Облыс бюджетінің 2020 жылдың қаңтар-мамыр
айларындағы орындалуы туралы
2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында облыс бюджетінің кірістері 140 млрд. 949,3 млн.теңгеге немесе 102,7%-ға орындалды.
Меншікті кірістер жоспары 29 млрд. 899,9 млн.теңгеге (жоспар 26 млрд.160,3 млн.теңге) немесе 114,3%-ға орындалып, бюджетке 3 млрд. 739,6 млн.теңге жоспардан артығымен түсті.
Бюджеттік қаражаттар 157 млрд. 439,5 млн.теңгеге немесе 99,4%-ға игерілген, игерілмегені – 978,7 млн.теңге (2019 жылдың 1 маусымына 98,6%, игерілмегені – 1 млрд. 592,2 млн.теңге).
Жергілікті бюджеттер шығыстарының орындалуы бойынша келесі көрсеткіштер қалыптасқан, оның ішінде:
Жамбыл ауданы – 100,0% (-2,0 млн.теңге), Жуалы ауданы – 97,8% (-144,0 млн.теңге), Қордай ауданы – 100,0% (-6,8 млн.теңге), Т.Рысқұлов ауданы – 98,8% (-74,2 млн.теңге), Меркі ауданы – 99,5% (-37,6 млн.теңге), Мойынқұм ауданы – 99,4% (-23,8 млн.теңге), Сарысу ауданы – 99,3% (-44,5 млн.теңге), Байзақ ауданы – 99,9% (-7,8 млн.теңге),Талас ауданы – 99,8% (-14,5 млн.теңге), Шу ауданы – 96,5% (-312,8 млн.теңге),Тараз қаласы – 99,7% (-111,0 млн.теңге).
Облыстық бюджет шығыстары бойынша жоспар 144 млрд. 847,2 млн.теңгеге немесе 99,9%-ға игерілген, 199,9 млн.теңге игерілмеген (2019 жылдың 1 маусымына – 99,5%, игерілмегені – 580,8 млн.теңге).
Мына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қомақты сомалар игерілмеуде, оның ішінде:
Денсаулық сақтау басқармасы бойынша –98,6 млн.теңге (97,9%), құрылыс басқармасы бойынша –29,9 млн.теңге (99,8%), облыс әкімі аппараты бойынша –13,1 млн.теңге (98,0%).
Жамбыл облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы