Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Хабарландыру

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

 

Тақырыбы: «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?»

 

2021 жылдың 17 наурызы күні БЖЗҚ  «Ашық есік күнін» өткізеді   

 

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90% астамын онлайн форматта көрсетеді. Бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез келген жерде, қалаған уақытта алуға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді қолдануды енді қолға алған салымшыларға БЖЗҚ-ның сайтында да, мобильді қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен келесі қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетеді: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем тағайындауға берілген өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т. б.

Ниет білдірушілердің барлығының да іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға үйден шықпай-ақ  жауап алу мүмкіндігі болады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17  наурызда сағат 10-00 және 12-00, 15-00  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

2021 жылдың 17 наурызында сағат 10-00 сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=edaa35d6afe79ab541d7a334971b51b9b

event-мәжіліс нөмірі:  184 191 7383

event-мәжіліс паролі: 00000

 

2021 жылдың 17 наурызында сағат 12-00 сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e1840c9f7efbaa86d9247320b5b9e6402

event-мәжіліс нөмірі:   184 100 7444

event-мәжіліс паролі: 00000

 

2021 жылдың 17 наурызында сағат 15-00  сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ecc8bb0369253998a0574cc9ab7e01e1d

event-мәжіліс нөмірі:  184 023 0295

event-мәжіліс паролі: 00000

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді! 

Дата публикации
16 марта 2021
Дата обновления
16 марта 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы