Жамбыл облысы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы
2022 жылдың 12 ай қорытындысымен қысқаша есеп
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2 түрі (534 Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру және 535 Ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету) мемлекеттік қызмет көрсетеді.
«Qoldau.kz» электрондық үкіметтік веб-порталы арқылы көрсетілді:
- қағаз түрінде-12 қызмет;
- электронды түрде - 5 қызмет.
2022 жылдың 12 айында Басқарма барлығы 17 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Есепті кезеңде Басқарма мемлекеттік қызметтерді алушыларға құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну немесе толтырудағы сәйкессіздіктер себебінен 127 дәлелді бас тартуды ұсынды.
Мемлекеттік қызметтерге келіп түскен шағымдар 12 айда тіркелді 3. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мерзімдері бұзылған жоқ.
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында
2022 жылдың 12 айында 638 адамды қамтитын 16 іс-шара (оның ішінде: БАҚ-тағы жарияланымдар, семинар-кеңестер, бейнероликтер) өткізілді.