Қарақастек ауылдық округінде 1 мәдениет үйі жұмыс істейді. Ғимарат 2 қабатты, көрермен залы - 300 орындық, кабинет 37. Кеңсе жиһазымен, музыкалық аппаратурамен, 3 микрофонмен, 1 фортепианомен, 3 домбырамен толық жабдықталған, 2013 жылы мемлекет қаражатына күрделі жөндеуден өткен. 8 үйірме ашылды, қазіргі уақытта 25 бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ 1 кітапхана бар. Кітапхананың кітап қоры 5 мың 1000 кітапты құрайды, оқырмандар саны – 750.
Сондай-ақ, 2015 жылы Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында ақын ескерткіші мен саябағы ашылды.
Қарақастек ауылының Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалдық мұражайы 1996 жылы салынған. Мұражай шығыс стилінде безендірілген. Оның интерьері екі үлкен зал мен фойеден тұрады. Экспозиция залының ауданы - 250 шаршы метр. Экспонаттар саны – 920, оның ішінде бас қор-452.
Жамбыл ауданының Қаракастек ауылының оңтүстік беткейінде орналасқан кесене 1996 жылы «Сүйінбай» қой совхозының қаражатына тұрғызылған. 2000 жылы кесене жаңартылып, қайта салынды.
Мемориалдық кешен екі ғимараттан: мазар және мешіт үйінен тұрады. Қызыл кірпіштен қаланған мазардың сәулеттік-құрылымдық шешімі арқылы ақынның асқақтаған көңіл-күйін, сезім ауанын бейнелейді: төрт бұрышты домбыра шанағын кескіндей өріліп, қабырға бойынша ашырай тараған күн шапағы әуелеген әуен-жыр сазын аңғартады. Төбесі шаңырақ тәрізді көмкерілген мазардың биіктігі 13 метр, ені мен ұзындығы 6,5 метрден. Солтүстік қабырғасында Жамбылдың Сүйінбай туралы өлеңі өрнектеліп жазылған. Мазардың ортасындағы ақын зираты қызыл гранитпен жабылған. Мазардан сәл еңістеу жерге салынған мешіт ғимараты мен айшықты қоршаулар өзара жарасым тапқан. Мемориалдық кешен шырақшысы, Сүйінбайдың 4-інші ұрпағы Дайырбаев Үсен Сұлтанәліұлы ақын аруағына тәуетушілерді өлке тарихы мен таныстырып, өлең-жыр толғайды. Маңайына бақ егілген.