2020 ЖЫЛҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ

2020 жылғы облыстық бюджеттің

атқарылуы туралы

 

2020 жылы облыстық бюджеттің кірістері 377 млрд. 505,2 млн.теңге сомасында немесе 100,5%-ке  қамтамасыз етілді, бюджетке 1 млрд. 988,9 млн.теңге артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда, кірістер 29,1%-ке немесе 85 млрд. 068,0 млн.теңгеге артқан.

Жалпы кірістердің 8,8%-ін меншікті кірістер, 0,4%-ін аудандар мен Тараз қаласынан түскен трансферттерден, 23,5%-ін республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер, 15,7%-ін нысаналы даму трансферттері мен 51,6%-ін республикалық бюджеттен алынған субвенциялар құрады.

Облыстық бюджеттің меншікті кірістерінің жоспары 33 млрд. 304,1 млн.теңгеге немесе 106,4%-ке орындалып, 2019 жылмен салыстырғанда           6 млрд. 290,5 млн.теңгеге немесе 23,3%-ке,  2018 жылмен салыстырғанда           8 млрд. 571,9 млн.теңгеге немесе 34,7%-ке,артқан.

Жоспардағы салықтық түсімдер 30 млрд. 975,0 млн.теңге сомасында немесе 105,9%-ке, салықтық емес түсімдер 2 млрд. 263,7 млн.теңгеге немесе 112,2%-ке, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 65,5 млн.теңгеге немесе 119,0%-ке қамтамасыз етілді.

Есепті жылда облыстық бюджетке 344 млрд. 201,0 млн.теңге сомасында, оның ішінде аудандар мен Тараз қаласынан – 1 млрд. 488,6 млн.теңге, республикалық бюджеттен 342 млрд. 712,4 млн.теңге сомасында трансферттер түсті, оның ішінде 194 млрд. 694,1 млн.теңге сомасында субвенция, 88 млрд. 723,1 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттері және 59 млрд. 295,3 млн.теңге сомасында нысаналы даму трансферттері алынды.

Бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жасалған кредиттік келісімдерге сәйкес 8 млрд. 308,9 млн.теңге толығымен бюджетке қайтарылды. 

Есепті жылда қарыздардың түсімі 63 млрд. 393,7 млн.теңгені құрады, оның ішінде: республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен – 11 млрд. 064,0 млн.теңге, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудан түсетін түсімдер есебінен – 12 млрд. 001,0 млн.тенге және Жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыру үшін 40 млрд. 328,7 млн.теңге сомасында түсімдер түсті.

Республикалық бюджеттен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге – 3 млрд. 378,0 млн.теңге, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін – 4 млрд. 939,7 млн.теңге, облыс орталықтары мен моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін – 416,1 млн.теңге кредиттер алынды. «Алаңнан сөреге дейін» бағдарламасы шеңберіндегі іс – шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен – 1,0 млрд.теңге.

Облыстық бюджет шығындары жоспарда 389 млрд. 231,8 млн.теңге болса, іс жүзінде 389 млрд. 120,5 млрд.теңгеге немесе 100,0%-ке орындалды.

Жалпы, 30 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ішінде 26-сі бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша 100%-тік көрсеткішке қол жеткізіп отыр, оның ішінде: облыс мәслихатының аппараты, облыс әкімінің аппараты, жер қатынастары, ішкі істер органы,  ауыл шаруашылық, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, білім, ішкі саясат, тілдерді дамыту, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, еңбек инспекциясы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тексеру комиссиясы, туризм, дене шынықтыру және спорт, техногендік сипаттағы төтенше жағдайдар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы, мемлекеттік сатып алу, ветеринария, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармалары.

         Бюджет қаражаттарының игерілуі облыс әкімдігінің жастар саясаты басқармасы бойынша 88,7%-ті, дін істері басқармасы бойынша – 94,3%-ті, денсаулық сақтау басқармасы бойынша – 99,5%-ті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша – 99,9%-ті құраған.

2020 жылға арналған облыстық бюджет шығындарының 17,1%-і немесе 66 млрд. 500,4 млн.теңгесі білім беруге, 4,4%-і немесе 17 млрд. 229,3 млн.теңгесі денсаулық сақтауға, 5,3%-і немесе 20 млрд. 671,5 млн.теңгесі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға, 12,2%-і немесе 47 млрд. 477,8 млн.теңгесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, 2,5%-і немесе 9 млрд. 807,8 млн.теңгесі мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестікке бағытталған.

Есепті жылда облыстық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары 351 млрд. 472,9 млн.теңгені, даму бюджеттік бағдарламалары 98 млрд. 126,3 млн.теңгені құрады.

 

Функционалдық бағыттар бойынша:

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша жоспарда 2 млрд. 453,1 млн.теңге болса, игерілгені 2 млрд. 445,4 млн.теңгені немесе 99,7%-ті құрады (игерілмегені – 7,7 млн.теңге).

«Қорғаныс» бойынша жоспардағы 498,7 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» бойынша жоспардағы 10 млрд. 313,9 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Білім беру» бойынша жоспардағы бойынша жоспардағы 66 млрд. 500,6 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Денсаулық сақтау» бойынша жоспарда 17 млрд. 300,1 млн.теңге болса, игерілгені 17 млрд. 229,3 млн.теңгені немесе 99,6%-ті құрады (игерілмегені – 70,9 млн.теңге).

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» бойынша жоспарда 20 млрд. 672,3 млн.теңге болса, орындалуы 100,0%-ті құрады.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бойынша жоспардағы 47 млрд. 477,8 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша жоспардағы 9 млрд. 833,5 млн.теңге болса,  орындалғаны 9 млрд. 807,8  млн.теңгені немесе 99,7%-ті құрады (игерілмегені – 25,7 млн.теңге).

«Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» бойынша жоспардағы 13 млрд. 922,7 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» бойынша жоспардағы 32 млрд. 826,8 млн.теңге 100,0%-ке игерілді (игерілмегені – 5,3 млн.теңге).

         «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» бойынша жоспардағы 10 млрд. 677,0 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Көлік және коммуникация» бойынша жоспардағы 15 млрд. 869,4 млн.теңге 100,0%-ке игерілген.

«Басқалар» функционалдық тобы бойынша жоспардағы 3 млрд. 651,3 млн.теңгенің орындалуы 100,0%-ті құрады.

«Борышқа қызмет көрсету»  функционалдық тобы бойынша жоспардағы 178,5 млн.теңге 99,9%-ке игерілген. Жергілікті атқарушы органның алынған қарыздары бойынша есептелген сыйақылар уақтылы және толық көлемде төленді.

            «Трансферттер» бойынша жоспардағы 137 млрд. 056,0  млн.теңге 100%-ке игерілді.

         Есепті жылда аудандар мен Тараз қаласы бюджеттеріне республикалық бюджет есебінен 127 млрд. 676,3 млн.теңге сомасында субвенциялар, заңнаманың өзгеруіне байланысты шығындарды өтеуге республикалық бюджетке 8 млрд. 926,9 млн.теңге сомасында трансферттер аударылды, Арыс қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларға 255,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.

        «Бюджеттік кредиттер» бойынша жоспардағы 51 млрд. 938,2 млн.теңге 100%-ке орындалды.

«Қаржылық активтерді сатып алу» бойынша жоспардағы 616,2 млн.теңге «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға – 500,0 млн.теңге жұмсалды (Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын және өзге де жабдықтарды сатып алу арқылы Жамбыл облысының ауыл және дара кәсіпкерлігін дамыту үшін), «Жамбыл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының жарғылық капиталын ұлғайту» жобасына – 116,2 млн.теңге («Шалғай Қарасу алқабының Моолдарбеков көшесі, Молдарбеков 2-ші бұрылысы, Центральная көшесі, Центральная 1-ші бұрылысы сужүйелерінің құрылысы») жұмсалды.

«Қарыздарды өтеу» бойынша жоспардың орындалуы 7 млрд. 924,4 млн.теңгені немесе 100,0% құрады, кредиттік шарттарға сәйкес жергілікті атқарушы органның 2 млрд. 494,3 млн.теңге сомасындағы республикалық бюджет алдындағы және 5 млрд. 430,1 млн.теңге сомасындағы шығарылған бағалы қағаздар бойынша борыштары толығымен өтелді.

 

Есепті жылда қаражаттардың әр түрлі себептерге байланысты  111,3 млн.теңгесі игерілмей қалған, оның ішінде:

денсаулық сақтау басқармасы бойынша 70,9 млн.теңге игерілмеген, оның ішінде:

медициналық қолғаптардың уақытылы жеткізілмеуінен – 59,9 млн.теңге (жеткізуші «Азикомед» ЖШС-гін жосықсыз деп тану бойынша сотқа талап-арыз жолданған).

кейбір лоттары бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша қорытындылары шықпауынан және шағымдану сатысында болуына байланысты – 10,5 млн.теңге (салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қаражатты қысқартуға ҚР ДСМ-ге хат жіберілген, қолдау көрсетілмеген).

жастар саясаты басқармасы бойынша – 25,5 млн. теңге, «Smart-voluteer» бағдарламалық қосымшасын әзірлеу, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Benediximus» ЖШС-мен жасалған шарттың тиісінше орындалмауына байланысты игерілмеген.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 31 желтоқсанда шарт бір жақты тәртіппен бұзылып, өнім берушіден жалпы сомасы 3,1 млн.теңгеге жергілікті бюджетке мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу, өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және шарт шеңберінде төленген 39,5 млн. теңгені жергілікті бюджетке қайтару бойынша сотқа талап-арыз жолданды. Сот шешімімен талап толығымен қанағаттандырылды, өнім беруші жосықсыз деп танылды, 39,5 млн.теңге төленген соманы қайтару міндеттемесімен 3,1 млн. теңге сомасында тұрақсыздық айыбы есептелді.

табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша – 3,4 млн. теңге, оның 3,3 млн. теңгесі «Жамбыл электр желілері» ЖШС-нің  электр желілеріне қосылуын техникалық шартқа сәйкестендіру мақсатымен  жөндеу жұмыстарын жасау бойынша «Еуропа Груп Корпорейшн» ЖШС-і өз міндеттерін уақытылы орындамағаны үшін игерілмей қалған.

Осыған байланысты, сотқа жосықсыз қатысушысы ретінде тану туралы талап арыз жолданды. 30.12.2020 ж. келісім-шарт бір жақты бұзылып, 08.01.2021 жылы аккредиттелген эксперттік ұйым «Тараз-энерго-эксперт» ЖШС-і орындалған жұмыстарды тексеріп, техникалық шартқа сәйкес еместігі туралы қорытынды беріліп, 43755 тенге айыппұл салынды.

дін істері басқармасы бойынша – 7,6 млн.теңге, «NOMAD» - Аймақтағы діни ахуал картасы» ақпараттық жүйенің бағдарламалық функциясы дұрыс істемеуіне байланысты төленбеген.

Жеткізушінің Шартты бұзудан бас тартуына байланысты Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа шартты бұзу туралы талап арыз берілді. Нәтижесінде Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2021 жылғы 25 қаңтардағы шартты 2020 жылғы 18 қарашадан бастап бұзу туралы шешімі шығарылды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

қаржы басқармасы

2020 ЖЫЛҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ
Дата публикации
01 января 2020