Меню

Страницы

Статья

Жылумен жабдықтау

Жылу энергиясын алу-сату энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдардың жылу желілеріне қосылған тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

Жылу желілеріне қосылу және жылумен жабдықтауға шарт жасасу техникалық шарттар талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

Егер шартта өзгеше қарастырылмаса тұтынушыларға жылу энергиясын беруді энергиямен жабдықтаушы ұйым үздіксіз жүргізеді.

Шартта тұтынушы туралы, жылу жүктемесі, жылу тұтынатын қондырғылардың жылуды тұтынуы, жылу желісіне қайтарылатын конденсаттың, есепке алу торабының деректері, тараптардың пайдалану жауапкершілігі, жылу энергиясына ақы төлеу шарттары көрсетіледі.

Қосалқы тұтынушы тұтынушы келісімімен энергиямен жабдықтаушы ұйыммен шартты тікелей жасайды.

Тұтынушы, қосалқы тұтынушыны жылу энергиясымен қамтамасыз етуге техникалық мүмкіндік бар жағдайда, қосалқы тұтынушының жылумен жабдықтау жүйесіне қосылуына және қосалқы тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылумен жабдықтау шартын жасасуына кедергі келтірмейді.

Жылу энергиясының будағы және ыстық судағы ең жоғары сағаттық босатылуы, сондай-ақ жылу жеткізгіштің тиісті ең көп сағаттық шығыны мен оны қайтару шарты Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнаманы ескере отырып, жылумен жабдықтау шартында белгіленеді.

Тұтынушының шартта көрсетілген жүктеме мен тұтынылатын жылу энергия санынан артық, бірақ алынған техникалық шарттарда мәлімделген және тіркелген жүктемеден артпайтындай етіп арттыру энергиямен жабдықтаушы ұйымның келісімімен шартқа Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып өзгерістер енгізу арқылы жол беріледі.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергиясы саласындағы заңнамасына сәйкес сапалы жылу энергиясымен жабдықтау техникалық мүмкін емес жағдайда тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүргізілмейді.

Жылу энергиясын қолдану барысында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және тұтынушылар арасындағы туындайтын даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен шешіледі.

Дата публикации
05 марта 2020
Дата обновления
05 марта 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы