Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өнеркәсіп

2024 жылдың 12 айының қорытындысымен Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 913,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,9% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі
119,2 млрд. теңгені құрады, НКИ өткен жылмен салыстырғанда 101,3%. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 13,1% құрайды.

Өңдеу өнеркәсібі  саласында өнім көлемі 598,1 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,4% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 65,5%  құрады.

Өнеркәсіп құрылымында мына салалар ең көп үлеске ие: химия өнеркәсібі (45,4%), тамақ өнімдері өндірісі (16,9%), металлургия өнеркәсібі (14,1%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (9,6%). Мұнай өнімдерін өндіру (4,4%), машина жасау (3,5%), дайын металл бұйымдарын өндіру (1,2%), жеңіл өнеркәсіп (1,3%) салалары ең аз үлеске ие.

Химия өнеркәсібі

2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда сала өндірісінің көлемі – 271,7 млрд. теңгені (2023 ж. – 279,6 млрд. тг.), НКИ – 98,3% құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі – 45,4%.

Бұл салада «Казфосфат» ЖШС (ЖЖФЗ және минералды тыңайтқыштар), «Talas Investment Company» ЖШС филиалдары, шағын кәсіпорындар бар. «Казфосфат» ЖШС компаниясының филиалдары сары фосфор және оның қосындыларын, фосфорлы және азотты минералды тыңайтқыштарды, «Talas Investment Company» ЖШС - натрий цианиді мен аммоний сульфатын өндіруге мамандандырылған.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда заттай мәнде өндірілген:

  • сары фосфор 88,8 мың тонна (2023 ж. – 81,4 мың тонна)
  • ортофосфор қышқылы – 19 мың тонна (2023 ж. –26,9 мың тонна)
  • минералды тыңайтқыштар – 483,8 мың тонна (2023 ж. - 657,1 мың тонна)
  • натрий цианиді – 14,1 мың тонна (2023 ж. - 14,1 мың тонна)

Металлургия өнеркәсібі

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда салада 84,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2023 ж. – 51,1 млрд. тг.), НКИ – 96,9% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 14,1%.

Саланың негізгі кәсіпорындары - ферроқорытпалар өндірісі бойынша «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар (алтын және күміс) өндіретін «АК Алтыналмас» АҚ, алтын және күміс өндіретін «Golden Compass Capital» АҚ, болат құю бұйымдарын өндіретін «Запчасть» АҚ. 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда заттай мәнде өндірілгені: алтын – 2 398 кг (2023 ж. – 2 328,8 кг.).

Азық-түлік өнімдерін өндіру

Салада 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда 101,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2023 ж. – 120,9 млрд. теңге), НКИ – 98,8% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі -16,9%. Саладағы негізгі кәсіпорындар – «Тараз қант зауыты» ЖШС, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС сүт, макарон және кондитерлік өнімдер өндіретін шағын кәсіпорындар. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда заттай мәнде өндірілгені:

  • қант – 106,5 мың тонна (2023 ж. – 155,8 мың тонна)
  • ірімшік және сүзбе – 4 330 тонна (2023 ж. – 3 612  тонна)

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (құрылыс индустриясы)

Салада 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда 57,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2023 ж. – 57,4 млрд.тг.), НКИ 102,8% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 9,6%. Саланың негізгі кәсіпорындары - портландцемент өндіру бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, құрылыс гипсін және оның құрылғыларын өндіретін «Жамбылгипс» АҚ, темірбетон бұйымдарын, бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалы құрылымдарын өндіретін «Гимарат Темірбетон» ЖШС, «Жамбылхимстрой» ЖШС, т.б. Саланың өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыс берушілердің сұранысына, құрылыс монтаж жұмыстарының маусымдық сипатына байланысты.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда заттай мәнде өндірілгені:

  • портландцемент – 1505,1 мың тонна (2023 ж. – 1515,2 мың тонна)
  • құрылыс гипсі – 202,1 мың тонна (2023 ж. – 138 мың тонна)
  • тауарлы бетон – 391,7 мың тонна (2023 ж. – 360,1 мың тонна)

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

Салада 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда 26,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2023 ж. – 18,4 млрд. тг.), НКИ – 83,3% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 4,4%. Сала мұнай отынын, авиациялық бензин, мазут шығаратын «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Жамбыл және Талас филиалдарымен ұсынылған. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда заттай мәнде өндірілгені: мұнай өнімдері – 127,3 мың тн. (2023 ж. – 171,4 мың тн.).

Машина жасау

Салада 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда 21 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2023 ж. – 22,5 млрд.тг.), НКИ – 91% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 3,5%. Саладағы өнім көлемі «ЖамбылРемСервис» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарында (Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы) жөндеу жұмыстарына көрсетілетін қызметтер есебінен қамтамасыз етілді.

Жеңіл өнеркәсіп

Салада 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда 8,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2023 ж. – 10 млрд.тг.), НКИ – 81,3% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 1,3%. Өңірде былғары-аяқ киім өндірісі, тоқыма бұйымдары, киім өндірісі дамыған. Саланың негізгі кәсіпорны – «ТаразКожОбувь» ЖШС, оның қызметі тері бұйымдарын өндіруге және былғары аяқ киімнің кең ассортиментін тігуге негізделген. Салада өнім көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыстарға, сұранысқа байланысты. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда заттай мәнде өндірілгені: аяқ-киім – 151,1 мың жұп (2023 ж. – 261,8 мың жұп).

Дайын металл бұйымдарын өндіру

Салада 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда 7,2 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2023 ж. – 6,0 млрд. тг.), НКИ – 123,9% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 1,2%. Салада екі кәсіпорын жұмыс істейді: «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС және «Металлоконструкция және резервуарлар зауыты» ЖШС. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда заттай мәнде өндірілгені: металл құрылғылары – 6 362 тонна (2023 ж. – 5 473 тонна).

Документы
Ақпарат
14 февраля 2025
Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің тізімдемесі
Новости
Полезные материалы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР РЕЕСТРІ ТУРАЛЫ
Медиагалерея
1
Баға бақылауда
1
Отандық өнімге қолдау қажет
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы