Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне»  шақырады

Хабарландыру – анонс

 

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне»  шақырады

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 18 маусымында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады.

Биылғы жыл ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) дамыту мәселелері үшін оңтайлы болды. Бірқатар заңнамалық өзгерістер өздерінің болашағы туралы бүгіннен бастап ойланатын салымшылар үшін бұрынғыдан да көп артықшылықтар әкелді. Себебі, дәл осы ерікті зейнетақы жарналарының азаматтар үшін құрметті демалысқа шыққан кезде қосымша қаржылық қолдау болып табылатыны ешкімге құпия емес.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді.  

Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді. Атап айтқанда, ЕЗЖ бойынша төлемдерді енді ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан барлық адамдар ала алады.

Сонымен қатар БЖЗҚ қызметкерлері кездесу барысында тұрақты зейнетақы жарналарының барлық артықшылықтары туралы айтып, зейнетақы калькуляторының көмегімен ЕЗЖ бойынша тұрақты жарналар есебінен келешекте алатын зейнетақының мөлшерін қалай едәуір арттыруға болатындығын іс жүзінде көрсететін болады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусымда сағат 10-00 және 12-00, 15-00  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

 

2021 жылдың 18 маусымда сағат 10-00 сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5012d95979c07fbaa0fc4547546f2fb6

event-мәжіліс нөмірі:  184 885 6311

event-мәжіліс паролі: 00000

 

2021 жылдың 18 маусымда сағат 12-00 сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e9c7d4f098ceb2f9d9436e5404350e09b

event-мәжіліс нөмірі: 184 361 9388  

event-мәжіліс паролі: 00000

 

2021 жылдың 18 маусымда сағат 15-00  сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e78ea5e1e4019fd087c3dcf3e4000f310

event-мәжіліс нөмірі:  184 533 4677

event-мәжіліс паролі: 00000

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы