2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісі жайлы анықтама-қорытынды

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісі жайлы анықтама-қорытынды

 

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 254,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 110,0% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі
29,7 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 98,8% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы
11,7% құрайды.

Өңдеу өнеркәсібі  саласында өнім көлемі 178,6 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 110,1% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 70,1%  құрады.

Өңдеу өнеркәсібі құрылымында мына салалар ең көп үлеске ие: химия өнеркәсібі (47,2%), металлургия өнеркәсібі (16,2%), тамақ өнімдері өндірісі (17,1%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (7,8%).

Мұнай өнімдерін өндіру (1,9%), машина жасау (1,7%), фармацевтика – (2,3%) дайын металл бұйымдарын өндіру (1,8%), жеңіл өнеркәсіп– (0,9%) салалары ең аз үлеске ие.

 

Химия өнеркәсібі.

2022 жылдың қаңтар-сәуірінде сала өндірісінің көлемі – 84,4 млрд. теңгені (2021 ж. – 53,3 млрд. теңге), НКИ – 105,9% құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі – 47,2%.

Бұл салада «Қазфосфат» ЖШС (ЖЖФЗ және минералды тыңайтқыштар), «Talas Investment Company» ЖШС филиалдары, шағын кәсіпорындар бар. «Қазфосфат» ЖШС компаниясының филиалдары сары фосфор және оның қосындыларын, фосфорлы және азотты минералды тыңайтқыштар өндіруге мамандандырылған; «Talas Investment Company» ЖШС - натрий цианиді мен аммоний сульфаты.

Сала кәсіпорындарының тұрақты жұмысының арқасында өсім қамтамасыз етілді.

2022 жылдың қаңтар-сәуірінде заттай мәнде өндірілген:

- сары фосфор 30,4 мың тонна (2021 ж. – 22,7 мың тонна)

– натрий триполифосфаты – 6,5 мың тонна (2021 ж. – 9,7 мың тонна)

– фосфорлы тыңайтқыштар – 64,6 мың тонна (2021 ж. – 66,2 мың тонна)

- азот тыңайтқыштары – 12,9 мың тонна (2021 ж. – 13,4 мың тонна)

- натрий цианиді – 3 042 тонна (2021 ж. – 5 680 тонна).

 

Металлургия өнеркәсібі

2022 жылғы қаңтар-сәуірде салада – 28,9 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 25,1 млрд. теңге), НКИ-99,0% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 16,2%.

Саланың негізгі кәсіпорындары - ферроқорытпалар өндірісі бойынша «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар (алтын және күміс) өндіретін «АК Алтыналмас» АҚ, алтын және күміс өндіретін «Golden Compass Capital» АҚ, болат құю бұйымдарын өндіретін «Запчасть» АҚ.

Саладағы өндірістің төмендеу себебі ферроқорытпа өндірісінің 14,7% - ға төмендеуімен («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-де 2021 ж 25 желтоқсанынан 2022 ж 25 ақпан аралығында екі пештің біреуі күрделі жөндеуге байнысты тоқтап тұрды) байланысты.

2022 жылғы қаңтар-сәуірде заттай мәнде өндірілгені:

– ферросиликомарганец – 10 872 тонна (2021 ж. – 12 740 тонна);

- алтын – 766,9 кг (2021 ж. – 714,6 кг.).

 

Азық-түлік өнімдерін өндіру

Салада 2022 жылдың қаңтар-сәуірде 30,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 22,2 млрд. теңге), НКИ – 102,6% құрады.

Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі -17,1%.

Саладағы негізгі кәсіпорындар – «Тараз қант зауыты» ЖШС, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС сүт, макарон және кондитерлік өнімдер өндіретін шағын кәсіпорындар.

2022 жылғы қаңтар-сәуірде заттай мәнде өндірілгені:

– қант – 55,7 мың тонна (2021 ж. – 44,9 мың тонна)

- ірімшік және сүзбе – 649 тонна (2021 ж. – 1 030 тонна)

 

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (Құрылыс индустриясы).

Салада 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде 13,9 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 11,9 млрд. теңге), НКИ – 117,9% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі -7,8%.

Саланың негізгі кәсіпорындары - портландцемент өндіру бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, құрылыс гипсін және оның құрылғыларын өндіретін «Жамбылгипс» АҚ, темірбетон бұйымдарын, бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалы құрылымдарын өндіретін «Гимарат Темірбетон» ЖШС, «Жамбылхимстрой» ЖШС ж.т.б.

Саланың өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыс берушілердің сұранысына, құрылыс монтаж жұмыстарының маусымдық сипатына байланысты.

2022 жылғы қаңтар-сәуірде заттай мәнде өндірілгені:

- портландцемент – 415,9 мың тонна (2021 ж. – 424,1 мың тонна)

- құрылыс гипсі – 78,3 мың тонна (2021 ж. – 30,5 мың тонна)

- тауарлы бетон – 99 826 тонна – (2021 ж. – 81 258 тонна)

 

 

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

Салада 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде 3,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 8,2 млрд. теңге), НКИ – 114,9% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі -1,9%.

Сала мұнай отынын, авиациялық бензин, мазут шығаратын «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Жамбыл және Талас филиалдарымен ұсынылған.

 

Машина жасау

Салада 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде 4,2 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2021 ж. – 3,8 млрд. теңге), НКИ – 131,3% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 1,7%.

Саладағы өнім көлемі «ЖамбылРемСервис» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарында (Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы) жөндеу жұмыстарына көрсетілетін қызметтер есебінен қамтамасыз етілді.

 

Дайын металл бұйымдарын өндіру

Салада 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде 3,2 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 1,5 млрд. теңге), НКИ – 128,1% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 1,8%.

Салада екі кәсіпорын жұмыс істейді: «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС және «Металлоконструкция және резервуарлар зауыты» ЖШС.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде заттай мәнде өндірілгені:

- металл құрылғылары – 2 832 тонна (2021 ж. – 2 551 тонна).

 

Жеңіл өнеркәсіп

Салада 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде 1,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. –1,4 млрд. теңге), НКИ – 122,5% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 0,9%.

Өңірде былғары-аяқ киім өндірісі, тоқыма бұйымдары, киім өндірісі дамыған. Саланың негізгі кәсіпорны – «ТаразКожОбувь» ЖШС, оның қызметі тері бұйымдарын өндіруге және былғары аяқ киімнің кең ассортиментін тігуге негізделген. Салада өнім көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыстарға, сұранысқа байланысты.

2022 жылғы қаңтар-сәуірде заттай мәнде өндірілгені:

  • аяқ-киім – 59,8 мың жұп (2021 ж. – 45,1 мың жұп).

 

          Аумақтық кесімде, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 ауданда артқан: Байзақ (103,1%), Жамбыл (105,3%), Қордай (102,1%), Т. Рысқұлов (105,6%), Меркі (100%) және Мойынқұм (103,2%).

          Жуалы (80,3%), Сарысу (99,1%), Талас (75,4%) және Шу (99,8%) ауданының кәсіпорындары 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларының деңгейіне жетпеді.

          Тараз қаласының кәсіпорындарымен 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде 159,0 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ – 110,2% құрап отыр. Облыс орталығының жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 62,4%.

 

 

 

 

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісі жайлы анықтама-қорытынды
Дата публикации
04 апреля 2022