САЙТ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

САЙТ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
 
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңына сәйкес сайтқа орналастыру:
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді "электрондық үкімет" веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің интернет-ресурстарында орналастыру және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында (сайтта автоматты түрде);
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері;
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
4. Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары жыл сайын "электрондық үкімет" веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті (жыл сайынғы есеп)орналастырады;
5. Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылау жүргізеді. мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді.
САЙТ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
Дата публикации
16 августа 2022