Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Жамбыл ауданының әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы Қарғалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында ауыл халқының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Нұрлан Ертасұлы 2024 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Есепте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды жөндеу, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелер қозғалды.
Кездесуде тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың шешу жолдары қарастырылды.
Қызмет eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, бұл азаматтарға қажетсіз қарыздар мен алаяқтық әрекеттерден оңай әрі тез қорғауға мүмкіндік береді. Қызметті қосу ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады. Қосылу үшін басты бетте «Сервистер» бөлімін, одан әрі «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» бөлімін таңдау қажет.
Алаяқтардан сақ болыңыздар!!!
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Қарғалы ауылдық округінің әкімі аппаратының сайтында «Қызметі», «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде 2023 жылғы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі орналастырылған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kargaly/documents/details/676552?lang=kk
Қарғалы ауылында "Almatv" сауда белгісімен "АлмаТел Қазақстан" АҚ талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын бастауды жоспарлап отыр, қазіргі уақытта Қарғалы ауылының тұрғындары арасында сауалнама жүргізілуде.
"Мобайлтелекомсервис" ЖШС (Tele-2, Altel сауда маркасы) қолданыстағы базалық станцияларға жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр және Қарғалы ауылының тұрғындарын байланыс және мобильді интернет қызметтерімен қамтамасыз ету үшін жаңа базалық станция салу туралы мәселені қарастыруда.
Alma+ қызметін іске қосқыңыз келе ме? 500 Мбит/с дейінгі жоғары жылдамдықты интернет және 180+ үздік телеарна! Енді бұл мүмкін болады! Сізге бар болғаны профильдің жоғары жағындағы сілтеме бойынша сауалнамадан өту қажет.
https://forms.gle/PSihLnV1Kuvs3hsC7
Ауыл тұрғындарының арызы бойынша «Қазақтелеком» АҚ талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы интернетке қосылған абоненттерді 100 адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Құрметті қызмет алушылар,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау
мақсатында «Ашык диалог» алаңында онлайн
нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамға белсенді түрде қатысуларыңызды
сұраймыз.
🔹Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.
🔹Мемлекет басшысы атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі тиімді шешімдер қабылдай алатын жаңа формациядағы басқару тобы қажет. Дәл осындай адамдар ел қалауындағы нәтижеге қол жеткізуге қабілетті».
🔹Іріктеуге қатысу резервшілерге жергілікті жерлерде жаңаша өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
🔹Іріктеуге жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, 35 жастан аспаған еліміздің азаматтары қатыса алады.
🔹Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады.
🔹Қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.
🔹Білімді, еңбекқор және жасампаз азаматтарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеуге қатысуға шақырамыз.