Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімнің ережесі

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2015 жылғы 3 қарашадағы №55-ө бұйрығына

4-қосымша

 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ  

  1. Жалпы ережелер
  2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  3. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  4. Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
  5. Бөлім бөлім басшысы мен екі бас маманнан тұрады.
  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
  2. Мiндетi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және жоба дайындау;

2) Жамбыл облысының даму бағдарламасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі бөлігін дайындау және оның орындалуын бақылау, бес жылға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту.

Функциялары:

  • Шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың нәтижесін талдап қорытады, керек кезде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тұрақты функцияларын тоқтататын қателер болса Басқарма басшысының қарауымен өзгертулер енгізеді, Басқармадағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту сұрақтарын дайындауға қатысады;
  • Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, Әкімнің шешімдерін, бұйрықтарын және облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша орынбасарының бұйрықтарын орындайды;
  • Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тiзiмiн құрауға ықпал етеді.
  • Облыс аудандарындағы пәтер иелерінің кооперативін кескіндеу, заң орнатушы құжаттарды анықтау, экономикалық көрсеткiштер, ұсыныс және кемшiлiктердің тізімін дайындайды;
  • Облыс бойынша кондоминиум нысандарының жұмыс жасау сұрақтарын бақылап, қадағалау жасайды.
  • «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының тетіктері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қаржыландыру сұрақтарымен айналысып, мониторинг жасайды, соның iшiнде: Абаттандыру және тұрғын үйлердi жөндеу.
  • облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастырады;
  • Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады.
  1. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
  2. Құқығы және міндеті:
  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
  • басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
  • мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.
  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінiң қызметiн ұйымдастыру
  2. Басқарманың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  4. Бөлімнің басшысы  құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
  5. Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
  6. Бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) бөлімнің қызметiн  үйлестiредi;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
06 марта 2020
Дата обновления
06 марта 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы