Облыс бюджетінің 2020 жылдың қаңтар-сәуір
айларындағы орындалуы туралы
2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыс бюджетінің кірістері 97 млрд. 753,9 млн.теңгеге немесе 102,6%-ға орындалды.
Меншікті кірістер жоспары 21 млрд. 828,3 млн.теңгеге (жоспар 19 млрд.325,9 млн.теңге) немесе 112,9%-ға орындалып, бюджетке 2 млрд. 502,4 млн.теңге жоспардан артығымен түсті.
Бюджеттік қаражаттар 106 млрд. 643,3 млн.теңгеге немесе 98,9%-ға игерілген, игерілмегені –1 млрд. 231,4 млн.теңге (2019 жылдың 1 мамырына 98,6%, игерілмегені – 1 млрд. 185,5 млн.теңге).
Жергілікті бюджеттер шығыстарының орындалуы бойынша келесі көрсеткіштер қалыптасқан, оның ішінде:
Жамбыл ауданы – 98,5% (-79,6 млн.теңге), Жуалы ауданы – 99,0% (-39,6 млн.теңге), Қордай ауданы – 99,2% (-60,2 млн.теңге), Т.Рысқұлов ауданы – 99,7% (-13,0 млн.теңге), Меркі ауданы – 99,0% (-52,0 млн.теңге), Мойынқұм ауданы – 99,4% (-15,4 млн.теңге), Сарысу ауданы – 99,4% (-25,4 млн.теңге), Байзақ ауданы – 100,0% (-2,5 млн.теңге),Талас ауданы – 99,7% (-11,8 млн.теңге), Шу ауданы – 98,2% (-114,2 млн.теңге),Тараз қаласы – 99,7% (-72,8 млн.теңге).
Облыстық бюджет шығыстары бойынша жоспар 98 млрд. 083,1 млн.теңгеге немесе 99,2%-ға игерілген, 744,9 млн.теңге игерілмеген (2019 жылдың 1 мамырына – 99,6%, игерілмегені – 345,3 млн.теңге).
Мына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қомақты сомалар игерілмеуде, оның ішінде:
Денсаулық сақтау басқармасы бойынша –528,6 млн.теңге (85,5%), ішкі істер органы бойынша – 20,0 млн.теңге (99,2%), жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша –58,4 млн.теңге (98,3%), құрылыс басқармасы бойынша –82,7 млн.теңге (98,9%).
Жамбыл облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы