сауда

Облыс бойынша 12 айдың қорытындысымен ішкі сауда көлемі 984,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,9%. Оның ішінде:

  • Бөлшек сауда 547,8 млрд. теңге құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,4%-ға артты.
  • Көтерме сауда 434,8 млрд. теңгені құрап, 102,2%-ға өсті.

Сауда саласына 2024 жылы 25,6 млрд. теңге сомасында инвестициялар түсті. Облыстағы сауда кәсіпорындары және мекемелерімен 355,0 млрд. теңгеге сауда жасалынған. Ауылдық жерлердегі бөлшек сауда-саттық 126,6 млрд. теңге, көтерме сауда 59,3 млрд. теңгені құраған. 2025 жылдың 1 қаңтарына облыстағы көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарында 55,6 млрд. теңгеге тауар қоры сақталған. Оның ішінде бөлшек сауда орындарында құны 32,1 млрд. теңге болатын 40 күнге жететін тауар қоры; көтерме сауда нысандарында 23,5 млрд. теңгеге 41 күнге жететін тауарлар сақтаулы тұр.

Облыста 37 сауда базары бар, оның 18-і мамандандырылған, 19-ы әмбебап. Жалпы ауданы 571 660 шаршы метр, сауда орындарының саны 21 593 бірлікті құрайды, 7000-нан астам адам жұмыс істейді. Қалада 21, ауылдық жерде 16 базар орналасқан.

Тараз қаласында 14 базар бар, оның 4-і мамандандырылған, 10 әмбебап. Базарлардың жалпы ауданы 355 914 шаршы метрді құрайды, 9200 сауда орны, онда 4000-нан астам қала тұрғындары жұмыс істейді.

Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасына сәйкес 2023–2025 жылдары Тараз қаласы бойынша 7 сауда базарын жаңғырту жоспарланған.

2023 жылы «Ақсай» және «Нұралы» базарлары бойынша жаңғырту аяқталды. 2024 жылы «Ауыл Береке» жаңғыртудан өтіп, іске қосу құжаттарын рәсімдеуде, ал, «Береке» базарының құрылыс жұмыстары 60% аяқталған. 2025 жылы «Жібек жолы», «Якка сарай» және «Салтанат» базарларын жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда. 2023 жылдан бастап «Жібек жолы» базарының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дата публикации
11 февраля 2025
Дата обновления
11 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 февраля 2026
Әлеуметтік Кәсіпкерлік
Мақалалар
24 ноября 2025
Әлеуметтік Кәсіпкерлік
10 ноября 2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР РЕЕСТРІ ТУРАЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы