Департамент көлеңкелі экономикаға қаражат шығаратын субъектілермен күреске басымдық беріп отыр. Жалған ақша жасаушылар, контрабандашылар және контрафактілік өнім өндірушілер сияқты заңсыз схемалардан тазарту үшін жедел-тергеу әрекеттері іске асырылады.
Бүгінгі күні, өндірісте болған 105 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 62-і Департаменттің өзімен тіркелді, оның ішінде 47-сі жедел-іздестіру шаралары барысында анықталды. 76 тергеу аяқталды, оның 65-і сотқа жолданды, 11-і ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Келтірілген 29 млрд теңге залалдың 23 млрд теңгесі өтелді, соның ішінде 10,4 млрд теңгеге мүлікке тыйым салынды.
Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Әсет Жоламановтың айтуынша, жалған шот-фактура жазумен айналысқан 7 ұйым әшкерелген. Олардың әрекеттері салдарынан мемлекетке 5,3 млрд теңге салық түспеген.
«Қазіргі уақытта «Мемсараптама» РМК-да Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында салынатын екі мектептің жобалау және құрылыс құнын төмендетуге қатысты материалдар қаралуда. Бұл жобаларда 200 млн теңгеге негізсіз жоғары баға белгіленгені анықталды»,-дейді спикер.
Департамент басшысының орынбасары Әсет Жаманбаев келтірген деректердің қатарында мұрағаттық істерді қайта қарау барысында бұрын «Қазақстан қағазы» АҚ-ны басқарған тұлғаның Швейцария банкіндегі 12,5 млрд теңге көлеміндегі қаражаты тәркілені де бар.
«Біздің материалдарымыз негізінде Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті бұл қаражатты мемлекет кірісіне аудару бойынша жұмыс жүргізуде»,-деді Әсет Жаманбаев.
Мамандар, әрбір азамат осы үдерістегі өз рөлін түсінуі маңызды екенін алға таратады. Көлеңкелі эконоиканың алдын алудың жолдары көп. Кез келген тұлға экономикалық құқықбұзушылықтармен күреске 1458 сенім телефоны немесе «АФМ Insider» Telegram-боты арқылы белгілі фактілер туралы хабарлай алады.
Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылдық округі, Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға Жамбыл аудандық партия филиалының төрағасы Ы.Амалбек, Алматы облыстық мәслихат депутаты Д.Жарасбаев, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты А.Смағұлов, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Д.Тойбаев, Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ж.Балаев, Жамбыл аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Д.Балаев, Жамбыл ауылдық округінің жергілікті полиция участкесінің полиция аға лейтенанты Т.Кадыров және Қарақыстақ ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Жекен қатысты.Қабылдауға келген тұрғындарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мәселелердің оң шешілуі бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Еңбек адамын ардақтау – ел болмысының бір белгісі. Биылғы жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Жамбыл ауданы, Бұрған ауылының тұрғыны, саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған Жылқыбаев Селмұхан туралы айтып өтпекпіз. Оның өмір жолы – тек өз отбасына ғана емес, ауыл-аймаққа үлгі боларлық шежіреге айналған.
1948 жылы Бұрған ауылында дүниеге келген Селмұхан ата жастайынан еңбектің қадірін біліп өсті. Өмірдің сан түрлі сынақтарында шыңдалған ол өз қолымен ел игілігіне қызмет етуді басты мақсаты етті. 1985 жылы Қарақастек ауылында сол кездегі «Ауылдық кеңестің» төрағасы Елікбай Сариевтің бастамасымен алғашқы көлік жөндеу орнын ашып, бұл істі қолға алады. Көлік жөндеу ісінің дамуы ауыл тұрғындары үшін үлкен көмек болды. Шеберлігімен аты шыққан Селмхан ата ел алғысына бөленіп, 2000 жылға дейін осы кәсіпті абыроймен атқарды.
Зейнетке шыққан соң да оның еңбек жолы аяқталған жоқ. Ұлдары Жылқыбаев Ерлан мен Жылқыбаев Ержан 2016 жылы әке бастаған істі жалғастырып, Қарақастек ауылындағы көлік жөндеу орнын қайта жаңғыртып, техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Қазіргі таңда бұл кәсіп отбасылық дәстүрге айналып, немерелері Құрақбаев Мұрат пен Құрақбаев Азамат та осы кәсіпте еңбек етіп жүр.
Адал еңбекке деген сүйіспеншілік пен кәсіби шеберлік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Жылқыбаевтар әулеті ауылдың дамуында ерекше рөл атқарып, көлік жөндеу ісінде талай жанға көмек көрсетіп келеді. Олардың есімі бүгінде ауылда еңбекқорлықтың символы іспетті.
Селмұхан атаның өмір жолы – маңдай термен келетін берекенің айқын дәлелі. Осындай қарапайым еңбек адамдарының ел алдындағы еңбегі қашанда ардақты. Мұндай азаматтардың ісі көпке үлгі болып қала бермек.
Ағымдағы жылдың 28 күні Қарақыстақ ауылында қазақ поэзиясының алып тұлғасы, жыр дүлдүлі Сүйінбай Аронұлының 210 жылдық мерейтойына арналған «Менің пірім – Сүйінбай» атты ғылыми-тәжірибелік конференция және әдеби-сазды жиын ұйымдастырылды.
Ауқымды шараға Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы қатысып, жиналған қауымды ақынның мерейлі тойымен құттықтады. Ол өз сөзінде мерейтой аясында биыл ауданда жүзеге асырылатын маңызды іс-шаралар туралы айтып өтті. Сүйінбай мұрасын ұрпаққа насихаттаудың мәнін ерекше атап, ақын рухын ұлықтау – әр қазақтың парызы екенін жеткізді.
Шараның басты ұйытқысы, белгілі қоғам қайраткері, жазушы, академик Нағашыбек Қапалбекұлы сөз алып, Сүйінбай Аронұлының рухани мұрасын келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ борышымыз екенін айтты. Сонымен қатар, оның ұсынысы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен Сүйінбай ақынға арналған 10 томдық жинақтың жарыққа шығатынын қуана хабарлады. Жазушының айтуынша, бұл еңбектер ақын мұраларын терең зерттеп, қазақ руханиятының асыл қазынасына айналмақ.
Шараға ел зиялылары мен танымал ғалымдар қатысып, Сүйінбай Аронұлының шығармашылық мұрасы мен өмір жолы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Алматы облыстық музейлер бірлестігінің директоры Талғат Құрманбекұлы Келімбетов, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, жазушы әрі әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер Академиясының академигі Нұржан Қуантайұлы ақынның өмірінен сыр шертіп, оның шығармашылығының қазақ руханиятындағы биік орнын жан-жақты талдап көрсетті.
Осы шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтар аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат – Сүйінбай Аронұлының мұрасын дәріптеуге қосқан үлестерін айрықша бағалау белгісі болды.
Бұл шара – ұлы ақынның мәңгілік мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін, оның шығармашылығын кеңінен дәріптейтін маңызды оқиға ретінде ел есінде қалары сөзсіз.
2025 жылғы 17 қаңтарда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды, онда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу жаңа қағидалары бекітілді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларында сұрыптау тетікті енгізу арқылы конкурстық іріктеуді жаңарту көзделген. Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес қажетті балл санын жинамаған үміткерлер келесі турға жіберілмейді.
Мемлекеттік қызмет аппаратын одан әрі жақсарту мақсатында «мемлекеттік қызметшілер» категориясы енгізілді. Бұл категория бойынша мемлекеттік қызметкерлерге «магистратура» бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады.
Сондай-ақ бағдарлама түлектері еңбек өтілімін Қазақстан Республикасы мүше халықаралық ұйымдарда, мысалы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМҰ сияқты ұйымдарда өтеу мүмкіндігі қарастырылған.
Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне уәждемелік хат енгізілді. Бұдан басқа, конкурстық іріктеуден өте алмаған үміткерлерге сол күнтізбелік жылы конкурсқа қайта қатысу құқығы беріледі.
Жалпы бұл өзгерістер «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіріп, еліміздің әртүрлі салаларында білікті мамандар даярлауға бағытталған.
2025 жылдың 16 қаңтар күні Қарақастек ауылдық округіне қарасты Сүйінбай атындағы орта мектебінің акт залында округ әкімі М.Қасымбаев, Ақсақалдар және Аналар кеңесінің мүшелері, мектеп оқушылары мен "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандарының қатысуымен жиын өткізілді. Жиын барысында оқушыларға «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, арнайы ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар, «Отбасының цифрлық картасы» туралы мәселелері бойынша кеңес жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Қарақастек ауылындағы жабық спорт алаңында «Ел ағасыз болмас..» атты , зейнеткер, Қарақастек ауылының тұрғыны Ешмұхамбетов Марат Топантайұлының 70 жасқа толуына орай ардагерлер арасындағы аудандық деңгейде шағын футболдан турнир өткізілді. Аталған спорттық ойынға ардагерлерден құралған 4 команда қатысты. Шараға зейнеткер, генерал-лейтенант Амантай Жәңкеұлы Күрембеков арнайы келіп ыстық лебізін білдірді. Жарыс соңында жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтарымен, арнайы кубок және мадақтама грамоталармен марапатталды.
Қарақастек ауылдық округінің әкімі Қасымбаев Мәлік Серікұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 21 қарашадағы Жарлығына сәйкес округіміздің алтын құрсақты аналарымыз Абдухалилова Розия Садвакосовна және Десбергенова Мадина Орынбасарқызына «Күміс алқа» алқаларын табыс етті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Бүгін Қарақастек ауылдық округінде көктемгі су тасқыны қаупі бар аумақтарды қорғау мақсатында арық тарту жұмыстары ұйымдастырылды.
Бұл шара тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, табиғи апаттардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам. Осы ретте ашылған арықтардың қоқысқа толмауын алдын алу үшін баршаңызды өз аумақтарыңызда тазалықты сақтауға шақырамыз!