Меню

Страницы

Статья

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жоспарын іске асыру туралы ақпарат

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» негізінде «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» тармағы бойынша Жамбыл облысын газдандырудағы атқарылған және межеленген ісшаралар туралы АҚПАРАТ

Облыста 377 елді мекенбар. Оның газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. Болашақта2018-2025 жылдары газдандырылатыны 354 елді мекен, немесе 94 пайызы. Магистралдық газ құбырынан 50-100 шақырым алшақ орналасқан және халық саны аз болғандықтан23 елді мекен газдандырылмайды, экономикалық жағынан тиімсіз.
2008 жылы облыс бойынша 48 елді мекен тауарлық газ тұтынған болса, 2018 жылдың 1 қаңтарына 181-ді құрады. Демек, соңғы10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді мекен.
2018 жылы газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Талас пен Сарысу аудандарын газдандыру жобасының жалпы құрылыс құны 4 893 млн теңге (РБ – 4 403,7 млн. теңге, ОБ – 489,3 млн. теңге).Талас ауданының 5 елді мекеніне(Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр)және Сарысу ауданының 4 елді мекеніне (Әбілда, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол) газ келтіру құбырының құрылысына 2017 жылы облыстық бюджеттен 97,6млн. теңге бөлініп, мердігері анықталып («Құрылыс ТЭД» ЖШС), жұмыс 2017 жылғы 11 шілдеде басталды. 2017 жылы игерілген қаржы 2 097,6 млн. теңге (РБ-2,0 млрд. теңге, ОБ-97,6 млн. теңге.)
2018 жылға 2 344,588 млн. теңге бөлінді (РБ-2,0 млрд. теңге, ОБ-344,588 млн. теңге). Сонымен қатар құрылысты а.ж. аяқтау үшін республикалық бюджетке 198,3 млн. теңгеге 2018 жылғы 30 қаңтарда өтінім хат жолданды. Құрылыстың аяқталу уақыты 2018 жылғы 25 қыркүйек. Құрылыс жұмысы аяқталған кезде облыстың газдандыру деңгейі 49 пайызды құрайды.
Т.Рысқұлов ауданындағы «Арай» тұрғын алқабын газдандыру. Құрылыс жұмысын 2017 жылы бастау үшін облыстық бюджеттен 60 млн. теңге бөлініп, мердігер «Жолғай» ЖШС-мен игерілді. Құрылысты аяқтау үшін 2018 жылы облыстық бюджеттен 246 млн. теңге бөлінді. Құрылыстың аяқталу уақыты 2018 жылғы 19 маусым.
Сонымен қатар құрылыс жұмысын 2018 жылы қаржыландыру үшін «Еврохим-Қаратау» ЖШС мен Жаңатас қаласына дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысына ағымдағы жылы 1,0 млрд теңге бөлуге Энергетика министрлігіне 2018 жылғы 30 қаңтарда өтінім хат жолданды. Өтінімді салалық министрлік қолдап, Қаржы министрлігімен қаралуда.
Меркі ауданындағы «Нововоскресеновка» ГРС-нің қайта жаңғырту жұмысына 2017 жылы 69,7 млн. теңге бөлініп,мердігер «Құрылыс ТЭД» ЖШС-мен игерілді. 2018 жылы құрылысты аяқтауға 668,4 млн. теңге бөлуге Энергетика министрлігіне 2018 жылғы 30 қаңтарда өтінім хат жолданды. Өтінімді салалық министрлік қолдап, Қаржы министрлігімен қаралуда.
2018-2025 жылдарға 173 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. (Оның ішінде Байзақ ауданында 21 е.м., Жамбыл ауданында 16 е.м., Жуалы ауданында 19 е.м., Қордай ауданында 29 е.м., Меркі ауданында  6 е.м., Мойынқұм ауданында 12 е.м., Сарысу ауданында 18 е.м., Талас ауданында 14 е.м., Т.Рысқұлов ауданында 20 е.м. және Шу ауданында 18 елді мекен газдандырылады.)
2017 жылы облыстық бюджеттен 484 млн. теңге бөлініп, жеті жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Оның ішінде бес ауданның 69 елді мекенін газдандыру (Байзақ ауданының 21 елді мекені, Жамбыл ауданының 13 елді мекені, Шу ауданының 18 елді мекені, Талас ауданының 3 елді мекені, Сарысу ауданының 14 елді мекені) және Тараз қаласы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ГРС-1 мен ГРС-2-ні қаланың сыртына шығару қарастырылған.
Бұл жобалар құрылыс жұмысымен іске асқан кезде облыстағы газдандырылған елді мекен саны 250-ді құрап, 66 пайыз деңгейіне көтеріледі.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын 2018 жылы басталуын қаржыландыру мақсатында 11 683,4 млн. теңгені құрайтын 9 жобаға бюджеттік өтінім Энергетика министрлігінен қолдау тауып, Қаржы министрлігімен қаралуда.

Дата публикации
06 марта 2020
Дата обновления
06 марта 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы