
2025 жылдың 1-ші қантарына жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 103 880 бірлікті құрады. ШОБ-та жұмыспен қамтылған адамдар саны 2024 жылдың 2-ші тоқсанына 164 607 адамнан асты. ШОБ субьектілерінің дамуының арқасында 2024 жылдың 2-ші тоқсанына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 595,9 млрд. теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,9% өскен. 2024 жылдың 2-ші тоқсанына шағын және орта бизнес үлесі 23,5% ал жалпы қосылған құн көлемі 329 407,7 млн. теңге құрады.
2024 жылы облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 213,1 млрд. теңгені құрайтын барлығы 48 165 кәсіпкерге несие берілді. Бұл қаражаттың 76,0%, яғни 162,0 млрд. теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 4,7%, яғни 10,1 млрд. теңгесі «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 19,3%, яғни 41,0 млрд. теңгесі микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендірілді. Берілген несиелердің 53,8 млрд. теңгені құрайтын 2 360 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды.
2024 жылы облысы бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 14,6 млрд. теңге қарастырылып, 42,5 млрд. теңгені құрайтын 1 710 жоба қаржыландырылды.
2024 жылы Республикалық бюджет есебінен 1 жобаға («Qazaq Soda» ЖШС су тарту құрылысына – 830,0 млн.тенге) 830,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жергілікті бюджет есебінен 12 жобаға («KazGazBlock» ЖШС электрмен қамтамасыз ету – 22,7 млн. тенге; «Жігер» ШҚ электрмен қамтамасыз ету – 35,7 млн. тенге; «Дулат» ШҚ электрмен қамтамасыз ету – 32,8 млн. тенге; «Медео» ЖШС электрмен қамтамасыз ету – 45,1 млн. тенге; «Шакпакдорсервис» ЖШС газбен қамтамасыз ету – 33,8 млн. тенге; «Санаторий Мерке» АҚ су желісі – 50,5 млн. тенге, резервуар салу – 12,8 млн. тенге; «Сарым» ШҚ электрмен қамтамасыз ету – 50,1 млн. тенге; «Ақан-Сері» ШҚ газбен қамтамасыз ету – 29,5 млн. тенге; «Атабеков С.Т.» ЖК электрмен қамтамасыз ету – 44,3 млн. теңге; «Зерхат» ШҚ электрмен қамтамасыз ету – 47,7 млн. теңге; «Нұр-Сұлтан» ШҚ электрмен қамтамасыз ету – 47,1 млн. теңге; «Каусар» ШҚ электрмен қамтамасыз ету – 27,7 млн. теңге) 475,3 млн. теңге қаражат бөлінді.
«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша 2024 жылы 21,0 млн. теңге 6 жоба қаржыландырылды, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енген 2 кәсіпкер және 4 кәсіпкер «Бір ауыл бір өнім» жобасының финалистері (2023 жылы 20,0 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылды).
Жамбыл облысы әкімдігінің тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның арқылы «Jambyl Business» өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаға барлығы 2,0 млрд. теңге қаражат (әкімдік тарапынан - 1,0 млрд. теңге, «Даму» қоры тарапынан - 1,0 млрд. теңге) бөлінді.
Бағдарлама 3 бағыттан тұрады:
1 бағыт - Балық шаруашылығын дамытуға,
2 бағыт - Моно және шағын қалаларды дамытуға,
3 бағыт - Шағын және орта кәсіпкерлерліктегі өндірісті дамытуға.
Бағдарлама шарттары:
Несиенің ең жоғары сомасы: 1 және 3 бағытқа - 200 млн. теңгеге дейін, 2 бағытқа - 50 млн. теңгеге дейін.
Несиелеу мерзімі: 7 жылдан аспайды.
Жеңілдік кезеңі: 2 жылға дейін.
Пайыздық мөлшерлеме: жылдық 7% - дан аспайды (комиссиялар мен алымдарсыз).
Екінші деңгейлі банктерге қаражат бөлінісі:
«Қазақстан Халық Банкі» - 600,0 млн. теңг;
«ForteBank» - 400,0 млн. теңге;
«Банк ЦентрКредит» - 1,0 млрд. теңге.
Екінші денгейлі банктерде қарастырылып жатқан жобалар:
«ForteBank» - 5 жоба несие сомасы 228,0 млн. теңге (қаржыландырылған 5 жоба 228,0 млн. тенгеге);
«Қазақстан Халық Банкі» - 8 жоба несие сомасы 508,0 млн. теңге (қаржыландырылған 7 жоба 468,0 млн. тенгеге, қарастырылуда: 1 жоба 40,0 млн. теңгеге);
«БЦК» - 16 жоба, несие сомасы 852,4 млн. теңге (қаржыландырылған 10 жоба 433,2 млн. тенгеге, мақұлданған 4 жоба 269,2 млн. теңгеге, қарастырылуда 2 жоба 150,0 млн. теңгеге);
Жалпы бүгінгі күнге несие сомасы 1 588,4 млн. теңгеге 29 жоба пулы жасақталып, 190,0 млн. теңге құрайтын 3 жоба қарастырылуда, 269,2 млн. теңгені құрайтын 4 жоба мақұлданды, 1 129,2 млн. теңгеге 22 жоба қаржыландырылды.