Меню

Страницы

Статья

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы

«Жаңартылатын энергия көздерін

дамыту туралы»аппарат отырысына

доклад

09.02.2021 ж

 

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

 

1-слайд.

Жамбыл облысының табиғи-климаттық жағдайын, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үшін маңызды энергетикалық әлеуетін ескере отырып, соңғы жылдары аймақта күн электр станцияларының, жел құрылғыларының және кіші СЭС құрылыстары бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

2010 жылға дейін барлық нысандарда орнатылған қуаттылық 1,5-2 МВт-ты құраған болса, 2020 жылдың қорытындысымен облыста 16 нысан 318,4 МВт электр энергиясын өндіреді, оның ішінде:

- 5 су электр станциясы, қуаты 15,2 МВт («Мерке ГЭС-1, 2»-2,06 МВт, «Мерке ГЭС-3»-1,5 МВт «Ремкомстрой» ЖШС, «Қаракыстақ ГЭС»-2,23 МВт«Жамбыл СЭС», «Тасөткел ГЭС»-9,2 МВт);

- 6 жел электр станциясы, қуаты 102,15 МВт (Қордай ЖЭС К-1 – 1,5 МВт, «Vista International» ЖШС -21 МВт, «Ветроинвест» ЖШС Қордай ауд – 30,65 МВт, «Жанатасская ЖЭС» ЖШС, 40 МВт, Қаратау ЖЭС-1 – 4,5 МВт, Қаратау ЖЭС 2 – 4,5 МВт).

- 5 күн электр станциясы, қуаты 201,25 МВт (Отар КЭС-0,5 МВт «KaзЭкоВатт» ЖШС, «Burnoe Solar-1»ЖШС-50 МВт,  «Burnoe Solar-2»ЖШС- 50 МВт, «М-CAT Green» ЖШС -100 МВт, Қордай ЖЭЖ – 0,75 МВт).

Баламалы энергия көздерінің саны және өндіріс қуаттылығы жағынан Жамбыл облысы республикамызда алдыңғы қатарлардың бірінде.

Облыста орналасқан 16 нысан республикамыздағы жаңартылатын энергия көздеріарқылы өндірілетін энергияның шамамен 20%-ын өндіреді (республикада 115 жоба, 1 634,7 МВт).

Аталған нысандарда 290 адам тұрақты жұмыс атқарады.

 

2-слайд

Жалпы 2020 жылы облыста жаңартылатын энергия көздері арқылы 616,8 млн кВтсағ электр энергиясы өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 47 пайызға өсіп отыр, оның ішінде:

-жел электр станциялары арқылы – 223,9 млн кВтсағ өндірілген, 2019 жылмен салыстырғанда 123 %,

- күн электр станциялары арқылы – 331,3 млн кВтсағ, 207,3%,

- су электр станциялары арқылы – 61,7 млн кВтсағ, 105,8%.

Облыста 2020 жылы барлық энергия көздері арқылы 2 527 млн кВтсағ электр энергиясы өндірілсе, оның 24 %-ыбаламалы энергия көздеріне тиесілі.

 

3-слайд.

ЖЭК-ті дамытуды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында 2009 жылдан бастап бекітілген.

Электр энергиясынБірыңғай сатып алушы-Қаржы есеп-айырысу орталығы арқылы кепілдендірілген сатып алу, аукциондық сауда-саттық тетігі арқылы жобаларды іріктеу процесінің ашықтығы, инфляцияны және валюта бағамының өзгеруін ескере отырып, аукциондық бағаларды жыл сайын индекстеу, электр энергиясын беру жөніндегі электр желісі ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін төлеуден босату, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар беру жәнет.б. шаралары қойылған нақты индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік жасайды.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес (7 бап)жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне тек жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн салу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерiн резервке қою және беру жатады.

Жамбыл облысы бойынша Меркі № 1,2,3 және Тасөткел су электр станцияларынан өндірілген электр энергиясы 1кВт-14,5 теңгеденжергілікті тұтынушыларға тікелей сатылады.

Ал, қалған 9 жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы–есеп айырылысу ораталығына аукциондық сауда–саттық (РФЦ) жүйесі негізінде Үкіметпен белгіленген тариф бойынша сатады.

2018 жылдан бастап ЖЭК жобаларын іске асыру үшін іріктеу - аукциондық тетік бойынша жүргізіледі.

Бұл бір жағынан жобалар мен инвесторларды іріктеу процесін ашық әрі түсінікті етуге, екінші жағынан ЖЭК қуаттарын іске қосудан түпкі тұтынушылардың тарифтеріне әсерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді технологиялар мен жобаларға сүйенуге мүмкіндік берді.

 

4- слайд

Қазіргі уақытта облыста инвесторлар есебінен жалпы құны 55,4 млрд.теңгені құрайтынжиынтық қуаты 96,7 МВт
2 жел және 2 су электр
станцияларының құрылыс жобалары іске асырылуда.

Жаңатас ЖЭС-60МВт, Қаратау ЖЭС-9,5 МВт, Көксай СЭС-18 МВт, Тасөткел 2 СЭС-9,2МВт.

5-слайд

Сарысу ауданында құрылысы жүргізіліп жатқан «Жаңатас жел электр станциясының» қуаттылығы 100 МВТ-ты құрайды. Құны 45 млрд-қа жуық бұл жоба - өңіріміздегі ең ірі баламалы энергия көздерінің бірі болмақ.

Қазіргі уақытта жоба бойынша 22 дана жел турбиналары орнатылып, станция 40 МВт электр энергиясын өндіруде.

Инвестор 2021 жылдың соңына дейін қалған 18 дана жел турбинасын орнатып, өндіріс көлемін 100 МВт-қа жеткізуді жоспарлап отыр.

 

6-слайд.

Тасөткел су қоймасында қуаттылығы 9,2 МВтСЭС-ның екінші кезеңііске асырылуда. Бүгінгі күнге жалпы орнатылған 4 турбинаның 2 турбинасы іске қосылып, сағатына 4 МВт (тәулігіне 84 МВт) электр қуатын өндіруде. Аталған су электр станциясы өндірген электр қуатын «Жамбыл электр желілері» ЖШС арқылы Қордай ауданына 1 КВт.сағатына - 14,5 теңгеден (ҚҚС-сыз) сатуда. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

7-слайд.

«Казгидрооперейтинг» ЖШС арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан Жуалы ауданы Көксай өзенінде орналасқан «Көксай су электр станциясының» құрылысы 2018 жылы басталған. Қуаттылығы 18 МВТ. Қазіргі уақытта 4 МВт құрайтын 1 кіші су электр станциясының турбинасы орнатылған. Пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланып отыр.

 

8-слайд.

Талас ауданында орналасқан Қаратау жел электр станциясының құрылысы 2020 жылы басталған. Қазіргі уақытта жер турбиналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

2021-2022 жылдары аталған жобалар толық аяқталғаннан кейін облыста жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясы 415,1 МВт-қа жеткізілетін болады. Бұл көрсеткіш өз кезегінде, облыста бір жылда өндірілетін электр энергиясының 25 пайызын құрайтын болады.

 

9-слайд.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта 2023-25 жылдары құны 96 млрд.теңгеге жуық жобаны (2 күн, 1 су, 1 жел) іске асыру үшін инвестиция тарту, сондай-ақ 670 уақытша және 175 тұрақты жұмыс орнын ашу мәселелері пысықталуда.

Анықтама:Мерке өзенінде су эл.станциясы, Шу ауд. «Шоқпар» жел эл.станциясы,  Жамбыл ауд.күн эл.станциясы «Шелл» ЖШС, Шу ауд. «Sun Solutions Kazakhstan» күн эл.станциясы» ЖШС.

Аталған жобалар табысты іске асқан жағдайда, облыстағы жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін энергия қуаттылығын 633 МВт-қа жеткізуге болады.

Бұдан бөлек, бұрын іске асыру жоспарланып, инвесторлар тарапынан қаражаттың тапшылығына байланысты, тоқтап қалған бірқатар жобалар бар, атап айтсақ:

- Қордай ауданында «Insider Group» ЖШС арқылы 100 МВт құрайтын жел электр станциясы;

- Шу ауданында «Windhan» ЖШС бастамашы болған 110 МВт-тық жел электр станциясы, 50 МВт құрайтын күн электр станциясы(«Cogenhan» ЖШС)

Қазіргі уақытта аталған жобаларды жандандырып, инвестиция тарту жұмыстары қайта қаралуда. Жобаларды іске асыру мүмкін болған жағдайда облысқа қосымша 260 МВт болатын жаңа баламалы энергия көздері қосылатын болады.

 

10-слайд.

Атап өтетін мәселе, облысымыздағы 16 ЖЭК нысандары 7 ауданда орналасқан,атап өтсек Меркі ауданында 3 нысан, Қордай ауданында – 5,Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарында -1 нысан, Шу, Таласжәне Жуалы аудандарында 2 нысан орналасқан.

Алайда, күн және жел электр энергия көздерін дамыту әлеуеттерінің бар болғанына қарамастан, Жамбыл, Байзақ, Мойынқұм аудандарында аталған салада жобалар іске аспаған.

Осыған орай, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн салу үшiн жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерiн резервке қою және беру, сондай-ақ инвесторларды тарту бойынша аталған аудандар әкімдіктеріне тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қажет деп есептейміз.

Жалпы алғанда, белгіленген барлық жобаларды іске асыру экологияға зиян келтірмей, өңірді сапалы электрмен жабдықтауға және облысты «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет.

 

Дата публикации
09 февраля 2021
Дата обновления
09 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы