Жылыту маусымының
өту барысы туралы
ЭжТҮКШБ басшысы
Қ.Қорғанбаевтың
баяндамасы
15.02.2021 ж., сағ. 10.00
Құрметті Бердібек Машбекұлы!
Құрметті кеңеске қатысушылар!
СЛАЙД 1
Ағымдағы жылыту маусымының қалыпты жұмысын үйлестіру мақсатында Жамбыл облысында оны өткізу Қағидаларына сәйкес, Жамбыл облысы нысандарымен 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы бойынша облыстық штаб құрылған.
Штаб құрамына Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау және Төтенше жағдайлар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметі мен қауіпсіздігін бақылау, Табиғи монополияларды реттеу, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері, Энергетика, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру, Дене шынықтыру, Білім,Денсаулық сақтау басқармалары мен отын-энергетика кешендері басшылары енгізілген.
Аудан және қалалардағы нысандарды 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау бойынша 5 рет облыстық штаб отырысы өткізілсе, жылыту маусымының өту барысы бойынша 2 рет өңірлік штаб отырысы өткізілді. Кезекті 3 штаб отырысы бекітілген кестеге сәйкес а.ж. ақпан, наурыз және сәуір айларына жоспарланған.
Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің қаулысымен Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау үшін жергілікті штабқұрылған. Жауапты және штаб төрағасы ретінде аудан әкімдерінің салалық орынбасарларыбекітілген.
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу Қағидаларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен жылу энергиясын өндіруші, энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірліктері туралы паспорттары беріледі.
СЛАЙД 2
Облыс бойынша ағымдағы жылыту маусымы 2020 жылдың қазан айының 1 мен 7-сі аралығында басталды.
Бюджеттік саладағы нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерді қоса алғанда барлығы 3 218 нысан жылумен қамтылған.
Олардың ішінде: 785 білім, 386 денсаулық сақтау, 494 мәдениет саласының нысандары мен 1553 көпқабатты тұрғын үй.
Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-12 шешімімен бекітілген Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларының 5-тармағына сәйкес, облыстың қалалары мен аудандарында жылу беру маусымына дайындықты және өткізуді ұйымдастыруды қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған қалалық және аудандық штабтары жүзеге асырады.
СЛАЙД 3
Жалпы, облыстағы4 қалада жылу энергиясын өндіретін9 отын-қазандық бар, оның ішінде 8-де негізгі отын түрі - табиғи газ, 1-де - мазут отынымен жұмыс жасау қаралған(Жаңатас жылу қазандығы).
Анықтама үшін: Жылу өндіру қуаттылығы сағатына -1 320 Гкал, қолданыстағы қуаттылығы - 515 Гкал.
Ағымдағы жылыту маусымына кәсіпорындарда жалпы 13,7 мың тонна резервтік (апаттық)мазут отын қоры дайындалған, оның ішінде:
1) «Т.И. Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ-да 19 тәулікке жететін 11 312 тонна. Мазут сақтау арналған 13 резервуар бар, жалпы сыйымдылығы - 165 000 м3.
2) «Таразэнергоорталық» АҚ-да 5 тәулікке жететін 1 865 тонна. Орталықта 5 резервуары бар, жалпы сыйымдылығы - 36 000 м3.
(ЖЭО-4 - 3 резервуар (25 000 м3), АҚ-4 3 резервуар (11 000 м3).
3) «Жамбыл-Жылу» МКК-да 10 тәулікке жететін 390 тонна.
Тараз қаласындағы АҚ-1 қазандығында 4 резервуар бар, сыйымдылығы - 1 250 м3.
4) «Игілік» МКК-да 5 тәулікке жететін 174,6 тонна. Жалпы сыйымдылығы 2 500 м3 құрайтын 3 резервуар бар.
Анықтама үшін: 09.02.2021 жылы Жаңатас қаласының орталық қазандығында орын алған технологиялық тоқтауға байланысты «Игілік» МКК-ң резервтегі 576 тонна көмір Жаңатас қаласына тасымалданды.
Басқада жылу қазандықтарында 1446 тоннакөмір қоры дайындалған, оның ішінде:
1) «Шу-Жылу» МКК-да - 611 тонна(10 тәуліктік);
2) «Жамбыл-Жылу» МКК-да - 800 тонна(10 тәуліктік);
3) «Таразтрансэнерго» МКК-да - 5 тонна(5 тәуліктік);
4) «София» ЖШС-де - 30 тонна(10 тәуліктік).
Облыстағы бюджеттік мекемелердің қажеттілігіне орай жоспарлы 67,2мың тонна жеткізілген.
Жылыту маусымы кезінде облыс тұрғындары үшін жоспарланған 234,3 мың тонна көмірдің жеткізілуі 100%-ға қамтамасыз етілді.
Жалпы, көмірді сатумен 31 нарық субъектісі айналысады, орта есеппен алғанда Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірдің бағасы 14 - 17 мың теңге.Көмірдің бағасын тұрақтандыру үшін көмір сатумен айналысатын кәсіпкерлермен әкімдіктер арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум жасалған.
СЛАЙД 4
Моно және шағын қалалардың орталық қазандықтарын тиісті отынмен қамтамасыз ету үшін жылыту маусымына қажетті 1 075,112 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
1) Шу қаласының орталық қазандығына 2 748,71 мың м3 табиғи газды сатып алуға - 71,223 млн. теңге.
2) Қаратау қаласының орталық қазандығына 12 822,0 мың м3табиғи газ сатып алуға - 312,6 млн. теңге.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап отын-энергетика кешені кәсіпорындары үшін, газдың тарифы өсуіне байланысты «Шу-Жылу» МКК-на қосымша 23,1 млн. теңгеге және «Игілік» МКК-на 64,3 млн. теңге көлемінде қаржыны, облыстық бюджетті нақтылау кезінде бөлу қажеттігі туындап отыр.
3) Жаңатас қаласының орталық қазандығына 10 608 тонна мазут сатып алуға - 691,2 млн. теңге.
Негізі отын түрі - мазут.
Сыйымдылығы 3500 м3 болатын 3 резервуар бар.
СЛАЙД 5, 6, 7, 8
Орталық қазандықты жоспарлы әлеуметтік мазутпен қамтамасыз ету үшін тапсырыс беруші Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен мердігер «Galaxy Petroleum» ЖШС арасында 2020 жылдың 1 қазанында №170 келісімшарт жасалған. Шартқа сәйкес, жыл соңына дейін 10 608 тонна мазутты толық жеткізу міндеттелген. Алайда, мердігер тарапынан келісімшарттың талаптары толығымен бұзылды.
Шартта көрсетілген міндеттемелер орындалмауына байланысты көлемі 2636 тонна мазут, құны 165,352 млн. теңгесі бюджетке кері қайтарылып, 2021 жылға қайта жоспарланды.
Дегенмен,2020 жылдың соңына дейін 7971 тонна мазут жеткізуге қаржы төленген болса, нақты жеткізілгені - 7 004 тоннаны құрады. Зерделеу барысында тапсырыс беруші 967 тонна жеткізілмеген мазутқа 60,6 млн.теңге төлем жасағаны анықталып отыр.
2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары ішінде 605,120 тонна жеткізіліп, жалпы барлығы 7 609,12 тоннаны құрады.
«Жаңатас Су-Жылу» МКК-ң күнделікті ұсынылатын жедел ақпараты бойынша 9 ақпанға 6 тәулікке жететін 438 тонна мазут қалған.
Соның ішінде мердігермен а.ж. 6 ақпанында мазутавозбен жеткізілген 47,6 тонна сапасыз мазуттан нормадан артық конденсат көлемі анықталғанына қарамастан, жауаптыларменқабылданып, резервуарға құйылған.
Соның салдарынан, 9 ақпан күні, сағат 20:00-де орталық қазандықта бу және су жылытқыш қазандарында технологиялық тоқтау орын алды.
Орын алған мәселені зерделеу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Ұ.Е. Жазылбектың төрағалығымен жергілікті жерге шығып мән-жайы толығымен зерделенді.
Қазандықты қайта іске қосу мақсатында мазут сақтау резервуарының қазандарға мазут жеткізуші инженерлік желілерін жылыту, қазандардың жабдықтарын тексеру жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілді.
Қазандықтың жұмысын қалыпты жағдайға келтіру үшін 2 тәулік ішінде барлығы 733,4 тонна мазут жеткізілді, оның ішінде:
- Қаратау қаласынан 553,4 тонна
- «Казфосфат» ЖШС-нен 180 тонна мазут жеткізілді.
9 - 11 ақпан күндері аралығында қазандықта 8 рет қайта қосу процессі орын алды. Дегенмен, резервуардағы су көлемінің азаймауына байланысты қазандықтар қайта тоқтады.
Ақаудың себептерін анықтау үшін жергілікті жерге шақыртылған «Таразэнергоорталық» АҚ, «Игілік» МКК мамандарының ұйғарымына сәйкес, қазандықтың қайта өшулерінің екінші себебі резервуардың төменгі жағында орнатылған бумен жылыту радиаторларының тесілуі болуы мүмкін. Болжамға сәйкес, тесілген радиаторларынан шыққан бу конденсатқа айналу арқылы мазутқа су болып қосылып отырған.
Осыған байланысты резервуарға баратын құбыр желілері жылытылып, су араласқан сапасыз мазуттан тазартылды. Конденсатты болдырмау мақсатында мазутты резервуарға толық жібермей, қабылдау пунктісі арқылы сорғылардың күшімен тікелей қазандарға қарай жеткізу туралы мамандармен техникалық шешім қабылданды.
Нәтижесінде, 11 ақпанда, сағат 18:35-те қазандық толық іске қосылды.Қазандықтың параметрлері қайта қалпына келтіріліп, температуралық кестеге сәйкес жылудың берілуі қамтамасыз етілді.
Атап өтетін мәселе, апаттық немесе техникалық бұзушылық кезінде кәсіпорын қызметкерлерінің дер кезінде әрекет ету және ақауды жою тәртібі ретке қойылмаған, атап айтқанда, қажетті жылытқыш құралдарымен, байланыс (рация) жабдықтарымен қамтылмаған, сондай-ақ қазандық, сорғы стансасы ғимараттарында электр шамдарынорнату жұмыстары ұйымдастырылмаған.
Қазіргі таңда «Жаңатас Су-Жылу» МКК-ң қазандығы штаттық режимде жұмыс істеуде.
Бүгінгі күнге мазуттың тәуліктік шығыны 62 тонна құрайды, қазандықта 908 тонна мазут бар, бұл 14 тәулікке ғана жетеді.
Осы ретте, Сарысу ауданы әкімдігі жылыту маусымының соңына дейін жоспарлы мазуттың толық жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет және алынған міндеттемелерге сәйкес, Қаратау қаласына, «Казфосфат» ЖШС-не 733,4 тонна мазутты қайтаруы тиіс.
Мердігер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін 1000 тонна, наурыз айында 1500 тонна мазутты жеткізуді жоспарлауда. Алайда, орын алған жағдайға байланысты мердігерге толық сенімсіздік туындауына байланысты басқа жерлерден мазут жеткізу мәселесін қарастырудамыз.
Орталық қазандыққа мазутты жеткізу кестесінің бұзылу туралы мәселе 2020 жылдың 26 қарашадағы аппараттық кеңесте көтерілген болатын. Сіздің хаттамалық тапсырмаңызбен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Жазылбектың басшылығымен аудан әкімі және мердігердің қатысуымен жиналыс өткізілді. Басқарма тарапынан бірнеше рет ескерту хаттар жолданды.
СЛАЙД 9
Ұсыныс:
1) Ағымдағы жылыту маусымына «ЖГРЭС» АҚ-на 10 000 тонна әлеуметтік мазуттысатып алу бекітілген болатын. Бүгінгі күні, мазут қоймасында 19 тәулікке жететін11,3 мың тонна мазут қоры бар. Станцияның 10 тәуліктік апаттық мазут қоры 5850 тонна құрайды.
Осылайша, станцияның Жаңатас қаласына қажетті 2636 тонна мазутты әлеуметтік бағамен сатуға мүмкіндігі бар. Алайда, станция басшыларымен алдын ала жүргізілген келіссөздер нәтижесіз болып отыр. Осы орайда, туындаған әлеуметтік жағдайды ескеріп, станция басшылығымен қайта келіссөздер жүргізу қажет.
2) Қазандықтың негізгі жабдықтары 60% тозығы жеткен. Жоспарға сәйкес, Жаңатас қаласын толық газдандыру 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Бұл ретте, газдандыру құрылысы аяқталғаннан кейін Жаңатас қаласын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін қызығушылық танытып отырған инвесторлар есебінен газотурбиналыққоңдырғыларын орнату мәселесі пысықталуда. Себебі қолданыстағы мемлекеттік кәсіпорынды қайта жаңғыртудан өткізу қаржылай жағынан тиімсіз және жыл сайын отын сатып алуға қыруар қаржыны бөлуді талап етеді.
СЛАЙД 10
Басқарма тарапынан Жаңатас қаласының орталық қазандығымен жылыту маусымының басынан пайдаланылған әлеуметтік мазуттың шығынына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, тәуліктік сыртқы ауа температурасына байланыссыз отынды тәуліктік тұтынуда айырмашылықтаранықталды.
Әр күндердегі мазут отынының тәуліктік шығынын салыстырғанда, мазут отынын тиімсіз пайдалану жағдайы байқалып отыр. Мәселен,
Сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы -19ºС градуста тұтыну 105 тонна болса, -20ºС градуста тұтыну 79 тонна мазут жағылған.
Сондай-ақ, сыртқы температура -5ºС градус болған кезде әр тәулікте 56 тоннадан 76 тоннаға дейін мазут шығындалып, бір температурада айырмашылық әр күндері 20 тоннаға дейін жетіп, тиімсіз пайдалану орын алған.
СЛАЙД 11
Қазандықтарды табиғи газ ауыстыру бойынша;
Облыс бойынша 86 елді мекенде 156 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жоспарланған, оның ішінде:
1) Байзақ ауданы - 10 нысан.
2) Қордай ауданы - 86 нысан.
3) Т.Рысқұлов ауданы - 16 нысан.
4) Шу ауданы - 18 нысан.
5) Меркі ауданы - 9 нысан.
6) Талас ауданы - 17 нысан.
2021 жылға Т.Рысқұлов, Меркі аудандары бойынша 2 жобаға жалпы құны 64,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Жалпы жұмыс құны 150,5 млн. теңге болатын 6 жоба «Ауыл - Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылды. Бұдан басқа, жобалық құжаттамасы дайын 21 жоба бар, жалпы құны -1 455,5 млн. теңге.
Алайда, кейбір жобалардың құны қымбат болуына байланысты құнын қайта қарап, оптимизациялауды қажет етеді.
Атап айтсақ, Шу ауданы бойынша қазандықтарды табиғи газға ауыстыру жұмыстарының құны 100-120 млн. теңгені құраған. Сәйкесінше, басқарма тарапынан аталған жобалардың құнын оптимизациялау бойынша тиісті хат жолданып, ұсыныс берілді.
Қалған 127 нысан бойынша бастапқы және жиынтық құжаттары жасақталуда, бүгінгі күнге аудан әкімдіктерімен жоба-сметалық құжаттары ұсынылған жоқ, оның ішінде:
Байзақ ауданы - 6 нысан;
Қордай ауданы - 81 нысан;
Т.Рысқұлов ауданы - 15 нысан;
Меркі ауданы - 8 нысан;
Талас ауданы - 17 нысан.
Өзекті мәселенің бірі, Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған 229 дана жалпыүйлік жылу энергиясын есептегіш аспаптардың кезекті тексеруден өту мерзімінің келуіне байланысты тұтынылған қызметтер бойынша тұрғын жайдың жалпы алаңына ұсынылған есеп шоттарға қатысты қала тұрғындары тарапынан көптеген наразылықтар туындауда.
Бұл жағдай Лизинг беруші «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, Лизинг алушы «Таразтрансэнерго» МКК және Сатушы (мердігер) «Казпромэлектросервис» ЖШС арасында 2015 жылғы 27 желтоқсандағы жасалған №27/2015 қаржылық лизинг шарты бойынша туындаған мәселелерге байланысты болып отыр.
Шартқа сәйкес, Мердігерге 435 дана есептегіш аспапты сату, жеткізу, монтаждау, пайдалануға беру, аспаптарды бастапқы тексеруден өткізу және кепілдемелік сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Алайда, 435 дананың тек 247-сі орнатылған, оның 229-ы ғана ғана пайдалануға қабылданған, осылайша Мердігер өз міндеттемелерін толық көлемде орындамады.
Нақты кепілдікті қызмет көрсетуді Лизинг алушы, яғни «Таразтрансэнерго» МКК жүргізген. Лизинг беруші, Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне қарамастан, мердігерге толық соманы төлеген, сот шешімі бойынша «Казпромэлектросервис» ЖШС-і 435 дана аспапты кезекті метрологиялық тексеруді жүзеге асыруды міндеттеу жүктелген. Алайда, негізсіз себептермен сот шешімі орындалмауда.
«Таразтрансэнерго» МКК өз кезегінде лизинг төлемдерін толық өтеді, өйткені сот шешімі бойынша Лизинг берушімен кәсіпорынның барлық шоттарына тыйым салынды және шоттағы қаржысы инкассо арқылы Лизинг берушінің шотына өткен. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық сотында мердігердің басшысына қатысты іс қаралуда және үй қамағына алынған.
Бұл мәселені шешу мақсатында Лизинг беруші «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басшылығына 2021 жылдың 5 ақпанында тиісті хат жолданды. Қазіргі уақытта орталықпен келіссөздер жүргізілуде.
2020 жылдың желтоқсан айында есептегіш аспаптардың тексеру мерзімі өтуіне байланысты тұрғындарға жылу қызметтері үшін жалпы жылу берілетін алаң бойынша жылу есепшоттары ұсынылған.
Бұл мәселені шешу үшін уәкілетті органдар мен кәсіпорындардың басшыларымен жиналыс өткізілді. Қорытындысы бойынша есептегіш аспаптарды тексеруден өткізу үшін «Таразтрансэнерго» МКК-ң арнайы стендін іске қосу, «Таразэнергоорталық» АҚ-на 229 дана аспаптардың тұтынушылары үшін желтоқсан айындағы ұсынылған есеп бойынша есеп айырысу негізінде ағымдағы жылдың қаңтар айына есеп шоттарын ұсыну, ақпан айынан бастап жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұтынылатын қызметтің есеп шоттары есептегіш аспаптардың көрсеткіштері бойынша ұсыну тапсырылды.
Дегенмен, қала тұрғындары тарапынан желтоқсан, қаңтар айлары үшін тұтынылған қызметтердің есепшоттарына наразылықтарын айтуда. Қала әкімдігімен наразылықтар туындамау үшін және әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жандандыру қажет. Сондай-ақ, «Таразэнергоорталық» АҚ-ы түбіртектерде ақпан, наурыз, сәуір айларында есептегіш аспаптардың көрсеткіштері бойынша есеп шоттар ұсынылатындығы туралы хабарландыру берулері керек.
Дебиторлық қарыздар;
Облыс бойынша тұтынылған коммуналдық қызмет бойынша 3 айдан асқан дебиторлық берешектің жалпы сомасы 233,9 млн. теңгені құрап отыр, оның ішінде:
1) Жылумен қамту қызметі бойыншадебиторлық қарыз сомасы - 133,0 млн. теңге, атап айтсақ: тұрғындар - 98,0 млн. теңге, заңды тұлғалар - 35,0 млн. теңге («Таразэнергоорталық» АҚ).
2) Табиғи газға қалыптасқан дебиторлық берешек 66,1 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: тұрғындар - 11,6 млн. теңге (Тараз қаласы - 6,172 млн., аудандар - 5,417 млн.), «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы - 54,5 млн. теңге. Слайд 10
3) Электр энергиясымен жабдықтаушы «ЖамбылЖарық Сауда-2030» ЖШС алдындағы 3 айдан асқан дебиторлық берешектің сомасы - 32,3 млн. теңге, оның ішінде: Тараз қаласы бойынша - 6,972 млн. теңге.
Коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындар қалыптасқан дебиторлық қарыздарды жинау шараларын жандандыру қажет және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан бірлескен жұмыстар атқарылуы тиіс.
Жылыту маусымының басынанбасқармақызметкерлерімен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм, Шу аудандарының елді мекендеріне шығып, жылыту маусымының өту барысына мониторинг жүргізілді.
Аудандар бойынша кемшіліктердің басым көпшілігі анықталған Жуалы, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Шу аудандарындағы мектептердің қазандықтарында операторлардың біліктілігіне, қоймаларға жиналмаған көмірлер, монометр, термометр құрылғыларын жыл сайынғы тексеруден өткізу, температуралық кестені сақтауға қатысты жауапты тұлғаларға тәртіптік ексерту беріліп, кемшіліктер жойылды.
Бұл жұмыстар жалғасуда.