Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшысының орынбасарының тапсырмаларын орындау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, облыстың энергетикалық кешенін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саясатының бағыттары бойынша облыстық нысаналы бағдарламалары мен іс-шараларын, жоспарларын әзірлеуге, қалыптастыруға және оларды жүзеге асыруға қатысады, есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлейді, жоғарғы кернеулі қосалқы станцияларды жобалау мен құрылысын іске асыру барысын қадағалау, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидасын әзірлейді.