Жұмыстың негізгі бағыты - діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
Негізгі мақсаттар:
1) діни ахуалды талдау және дін саласындағы насихаттау;
2) конфессияаралық келісім мен мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын нығайту, дін саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын бақылау;
3) Қарақастек ауылдық округінің аумағында дін мәселелерін зерттеу.
Қарақастек ауылдық округі аумағында «Қарақыстақ» және «Роза бүбі» мешіттері жұмыс істейді. Сондай-ақ халық арасында диструктивті діни ағымдарға кіріп кетудің алдын алу шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұдайы жүріп тұрады.