Меню

Страницы

Статья

Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

Баспасөз аңдатпасы

 

Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 24 қыркүйек күні «Ашық есік күні» шарасын онлайн форматта өткізеді. Қатысуға ниет еткен әр адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді». Негізгі мақсат – жинақтау мәдениеті және өзінің болашағына деген қамқорлық.

Іс-шараның қонақтары колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, 25 жасқа дейінгі жастар болуы тиіс.

Жастар тобын таңдау кездейсоқтық емес, өйткені, биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнді. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайды, алайда болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда қомақты зейнетақы алуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатысады. Бұл шамамен 40 жыл. Олардың көпшілігі ресми жалақы мен жұмыс берушімен жасалған еңбек шартына қоса тұрақты жарналардың олардың болашақта табысқа жетуінің кепілі екендігін түсінеді.

Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты өзге де мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.

 «Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйек күні  сағат 10-00 және 12-00, 15-00  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

2021 жылдың 24  қыркүйегінде сағат 10-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e59cbbe57eb787d2d4133225e4d3e6bf5

event-мәжіліс нөмірі:  2510 295 5297

event-мәжіліс паролі: 00000

2021 жылдың  24  қыркүйегінде  сағат 12-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e45838029832d5b282d864859e3dedd4f

 

event-мәжіліс нөмірі:   2513 893 2130

event-мәжіліс паролі: 00000

2021 жылдың  24  қыркүйегінде сағат 15-00  сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec66f0304baef25d393a911e5b8991564

event-мәжіліс нөмірі:  2517 044 8827

event-мәжіліс паролі: 00000

 

 

Біз сіздерді күтеміз!

Дата публикации
24 сентября 2021
Дата обновления
24 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы