Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық мониторинг нәтижелері.

«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен

өзара іс-қимылы» блогы бойынша мемлекеттік органдардың 2021 жылғы қызметін операциялық бағалау нәтижелері туралы

КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Блок бойынша мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесі үш бағытты көздейді:

Бағалау бағыттары

Уәкілетті мемлекеттік орган

1.           Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жалпы жинақтау)

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

(электрондық мемлекеттік қызметтер)

2.           Шағымдар мен арыздарды қарау сапасы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті

3.           Мемлекеттік органның ашықтығы

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

 

Жалпы, елімізде азаматтардың мемлекетпен түрлі нысандарда тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Мемлекет басшысының смартфондарда мемлекеттік қызметтердің 100% қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру жалғасуда. Сонымен қатар, түрлі балама платформаларда, соның ішінде танымал банктік қосымшаларда қызмет көрсету үрдісі белсенді жалғасын тапты.

Күшіне енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік органдарда «Е-Otinish» өтініштерді қабылдау жүйесі енгізілуде. Енгізу сәтінен бастап барлығы 620 мың өтініш берушіден 1,4 млн-нан астам өтініш түсті.

Сонымен қатар, қаңтардағы оқиғалар мемлекеттік билік органдарының халықпен өзара іс-қимыл саласын одан әрі жетілдіру, азаматтардың сұраныстарына дұрыс және объективті жауап беру қажеттігін көрсетті.

 

Бағалаудың жалпы нәтижелері

Қызметтің орташа көрсеткіштері ОМО бойынша да – 77,8 балға (2020 жылы – 69,9 балл) дейін, ЖАО бойынша да – 74,9 балға (2020 жылы – 71,7 балл) дейін жақсарды.

ОМО арасында үздік нәтижені ҚНРДА (94,8 балла) көрсетті, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету және өтініштерді қарау (барлығы 1 мерзімді бұзу) кезінде орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейіне, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша тиімді жұмысына және азаматтардың оларды көрсету сапасына қанағаттануына байланысты.

Ең төмен балл ДСМ-де (60,4 балл) белгіленді, бұл мемлекеттік қызмет көрсету және өтініштерді қарау кезінде атқарушылық тәртіптің төмен болуына (қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері – 47, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу – 540, өтініштерді құзыреті бойынша қайта жолдау мерзімдерін бұзу – 287), сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына негізделген шағымдардың болуына (9) байланысты.

 


ОМО

2021 ж.

2020 ж.

2020-2021 жж. балдар серпіні

2021/2020 жж. рейтингтегі орындары

2020-2021 жж. орнының серпіні

ҚНРДА

94,8

73,2

+21,6

  1 | 12

+11

ҰБ

94,3

89,6

+4,7

2 | 3

+1

АҚДМ

92,7

91,4

+1,3

3 | 1

-2

БП

92,3

90,6

+1,7

4 | 2

-2

МҚІА

92,0

77,1

+14,9

5 | 7

+2

СИМ

88,0

56,1

+31,9

  6 | 20

+14

ЕХӘҚМ

86,1

73,3

+12,8

  7 | 11

+4

ҰЭМ

82,7

70,3

+12,4

  8 | 13

+5

ЖС СҚҚД

82,6

83,6

-1,0

9 | 4

-5

ҚМ

81,0

78,9

+2,1

       10 | 6

-4

МСМ

80,7

66,9

+13,8

 11 | 14

+3

ИИДМ

79,0

59,3

+19,7

 12 | 18

+6

СІМ

76,1

45,6

+30,5

 13 | 21

+8

ТЖМ

75,4

-

 

       14 | -

-

ӘМ

71,7

74,6

-2,9

       15 | 8

-7

ЭГТРМ

69,7

80,3

-10,6

       16 | 5

-11

ІІМ

69,6

62,9

+6,7

 17 | 15

-2

ЦДИАӨМ

69,0

73,3

-4,3

 18 | 10

-8

АШМ

68,0

60,9

+7,1

 19 | 17

-2

ЭМ

67,6

74,4

-6,8

       20 | 9

-11

Қорғанысмині

65,7

36,0

+29,7

 21 | 22

+1

БҒМ

64,4

61,7

+2,7

 22 | 16

-6

БҚДА

63,1

-

 

       23 | -

-

ДСМ

60,4

58,4

+2,0

 24 | 19

-5

Орташа мәні

77,8

69,9

+7,9

 

 

 

 

Бағалаудағы ең үлкен өсім СИМ бойынша атап өтілді (+31,9 балл), бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзудың болмауына (2020 жылы – 10 бұзушылық), өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу санының төмендеуіне (11-ден 3-ке дейін), сондай-ақ «Ашық деректер» порталын толтыру деңгейінің жоғарылауына (40%-дан 94%-ға дейін) байланысты.

Бағалау қорытындыларының айтарлықтай жақсаруы СІМ (+30,5 балл) мен Қорғанысминінде (+29,7 балла) байқалады. Осылайша, СІМ-де өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы тіркелген жоқ (2020 жылы – 7 бұзушылық) және уақтылы көрсетілмеген мемлекеттік қызметтер саны азайды (27-ден 5-ке дейін). Қорғанысминінде есепті кезеңде қызметтерді көрсету мерзімдерін және көрсетуден негізсіз бас тарту бойынша 1 бұзушылықтан жол берілген (2020 жылы – тиісінше 47 және 38 бұзушылық), бұл ретте құжаттардың толық тізбесі болмаған және артық құжаттарды талап еткен кезде қызметтерді көрсету фактілері (2020 жылы – тиісінше 89 және 38 бұзушылық) анықталған жоқ.

Нәтижелердің айтарлықтай нашарлауы ЭГТРМ-де (-10,6 балл) байқалды, мұнда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу саны артқан (3-тен 9-ға дейін), сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуға 9 рет жол берілген.

ЖАО рейтингінде Қостанай облысының әкімдігі (90,6 балла) мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзушылықтардың қалыпты санының (7,3 млн көрсетілген қызметтерге 20 мерзім бұзу фактісі, 10 негізсіз бас тарту фактісі, 11 құжаттар тізбесі болмаған жағдайда қызмет көрсету фактісі және 1 артық құжаттарды талап ету фактісі тіркелді), бастапқы қарау кезінде өтініштерді тиісінше шешудің (сот тәртібімен қанағаттандырылған өтініштер жоқ), сондай-ақ ресми интернет-ресурсты, «Ашық деректер» (100%) және «Ашық бюджеттер» (100%) порталдарын әкімшілендірудің жоғары деңгейінің арқасында жетекші орынға ие болды.

Барлық ЖАО арасында соңғы орынды Шымкент қ. әкімдігі алады (59,6 балл), оның нәтижесі 2020 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді (-14,3 балл). Нашарлау мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу санының күрт өсуіне (15-тен 907–ге дейін), сот тәртібімен қанағаттандырылған 2 өтініштің (2020 жылы – 0) және уақтылы жіберілмеген 278 өтініштің болуына байланысты.

Бағалаудың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда Ақтөбе (+39,3 балл) және Жамбыл (+23,6 балл) облыстарының әкімдіктері мемлекеттік қызметтерді көрсету (тиісінше 843-тен 169-ға дейін және 895-тен 92-ге дейін) және өтініштерді қарау (33-тен 24-ке дейін және 24-тен 10-ға дейін) мерзімдерінің бұзылуын қысқарту, толық емес жиынтығы кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету (1341-ден 45-ке дейін және 118-ден 65-ке дейін) және артық құжаттарды талап ету (740-тан 115-ке дейін және 337-ден 0-ге дейін) фактілерінің санының азаюы арқасында айтарлықтай оң өсуге қол жеткізді. Бұдан басқа, Ақтөбе облысы әкімдігінің Ашық үкімет порталдарын әкімшілендіру сапасының артуы байқалады («Ашық деректер» – 60%-дан 94%-ға дейін, «Ашық бюджеттер» – 35%-дан 83%-ға дейін және «Ашық НҚА» - 59%-дан 83%-ға дейін).

 

ЖАО

2021ж.

2020ж.

2020-2021 жж. балдар серпіні

2021/2020 жж. рейтингтегі орындары

2020-2021 жж. орнының серпіні.

Қостанай облысы

90,6

81,7

+8,9

       1 | 3

+2

Жамбыл облысы

85,3

61,7

+23,6

       2 | 16

+14

Ақтөбе облысы

82,2

42,9

+39,3

       3 | 17

+14

Қызылорда облысы

81,3

78,5

+2,8

       4 | 6

+2

ШҚО

81,0

77,8

+3,2

       5 | 7

+2

Алматы қ.

78,0

65,8

+12,2

       6 | 13

+7

Түркістан облысы

77,6

79,5

-1,9

       7 | 4

-3

Нұр-Сұлтан қ.

77,3

61,8

+15,5

       8 | 15

+7

БҚО

77,0

73,1

+3,9

       9 | 10

+1

Алматы облысы

76,2

77,7

-1,5

     10 | 8

-2

СҚО

73,3

66,9

+6,4

     11 | 11

0

Атырау облысы

71,4

82,2

-10,8

     12 | 2

-10

Қарағанды облысы

68,9

66

+2,9

     13 | 12

-1

Ақмола облысы

67,4

79,2

-11,9

     14 | 5

-9

Маңғыстау облысы

64,2

62,8

+1,4

     15 | 14

-1

Павлодар облысы

62,4

87,7

-25,3

     16 | 1

-15

Шымкент қ.

59,6

73,9

-14,3

     17 | 9

-8

Орташа мәні

74,9

71,7

+3,2

 

 

 

Павлодар облысының әкімдігінде бағаның айтарлықтай төмендеуі байқалды (-25,3 балл). Мәселен, бағаланатын кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау (16-дан 257-ге дейін) және артық құжаттарды талап ету (38-ден 214-ке дейін) бөлігінде, сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу (3-тен 122-ге дейін) бөлігінде бұзушылықтардың өсуі байқалады.

 

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша

2021 жылы бағаланатын мемлекеттік органдар 232,7 млн қызмет көрсетті (2020 жылы – 190,8 млн), оның ішінде 209,7 млн электрондық түрде көрсетілді (90,1%, 2020 жылы – 85,4%), қағаз түрінде – 5,6 млн (2,4%, 2020 жылы – 6,2%) және Мемлекеттік корпорация арқылы – 17,4 млн (7,5%, 2020 жылы – 8,4%).

Сауалнама қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметтерге қанағаттанудың орташа деңгейінің ОМО бойынша ықтимал 5 балдан 4,8 балға дейін (2020 жылы – 4,6 балл), ЖАО бойынша 4,9 балға дейін (2020 жылы – 4,6 балл) артуы белгіленді.

Құжаттар тізбесі бөлігіндегі бұзушылықтар саны 6 еседен астам қысқарды (7,5 мыңнан 1,2 мыңға дейін).

Сонымен қатар, уақтылы көрсетілмеген қызметтер саны 3,6 есеге артты (4 мыңнан 14,5 мыңға дейін). Айта кету керек, мерзімі өткен 10,4 мың мемлекеттік қызмет ІІМ-не тиесілі (олардың 10,3 мыңы немесе 98,9%-ы «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» қызметі бойынша Алматы қ. ПД-де белгіленген).

Анықтамалық: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап көші-қон саласындағы жекелеген функциялар ІІМ-ден ЕХӘҚМ-не берілді. Осыған байланысты, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» қызметін көрсету тәртібін айқындайтын орталық мемлекеттік орган – ЕХӘҚМ, ал көрсетілетін қызметті беруші-қалалар мен аудандардың ЖАО болып табылады.

«Электрондық үкімет» веб-порталында бағалауға жататын қолжетімді мемлекеттік қызметтер түрлерінің үлесі 90%-дан (тізілім бойынша 688-ден 622-сі) 94%-ға дейін (683-тен 644-і) өсті. Бұл ретте «электрондық үкімет» веб-порталында сервистердің техникалық ақаулары жүйелі сипатқа ие болады. 2021 жылы электрондық қызметтердің қолжетімсіз болу ұзақтығы 522 сағат 24 минутты құрады (2020 жылы – 537 сағат 45 минут, 2019 жылы – 271 сағат 40 минут).

 

«Шағымдар мен арыздарды қарау сапасы» бағыты бойынша

Қаралған өтініштер көлемінің азаюына қарамастан, мемлекеттік органдардың шағымдармен және арыздармен жұмысында оң динамика байқалмайды.

Мәселен, 2021 жылы олардың қаралған жалпы саны 1,28 млн өтініш кезінде (2020 жылы – 1,32 млн, 2019 жылы – 1,6 млн) мерзімдерді бұза отырып 3,8 мың өтініш қаралды (немесе 1000 қаралған өтінішке 2,97), бұл 2020 жылдың көрсеткішінен біршама жоғары (3,8 мың немесе 1000 қаралған өтінішке 2,88).

Алғаш рет өтініштерді қайта жіберу мерзімдерінің сақталуына бағалау жүргізілді, оны есептеу кезінде келіп түскен өтініштердің жалпы саны ескеріледі (оның ішінде құзыреті бойынша қайта жіберілгендер және қаралып жатқан өтініштер). Мәселен, 2021 жылы мемлекеттік органдар, келіп түскен жалпы саны 1,56 млн өтініштің 3,6 мың өтінішін (немесе келіп түскен 1000 өтінішке 2,3) заңнамада көзделген мерзімдерді бұза отырып (түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей) құзыреті бойынша қайта жіберді.

Оң сәттердің ішінде сот тәртібімен қанағаттандырылған өтініштер санының төмендегенін атап өткен жөн (47-ден 35-ке дейін немесе 1000 өтінішке 0,04-тен 0,03-ке дейін).

Сондай-ақ ішкі бақылаудың біршама күшеюі атап өтілді – кінәлілерге қатысты тәртіптік шаралар қабылданған мерзімдері бұзылған өтініштердің үлесі 65,8%-дан 70%-ға дейін өсті.

 

«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша

2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда ашық деректер жиынтығының уақтылы орналастырылмаған жарияланымдарының үлесі ОМО бойынша 6%-дан 6,4%-ға дейін ұлғайды, ЖАО бойынша – 6,6%-дан 0,9%-ға дейін азайды.

Сонымен қатар, халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шаралардың толық тізбесін (халыққа сауалнама жүргізу және АТ-қоғамдастығы өкілдерімен кездесулер, бірінші басшының блогына өткізілетін іс-шаралар туралы жазбаларды орналастыру) 12 ОМО және 10 ЖАО өткізді.

Өткен жылмен салыстырғанда «Ашық НҚА» порталында белсенділік айтарлықтай артты. Порталда барлығы 17 104 НҚА жобасы жарияланып, оларға 72,8 мың пікір мен ұсыныс келіп түсті (2020 жылы – 18 307 НҚА және 47,1 мың пікір), оның ішінде ОМО жобаларына – 51,4 мың (2020 жылы – 32,1 мың), ЖАО жобаларына – 21,4 мың (2020 жылы – 15 мың).

ОМО жобаларына қатысты пікірлердің 83,1%-ы (2020 жылы – 84,3%) және ЖАО жобаларына пікірлердің 96,7%-на (2020 жылы – 92,3%) уақтылы жауап ұсынылды. Өткен жылғыдай, пікірлердің басым бөлігі ДСМ-нің жобаларын талқылауға қатысты болғанын атап өткен жөн – 28 852 пікір немесе барлық пікірлердің 39,6%-ы (2020 жылы – 52%).

Бірінші басшылардың блог-платформаларында пайдаланушылар өтініштерінің саны төмендегені байқалады: барлығы 44 258 сауал келіп түсті, оның ішінде ОМО басшыларына – 36 591 (2020 жылы – 44 924), ЖАО басшыларына – 7 667 (2020 жылы – 9 654).

«Ашық диалог» порталында 337 сауалнама және 478 интернет-конференция өткізілді. Өткен жылдағыдай, БҚО әкімдігі неғұрлым жоғары белсенділік көрсетіп, барлық ЖАО іс-шараларының басым бөлігін – 139 сауалнаманың 101-ін және 273 интернет-конференцияның 131-ін өткізген.

Комиссияның былтырғы ұсынысына сәйкес мемлекеттік органдардың БАҚ-пен жұмысын бағалау бойынша өлшемшарт әзірленді. Осы өлшем шеңберінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі 69%-ды құрады, ал БАҚ өкілдерінің мемлекеттік органдардың ашықтығына қанағаттану дәрежесі 27%-ды ғана құрады.

 

ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ:

 

Бірінші. Мемлекеттік корпорацияның қызметін одан әрі жетілдіру.

Автоматтандырылған қызмет түрлері үлесінің жыл сайын өсуіне қарамастан, ХҚКО-лар азаматтар арасында оператор ретінде әлі де сұранысқа ие. 2021 жылы ХҚКО барлығы 17,5 млн қызмет көрсетті (2020 жылы – 16,4 млн қызмет).

Бұл ретте, ХҚКО қызметі азаматтар тарапынан, оның ішінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан қайталанатын сыбайлас жемқорлық көріністері себебінен, жиі сынға ұшырайды.

Мәселен, 2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақшалай сыйақы (80-нен 120 мың теңгеге дейін) үшін, теориялық және практикалық емтихандарды тапсырусыз, жалған медициналық анықтамалар мен автомектептерді аяқтағаны туралы куәліктерді пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО‑сы арқылы жүргізуші куәліктерін заңсыз беруді ұйымдастырған тұлғалар тобын анықтады.

2021 жылдың қазан айында жасырын сатып алушы әдісімен жүргізілген эксперимент барысында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО-сында емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін сатып алу проблемасының сақталып отырғаны анықталды. Нәтижесінде, Мемлекеттік корпорация басшылығы теориялық емтихан тапсыру кезінде арнайы биометриялық жүйені енгізу бойынша шаралар қабылдады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының №2 мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне қатысты емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін заңсыз беру және автокөліктерді заңсыз есепке қою фактілері бойынша кезекті тергеуді бастады.

Мұндай куәліктердің иелері жол жүру ережелерін бұзушылар болуы мүмкін, ал олардың іс-әрекеттері жол қозғалысына қатысушылар үшін ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Осылайша, 2019 жылдан бастап Мемлекеттік корпорацияға жүргізуші куәлігін беру, теориялық және практикалық емтихандар қабылдау бойынша функциялардың берілуін ескере отырып, ЦДИАӨМ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүйелі шаралар қабылдауы керек.

Сонымен қатар, құжаттарды ауыстыру арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды заңсыз тіркеу фактілері, көші-қон заңнамасын бұзушылықтар және т. б. БАҚ-та жария етілді. ХҚКО қызметкерлері тарапынан аталған құқық бұзушылық фактілерін ЦДИАӨМ ақпарат агенттігінің тиісті сұрауына жауабында растады.

Азаматтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру және жариялау мәселесі өзекті болып қала береді. 2021 жылы осындай 8 жағдай анықталды.

ІІМ деректеріне сәйкес, азаматтардың жеке мәліметтерін пайдалану арқылы жасалатын интернет-қылмыстар жыл сайын саны артып келеді (2020 жылы – 14 мың, 2021 жылы – 21 мың). Бұл ретте деректердің таралып кетуі жеке сектор ұйымдарының да, мемлекеттік органдардың да ақпараттық жүйелері мен дерекқорларынан орын алуда.

Жиілеп кеткен алаяқтық жағдайлары жеке мәліметтерді қорғау, осындай қылмыстардың алдын-алу және ашу деңгейін арттыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды талап етеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг шеңберінде азаматтардың ХҚКО қызметкерлерінің біліксіздігі, зейінсіздігі және азаматтардың мәселелерін шешуге қызығушылығының болмауына қатысты көптеген шағымдары белгіленді (шағымдар мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін және қоғамдық мониторингпен қамтылған 22 қызметтің 13-і бойынша атап өтілді).

Азаматтарға ХҚКО-лардың ағымдағы жұмыс кестесі де қолайсыздық тудырады. ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді (бір кезекші ХҚКО кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді). ХҚКО-лардың аталған бірыңғай жұмыс кестесі 2021 жылғы қыркүйекте қабылданды – оған дейін ХҚКО-лар сенбі күндері де жұмыс істеген болатын.

Екінші. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдету және сапасын арттыру қажеттілігі.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейінің артуына қарамастан, оларды ұсынуда бірқатар проблемалық мәселелер қалып отыр.

Біріншіден, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында төрешілдік пен қағазбастылық көріністеріне жол бермеу қағидаты бұзылуда.

2021 жылы артық құжаттарды талап етудің 565 фактісі анықталды, оның 214-іне (38%) Павлодар облысының әкімдігі жол берген. Қызмет түрлері бойынша әкімдіктің ең көп бұзушылықтары «Жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға» (191) тиесілі.

Нақтырақ айтқанда, қызмет көрсету барысында стандартта көзделген кезекке қою туралы өтініштен басқа, жеке куәліктің көшірмелері де сұралған.

Анықтамалық: бұдан басқа, неғұрлым танымал және талап етілетін қызметтердің бірі, ҚР азаматтарына жеке куәлік/паспорт беру және ауыстыру қызметін көрсету стандартында (2021 жылы Мемлекеттік корпорация көрсеткен қызметтердің жалпы көлемінің 14,3%-ы; 2020 жылы – 13,4%-ы) қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың қатарында рәсімдеу сәтінде қызмет алушының жасына сәйкес белгіленген үлгідегі екі фотосурет көрсетілген.

Сонымен бірге, сұратылған фотосурет ХҚКО-да қабылданбайды, өйткені фотосуретті дайындау тікелей құжаттарды тапсыру орны бойынша жүзеге асырылады.

Екіншіден, мемлекеттік баж салығын төлеу кезінде эксаумақтылық қағидаты ескерілмейді.

ХҚКО қызметкерлері құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік бажды ХҚКО орналасқан жер бойынша қала ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына төлеуді талап еткен фактілер анықталды (мысалы, паспортты ауыстыру үшін мемлекеттік баж 8 АЕК – 24504 тг құрайды, жеке куәлік үшін 0,2 АЕК – 612,6 тг).

Яғни, егер құжаттарды тапсыру кезінде қызмет алушының қолында басқа ауданның төленген мемлекеттік бажы бар болса, онда қызметкерлер табандылықпен мемлекеттік қызметті осы мемлекеттік бажды төлеу орны бойынша ауданның ХҚКО-нан алуды немесе құжаттарды қабылдау фактісі бойынша оны қайтадан кассада төлеуді «ұсынады».

Сондай-ақ, мемлекеттік баж салығын аумақтылықты ескермей төлеуге байланысты мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға және қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді НҚА-ға қайшы келеді.

Жалпы, «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының өзі «Әділет» заң базасында орналастырылған, бірақ клиентке бағдарланбаған, өйткені ол 177 беттен тұратын НҚА-ның бір бөлігінен ғана тұрады.

Осылайша, мемлекеттік қызметті көрсету шеңберінде мемлекеттік бажды төлеу кезінде эксаумақтылық қағидатының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бажды қайтару бойынша мемлекеттік қызметті көрсету стандартын одан әрі ХҚКО-ларда жария орналастыра отырып, қайта бекіткен орынды.

Үшіншіден, ХҚКО-ға онлайн-брондау жүйесінде кемшіліктер бар.

Мәселен, ХҚКО-ға кезекті онлайн түрде «электрондық үкімет» веб-порталы және «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы брондауға болады. Алайда, мобильді қосымшаны пайдалану кезінде техникалық ақаулар жиі кездеседі және бұл қосымшаның интерфейсі пайдаланушылар үшін ыңғайлы емес.

Мысалы, келу мақсатын таңдағанда 3 нұсқа ұсынылады: «көтерме беру», «жеңілдік санаттары», «келудің басқа мақсаты». Бұдан әрі ұсынылған 3 нұсқаның ішінен бару мақсатын таңдау қажет: «ХҚКО қызметтері», «жеке куәлік/паспорт», «нәтиже». Осылайша, ұсынылған опциялар келу мақсатының тікелей мағынасын білдірмейді.

Анықтамалық: «жеңілдікті санаттар» бару опциясы, жеңілдіктері бар азаматтар санаты үшін қызмет көрсетуді білдіреді, бірақ бару мақсаты болып табылмайды. Сондай-ақ «жеке куәлік/паспорт» бару опциясы ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің бірі ғана болып табылады және толтырудың басқа санатына кіруі тиіс.

Бұл жағдайда, мүмкін, интерфейстің жетілмегендігіне байланысты, қажетті күнге мобильді қосымша бойынша кезекті брондау мүмкін емес дерлік.

Осылайша, мобильді қосымша сапалы жетілдіруді қажет етеді.

Үшінші. Цифрлық құжаттарды қағаз құжаттармен тең қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңында электрондық құжаттардың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларға теңдігі бекітілген.

2021 жылғы бағалау қорытындысы бойынша 18 құжаттың (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР-тест, туу туралы куәлік және т.б.) электрондық аналогтары бар екені анықталды.

Алайда, аталған нормаға қарамастан, құжаттардың цифрлық нұсқалары барлық мекемелерде, оның ішінде ХҚКО мен ЕДБ-де қабылданбайды. Осылайша, мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде әлі күнге дейін жеке куәліктің түпнұсқасы сұратылады, мұны ХҚКО қызметкерлері қызмет көрсету стандартының талаптарымен және өтінішке құжаттың көшірмесін қоса беру қажеттілігімен түсіндіреді.

Құжаттардың цифрлық нұсқалары да екінші деңгейдегі банктерде қабылданбайды – тегінің өзгеруіне байланысты банк карточкаларының деректемелері өзгерген кезде, осы банктердің қосымшасындағы электрондық нұсқасының болуына қарамастан, неке қию туралы куәліктің түпнұсқасын ұсыну қажет.

Бұдан басқа, баламалы платформаларда цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігін ұсыну мақсатында, а. ж. ақпан айында ЦДИАӨМ танымал банктік Kaspi.kz және Homebank қосымшаларында сервисті іске асыру туралы жарияланды. Осылайша, осы банктердің клиенттері банктік мобильді қосымшалар арқылы өз құжаттарына қол жеткізе алады.

Бұл ретте осы бастаманы нормативтік реттеу қамтамасыз етілмеген. Мәселен, цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, тексеру және пайдалану қағидаларына сәйкес (ЦДИАӨМ-нің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ Бұйрығы), eGov mobile қосымшасымен қалыптастырылатын электрондық құжаттар цифрлық құжаттар болып табылады.

Төртінші. «E-Otinish» ақпараттық жүйесінің жұмысын жетілдіру.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізе отырып, азаматтардың мемлекеттік органдарда қарау барысын қадағалауға мүмкіндік беретін, өтініштерді қарау кезінде төрешілдікті болдырмауға бағытталған «E-Otinish» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ақпараттық жүйе «ҰАТ» АҚ серверлік орталығында орналасқан, ал жүйені пайдалану бойынша мемлекеттік органдарды бірыңғай үйлестіруді және оны техникалық сүйемелдеуді ЦДИАӨМ жүзеге асырады.

Жүйені пайдалануды талдау оны одан әрі жетілдіру бойынша келесі ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

– өтініштерді тіркеуді тек «E-Otinish» жүйесінде жүзеге асыру, осы уақытқа дейін бірқатар мемлекеттік органдарда қолданылатын Бұлтты құжат айналымының ақпараттық жүйесінде қайталау қажеттілігін жою;

– «Тапсырма» модулін одан әрі «E-Otinish»-тен бөлек жүргізе отырып, ЭҚАБЖ-мен ықпалдастыру, құжаттарды келісуден өту кезеңдерін оңайлату бөлігінде пысықтау;

– жүйенің тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық жұмыстарды жүргізу ұзақтығын қысқарту;

– жоқ басшыны ауыстыру жөніндегі функцияны көздеу (басшы болмаған кезде (іссапар, еңбекке жарамсыздық, демалыс) өтінішті міндетті атқарушы қызметкердің жолдауына мүмкіндік беру);

– орындаушының келісуге/қол қоюға жіберілген жауаптың жобасын кері қайтарып алу (өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда), сондай-ақ орындалған құжаттарды есептен шығару мүмкіндігін көздеу;

– өтініш беру кезінде өтініш беруші бастапқыда дұрыс айқындамаған өтініш түрін түзету, сондай-ақ орындаушымен қате бөлінген өтініштерді қайтару мүмкіндігін көздеу;

– азаматтардың шағымдарын қарау мерзімдерін ұзарту функциясын алып тастау, бұл шара Кодексте қарастырылмаған (қараудың жалпы мерзімі – 20 жұмыс күні);

– мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелер арасындағы хат алмасу және тарату құрылымын реттеу (талап етілетін форматта сұрыптау мүмкіндігімен) және өтініштің қысқаша мазмұнын, автор туралы деректерді, тіркеу күнін және т. б. бір өрісте орналастыра отырып, бейне панелінің ақпараттылығын арттыру;

– мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ресми атауларына сәйкес ұғымдық аппаратты үндестіре отырып, құжаттарды іздеу жүйесін жақсарту.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың өтініштермен жұмысына сапалы талдау жүргізу мақсатында тиісті ақпараттың мазмұны бар есепті түсіру мүмкіндігін (мерзімдері, бөлімшелері, өтініштердің түрлері, келіп түскен күні және қайталануы бойынша сүзу) көздеу қажет.

Жүйені техникалық жетілдіру Мемлекет басшысының жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің барлық түрлерін қабылдау үшін «бір терезе» ретінде «Е-Otinish» жүйесін институттандыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында аса өзекті («Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығы).

 

ҰСЫНЫМДАР

Операциялық бағалау нәтижелерінің негізінде келесіні тапсыру қажет деп санаймыз:

  1. 1.Үкіметке мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2022 жылғы 1 қарашаға дейін:

– сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау мүмкіндігін төмендету (оның ішінде емтихан тапсырмай жүргізуші куәліктерін заңсыз беру, автомашиналарды заңсыз есепке қою, көші-қон заңнамасын бұзу, дербес деректерді жария ету және т. б.), халыққа қызмет көрсетуге үшінші тұлғалардың қатысуын болдырмау, халыққа қызмет көрсету бойынша талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, персоналдың құзыреттілігін арттыру және ХҚКО-лардың клиенттері үшін ыңғайлы жұмыс кестесін ұйымдастыру бөлігінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін одан әрі жақсарту бойынша шаралар қабылдау;

– азаматтардың дербес деректерін қорғауды, оның ішінде қылмыстық мақсаттарда пайдаланудан қорғауды күшейту жөнінде шаралар қабылдау;

– ҚР азаматтарының жеке куәлігін/паспортын ауыстыру/беру бойынша ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сапасын арттыру және жеңілдетуді қамтамасыз ету (оның ішінде бекітілген үлгідегі фотосуреттерді қабылдау, эксаумақтылық қағидатын ескере отырып, мемлекеттік бажды төлеу, мемлекеттік бажды қайтару бойынша қызмет көрсету стандартын қайта бекіту рәсімдері, кезекті брондау рәсімдері, ХҚКО-лардың жұмыс режимі);

– «eGov mobile» мобильді қосымшасын техникалық іркілістерді жою және интерфейстің ыңғайлылығын қамтамасыз ету бөлігінде жетілдіру, оның ішінде кезекті броньдау кезінде;

– қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, мекемелерде, ХҚКО-ларда қағаз құжаттармен тең дәрежеде цифрлық құжаттарды пайдалануды қамтамасыз ету;

– цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, тексеру және пайдалану Қағидаларында (ЦДИАӨМ 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ Бұйрығы) ЕДБ мобильді қосымшаларында цифрлық құжаттар сервисін пайдалану мүмкіндігін бекітуді қамтамасыз ету;

  1. 2. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін «E-Otinish» ақпараттық жүйесін техникалық жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау (техникалық іркілістер, өтініштерді тіркеудің қайталануы, өтініш түрін түзетудің болмауы және т. б.).
  2. 3.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2022 жылғы 1 қазанға дейін «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу санының көп болу себептеріне талдау жүргізу және қызмет көрсету талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау.
  3. 4. Павлодар облысының әкімдігіне 2022 жылғы 1 қазанға дейін «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттарды талап ету бөлігінде бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау.
  4. 5. Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарының және Шымкент қаласының әкімдіктеріне 2022 жылғы 15 қазанға дейін алдыңғы бағалау циклімен салыстырғанда нәтижелердің төмендеу себептеріне талдау жүргізу және тиімділікті арттыру бойынша шаралар қабылдау.

 

 

Президент Әкімшілігі

Басшысының бірінші орынбасары,

Комиссия төрағасының

орынбасары                                                                        Т. Сүлейменов

 

Президент Әкімшілігі

Стратегиялық жоспарлау

бөлімінің меңгерушісі,

Комиссия хатшысы                                                              А. Құлсейітов

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Дата публикации
20 июля 2022