
Ауылдық округте үлгілік 2 мектеп орналасқан.
1."Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің"Үшбұлақ бастауыш мектебімен Сүйінбай атындағы орта мектебі" КММ 1969 жылы салынған, 640 орындық. Мектепте: 93 мұғалім білім беруде. 2 мектепке дейінгі топ 21 бала, 1-11 сыныптарда 813 оқушы.
Өткен жылы 2022 ж түлек 17 жоғары оқу орнында грант алды. 2023 жылы түлектердің жалпы саны - 30, оның ішінде 2 алтын, 3 қызыл аттестат.
Орта мектепте 8 интерактивті тақта орнатылған, 1 мультимедиялық кабинет,компьютерлер саны 47. Интернет желісіне қосылған. Жылыту түрі-Газ.
2. "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Бұрған ауылындағы "Сәдуақас Бигелдиев атындағы мектеп-бөбекжай" КММ 2014 жылы салынған, типтік, 100 орындық. Мектепте: 57 оқушы білім алуда.
Округ бойынша балабақша саны - 3, балабақшадағы бала саны – 250. «Бәйтерек» балабақшасы 2012 жылы, «Нұр-ай» балабақшасы 2013
жылы кұрделі жөндеуден өткізілді. «Сәдуақас Бигельдиев» атындағы
мектеп және балабақшасы 2014 жылы бой көтерді. Балабақшалардың
барлығы табиғи газбен жылытылады.