Округ бойынша 1 өкпе ауруханасы, 1 учаскелік емхана, 2 медициналық пункт бар.
Қарақастек ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2017 жылы салынған, онда 3 дәрігер мен 14 фельдшер жұмыс істейді. Стационарлық төсек 20 адамға, күндізгі стационарлық төсек 6 адамға қызмет көрсетеді.
Бұрған ауылында 1985 жылы медициналық пункт салынып, 1 фельдшер жұмыс істейді.
Үшбұлақ ауылында 1990 жылы фельдшерлік пункт салынып, онда 1 фельдшер жұмыс істейді.
2023 жылдың өткен 6 айының қорытындысы бойынша Қарақастек ауылдық округінде 29 бала дүниеге келіп, 13 адам қайтыс болды.
Өкпе ауруханасы 2004 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. 2 дәрігер, 10 медбике, 28 жұмысшы қызмет атқарады.