Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі модельдері мен басымдықтары, әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша ақпараттық түсіндіру-ағарту жұмыстарын жүргізу аясында Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының мәжіліс залында кеңес өткізілді.
Кеңесте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіның басшысы Болат Исаханұлы Копдикбаев, Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі – Елдос Сайлауұлы Бекпатшаев, мемлекеттік қызметтің ардагері, облыста белгілі саяси қайраткер Рахматілдә Сегізбайұлы Рахманбердиев баяндама жасап, мемлекеттік қызмет аясындағы қолданыстағы заңнама талаптары, оларға енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер, Әдеп нормалары бойынша түсініктемелер берді.
Кеңеске облыс әкімдігінің қаржы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, цифрландыру және архивтер басқармасының мемлекеттік қызметшілері қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, пікірлерімен алмасты.
Атқарушылық іс жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында, Әділет министрлігі AdiletGov мобилдік қосымшасын іске қосты.
Енді сот орындаушыларына жүгіну әлдеқайда оңай — бәрін онлайн жасауға болады:
✅ атқарушылық іс жүргізудің барысын білу;
✅ сот орындаушысының қабылдаған шараларын көру;
✅ өтініш, арыз немесе шағым беру;
✅ олардың қаралу мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылау.
Егер жеке сот орындаушысы уақытында жауап бермесе, жүйе өтінішті автоматты түрде өңірлік палатаға және тиісті әділет органына жібереді ⚖️
🔷 Мақсат — атқарушылық іс жүргізуді ашық және баршаға қолжетімді
ету.
📱 AdiletGov қосымшасын Google Play мен App Store-дан жүктеп алып, мәселелеріңізді тез әрі ыңғайлы шешіңіз!
Бүгін, ағымдағы жылдың 18 маусымында өткізілген Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының жиырма үшінші сессиясында облыстық бюджеттің 2024 жылғы атқарылуы, облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары мен облыстың даму жоспарының орындалуы туралы мәселелері қаралды. Сессия қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің 2024 жылғы атқарылуы туралы есебі депуттаттардың бірауыздан қолдауын тауып, бекітілді.
2024 жылы облыстық бюджеттің кірістері 619,7 млрд.теңге сомасында немесе 100,2%-ке қамтамасыз етілді, бюджетке 992,7 млн.теңге артық түсті (2023ж. – 102,3%).
Меншікті кірістер жоспары 85,7 млрд. теңгеге немесе 101,3%-ға орындалды, бюджетке 1,1 млрд.теңге жоспардан артық түскен. Өткен жылмен салыстырғанда 20,9%-ға немесе 14,8 млрд. теңгеге артқан.
Облыстық бюджет шығындары жоспарда 634,5 млрд. теңге болса, іс жүзінде 632,4 млрд. теңгеге немесе 99,7%-ға орындалған.
2024 жылға арналған облыстық бюджет шығындарының білім беруге – 54,3%-ы (343,5 млрд.тг), денсаулық сақтауға -2,6%-ы (16,5 млрд.тг), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 4,7%-ы (29,6 млрд.тг), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 7,4%-ы (46,9 млрд.тг), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 2,3%-ы (14,3 млрд.тг) бағытталған.
Есепті жылда облыстық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары 606,9 млрд. теңгені, даму бюджеттік бағдарламалары 107,5 млрд.теңгені құраған.
Бюджеттің орындалуы, қаражаттардың игерілуі мәселесі облыс басшылығының, қаржы басқармасының әрдайым тұрақты бақылауынан түскен емес. Ағымдағы жылы да жұмыстар жалғасын тауып, бюджетті сапалы әрі тиімді орындау мәселесіне аса зор мән берілетін болады.
Бүгін, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Азаматтық қорғаныс-халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен Жамбыл облысында ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимаратында сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығымен бекітілген Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандаға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидалары талаптарының сақталуына басты назар аударылды.
Сейсмикалық жаттығуға аталған ғимаратта орналасқан барлық мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері түгелдей қатысып, жаттығудың өз деңгейінде өтуіне атсалысты.
2025 жылдың 17 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасында Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Е.Бекпатшаевтің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының және Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметкерлермен арнайы кездесу өткізілді.
2025 жылғы 31 қаңтарда облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.С.Календеровтың төрағалығымен өткен кеңесте облыстық қаржы басқармасының 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі тыңдалды. Мәжілісте облыстық қаржы басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстары және 2025 жылы алға қойған міндеттері талқыланды.
Жыл қорытындысы бойынша облыс бюджетінің кірістері жыл қорытындысымен 701,4 млрд. теңгеге немесе 100,2%-ға орындалды. Меншікті кірістер жоспары 179,6 млрд. теңгеге немесе 100,7%-ға орындалып, 1,3 млрд. теңге жоспардан артық түсті.
Бюджеттік қаражаттар 777,6 млрд. теңгеге 97,4%-ке игерілді.
Бюджеттің атқарылуы мәселелерімен қатар, кеңесте коммуналдық меншікті басқару, оның ішінде Жекешелендіру жоспарының іске асырылуы, ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы және тағы басқа мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын қамтуды кеңейту жөніндегі Жол картасының аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында облыста 10 596 адам қаржылық сауаттылық курстарын аяқтап, сертификат алды, тренинг барысында қатысушыларға 4009 көмек көрсетілді.
Кеңесті қорытындылай келе, облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров 2025 жылға арналған міндеттерді белгілеп, аудан әкімдіктері мен басқармаларға оларды іске асыру үшін нақты тапсырмалар берді.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2024 жылдың 17 мамырында өтетінін хабарлайды