Облыс бюджетінің 2019 жылдың қаңтар
айындағы орындалуы туралы
2019 жылдың қаңтар айында облыс бюджетінің кірістері 17 млрд. 789,9 млн.теңгеге немесе 110,5%-ға орындалды.
Меншікті кірістер жоспары 4 млрд. 335,6 млн.теңгеге (жоспар 2 млрд. 617,7 млн.теңге) немесе 165,6%-ға орындалып, бюджетке 1 млрд. 717,9 млн.теңге жоспардан артығымен түсті.
Бюджеттік қаражаттар 15 млрд. 097,9 млн.теңгеге немесе 93,2%-ға игерілген, игерілмегені – 1 млрд.100,3 млн.теңге (2019 жылдың 1 ақпанына – 95,0%, игерілмегені – 593,8 млн.теңге).
Жергілікті бюджеттер шығыстарының орындалуы бойынша келесі көрсеткіштер қалыптасқан, оның ішінде:
Жамбыл ауданы – 98,1% (-17,6 млн.теңге), Жуалы ауданы – 88,3% (-96,6 млн.теңге), Қордай ауданы – 93,1% (-92,3 млн.теңге), Т.Рысқұлов ауданы – 94,5% (-39,5 млн.теңге), Меркі ауданы – 97,0% (-28,5 млн.теңге), Мойынқұм ауданы – 74,1% (-83,0 млн.теңге), Сарысу ауданы – 69,5% (-298,5 млн.теңге), Байзақ ауданы – 96,1% (-41,2 млн.теңге),Талас ауданы – 98,6% (-5,9 млн.теңге), Шу ауданы – 93,2% (-66,1 млн.теңге),Тараз қаласы – 91,3% (-244,6 млн.теңге).
Облыстық бюджет шығыстары бойынша жоспар 14 млрд. 309,6 млн.теңгеге немесе 99,0%-ға игерілген, 143,3 млн.теңге игерілмеген (2019 жылдың 1 ақпанына – 99,0%, игерілмегені – 101,7 млн.теңге).
Мына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қомақты сомалар игерілмеуде, оның ішінде:
білім басқармасы бойынша –46,0 млн.теңге (98,4%), дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша – 24,8 млн.теңге (93,3%), ішкі істер органы бойынша –15,6 млн.теңге (96,1%).
Жамбыл облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы