Меню

Страницы

Статья

2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы

2020 жылы атқарылған

жұмыстардың қорытындысы бойынша

Қ.Н.Қорғанбаевтың баяндамасы

18.02.2021 жыл, сағат:15.00

 

 

Құрметті Ұлан Еркінұлы!

 

Слайд 1

2020 жылы басқарма әкімші (19 жоба) және тапсырысшы (590 жоба)  болып табылатын 609 жобаны (130-құрылыс, 479-ағымдағы) іске асыруға 52,8 млрд.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Соның ішінде, 26,9 млрд.теңге (448 жоба) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бөлінді. 

Анықтама:

Ауыз су-97 жоба – 19,8 млрд. теңге;

Газдандыру-31 жоба – 16,9 млрд.теңге;

Электоэнергетика-85 жоба - 2,6 млрд. теңге;

Жылумен қамту-43 жоба – 3,0 млрд. теңге;

Тұрғын үй жөндеу–80 жоба-3,378 млрд. тенге;

Аулаларды абаттандыру, латоктарды ауыстыру-267 жоба-6,8 млрд. тенге;

Бизнестің жол картасы-6 жоба-229,6 млн. теңге.

Слайд 2

Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы 50 нысанының құрылысына 19,8 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде, 34 нысанның құрылысы 2020 жылы аяқталса, 16 нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі.

Анықтама: жыл қорытындысымен 61 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, қамтылу деңгейі 82,2 % (560 мың адам) жеткізілді.

Нәтижесінде сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен:

-  қалаларда 398 мың адам немесе 88,9 % құрады;

Анықтама:

Тараз - 323 мың адам немесе 90%;

Қаратау - 30 мың адам немесе 100%;

Жаңатас - 23 мың адам немесе 100%;

Шу - 22 мың адам немесе 60%.

-  ауылдық елді мекендерде 560 мың адам немесе 82,2 %   құрады.

Анықтама:

Байзақ - 55,6 мың адам немесе 51,2;

Жамбыл - 67,7 мың адам немесе 81,4%;

Жуалы - 37,3 мың адам немесе 70,3%;

Қордай - 130,7 мың адам немесе 90,2%;

Меркі - 80,3 мың адам немесе 94,8%;

Мойынқұм - 27,9 мың адам немесе 86,8%;

Т.Рысқұлов - 58,5 мың адам немесе 90,7%;

Сарысу – 20,8 мың адам немесе 96,9%;

Талас – 22,3 мың адам немесе 91,6%;

Шу – 59,1 мың адам немесе 91,0%.

2021 жылы 22 сумен жабдықтау (16-өтпелі, 6 жаңа құрылыс) нысанының құрылысына 8,6 млрд.теңге  қаржы қарастырылды. Соның ішінде, 18 жоба жыл соңына аяқталса, 4 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Нәтижесінде сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен:

- қалаларда 408 мың адам немесе 91,0 %;

- ауылдық елді мекендерде 601 мың адам немесе 88,1 % жеткізу жоспарлануда;

Сонымен қатар, жалпы құны 12,1 млрд.теңгені құрайтын 15 жобаға (16 е.м., 47 мың адам) сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобалар кезекті республикалық бюджеттін нақтылауына ұсынылды.

Анықтама: Байзақ ауд.- 5 жоба (Аққия, Сарыбарақ, Базарбай, Үлгілі, Қызыл жұлдыз), Жамбыл ауд.- 1 жоба (Бесағаш-Түркісіб), Қордай ауд.- 5 жоба (Степное, Сарыбұлақ, Қайнар, Қарасу, Ноғайбай), Шу ауд.- 1 жоба (Көктөбе), Т.Рысқұлов ауд.-1 жоба (Жаңатұрмыс), Меркі ауд.- 1 жоба (Аңдасбатыр), Мойынқұм ауд.- 1 жоба (Ақсүйек).  

Бұдан бөлек, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс көлемінде 36 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Анықтама: Тараз қ.-9, Жамбыл ауд.-2, Жуалы ауд.-5, Қордай ауд.-3, Меркі ауд.-1, Мойынқұм ауд.-4, Т.Рысқұлов ауд.-4 Сарысу ауд.-2, Шу ауд.- 6 жоба аяқталмады. 

Бекітілген стратегиялық жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі халықтың  орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін – 100% жеткізу жоспарлануда.

 Анықтама:

Қалаларда: 2022 жылы – 92 %, 2023 жылы – 93 %, 2024 жылы – 96 %, 2025 жылы – 100 %.

Ауылдық елді мекендерде: 2022 жылы – 92,7%, 2023 жылы – 93 %, 2024 жылы – 93,6%, 2025 жылы – 100 %.

Слайд 3

Жамбыл облысында 371 елді мекенде 1 138 148 адам тұрады. Соның ішінде, ағымдағы жағдайға 237 елді мекен (63,9%) табиғи газбен қамтамасыз етілген (937 мың адам немесе 82,4%).

Анықтама: 01.01.2019 жылы 192 елді мекен (51,8%) немесе 841 мың адам (74,4%) табиғи газбен қамтылған болатын.

2020 жылы 31 газдандыру нысанының құрылысына 16,9 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде, 21 нысанның құрылысы 2020 жылы аяқталса, 10 нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі.

Анықтама: жыл қорытындысымен 95 мың тұрғын табиғи газбен қамтылып, қамтылу деңгейі 82,4 % (937 мың адам) жеткізілді.

2021 жылы 19 газдандыру (10-өтпелі, 9 жаңа құрылыс) нысанының құрылысына 9,6 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Соның ішінде, 11 жоба жыл соңына аяқталса, 8 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Анықтама: жыл қорытындысымен 16 мың тұрғын табиғи газбен қамтылып, қамтылу деңгейін 83,8 %-ға (953 мың адам) жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жалпы құны 1,3 млрд.теңгені құрайтын 13 жобаға  (12 е.м., 11 мың адам) сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобалар кезекті бюджет нақтылауына ұсынылды.

Слайд 4

Бүгінге облыста электр энергиясын өндіретін жалпы қуаты 1608,4 МВт құрайтын 18 нысан жұмыс істейді. (Олардың ішінде «ЖГРЭС» АҚ -1230 МВт, «ТЭЦ» АҚ - 60 МВт және 318,4 МВт құрайтын қолданыстағы 16 жаңартылатын энергия көздері объектілері бар).

Облыс бойынша электр энергиясының тұтыну қуаты сағатына 468 МВт құрайды.

Оның ішінде: аудандар 78 МВт және Тараз қаласы 65 МВт басқада тұтынушылар 30,5 МВт. Қалған 290 МВт электр энергиясын Солтүстік энергия көздері «Екібастұз ГРЭС-2» арқылы облыстың өнеркәсіп саласымен тұтынылуда («Казфосфат»ЖШС, «ТМЗ» ЖШС).

 2020 жылы облыста 2 526,8 млн кВтсағ электр энергиясы өндірілсе, 2021 жылға 3 164,0 млн кВтсағ электр энергиясы өндіру жоспарлануда.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудын жол картасы бағдарламасы аясында» 79 жоба бойынша 3798 дана көше шамдары диодты шамдарға ауыстырылды, нәтижесінде электр энергиясының шығыны 45%-ға және тозу деңгейінің көрсеткіші 54,4% төмендеді.

Сонымен қатар Бәйтерек шағын ауданын және әлеуметтік нысандарды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету  үшін 110/10 кВ «Бәйтерек» қосалқы станциясының екінші кезегін салу жобасының құрылыс-монтаждық жұмыстары аяқталды.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында жалпы құны 497,9 млн теңгеге 8 жоба іске асырылды, 7 шаруа қожалығына электр желісі тартылды. (1 жоба 2021 жылға өтпелі болып табылады.) 2021 жылға жалпы құны 225,1 млн.теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.    

Слайд 5

Облыста жалпы қуаттылығы 318,4 МВт құрайтын 16 нысан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруде, бұл республика (ЖЭК 115 нысан жалпы қуаттылығы 1664 МВт) бойынша 20,0% құрайды және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарда.

Олар:

-5 су электр станциясы, қуаты 15,2 МВт

-6 жел электр станциясы, қуаты 102,15 МВт

-5 күн электр станциясы, қуаты 201,25

Аталған нысандарда 290 адам тұрақты жұмыс атқарады.

Жамбыл облысы бойынша Меркі № 1,2,3 және Тасөткел су электр станцияларынан өндірілген электр энергиясы 1кВт-14,5 теңгеден жергілікті тұтынушыларға тікелей сатылады.

Ал, қалған 9 жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы–есеп айырылысу ораталығына аукциондық сауда–саттық (РФЦ) жүйесі негізінде Үкіметпен белгіленген тариф бойынша сатады.

Слайд 6

Алдағы уақытта, жаңартылатын энергия көздері бойынша 2021-2022 жылы жалпы қуаты 96,7 МВт құрайтын 2 жел және 2 су электр станцияларының құрылыс жобалары іске асырылуда

Атап айтқанда:

  1. «Жаңатас ЖЭС» ЖШС (Қытай – Қазақстан) Сарысу ауданында орналасқан қуаты 100 МВт құрайтын жел электр станциясы.

Жобаның ағымдағы жағдайы: Қазіргі уақытта жоба бойынша 22 дана жел турбиналары орнатылып, станция 40 МВт электр энергиясын өндіруде.

Инвестор 2021 жылдың соңына дейін қалған 18 дана жел турбинасын орнатып, өндіріс көлемін 100 МВт-қа жеткізуді жоспарлап отыр.

  1. Шу ауданында орналасқан жалпы қуаты 9,2 МВт құрайтын су электр станциясы «А и Т Энерджи» ЖШС бойынша.

Жобаның ағымдағы жағдайы: Бүгінгі күнге, қуаттылығы 9,2 МВт құрайтын 4 дана су турбинасының құрылыс-монтаждық жұмыстары аяқталды. 2021 жылы іске қосу жоспарлануда. 

  1. Талас ауданында орналасқан жалпы қуаты 9,5 МВт құрайтын жел электр станциясы «Новатекс» ЖШС нысаны бойынша.

Жобаның ағымдағы жағдайы: Бүгінгі күнге,қуаттылығы 1,6 МВт құрайтын  7 дана жел электр станциясының құрылыс-монтаждық жұмыстары аяқталды. Жел электр станциясын 2022 жылы іске қосу жоспарлануда.

  1. Жуалы ауданында орналасқан жалпы қуаты 18 МВт су электр станциясы «Казгидроперейтинг» ЖШС бойынша.

Жобаның ағымдағы жағдайы: Бүгінгі күнге, 4 МВт құрайтын 1 дана су турбинасы орнатылды, қалған 4 дана  су турбинасы 2022 жылы орнатып, іске асыру жоспарлануда.

Жоғарыда аталған жобалар аяқталғаннан кейін, ЖЭК объектілерінің жиынтық қуаты 2020 жылға 318,4 МВт құраса, 2021-2022 жылға қарай облыс бойынша 415,1 МВт құрайтын болады.

Слайд 7

Жалпы облыс аумағында электр желілердің ұзындығы 17 315 шақырымды құрайды, энергияны тасымалдаумен «ЖамбылЭлектрЖүйесі» ЖШС  айналысады.

Энергия жабдықтаушы мекеме «ЖамбылЖарықСауда 2030» ЖШС. Облыстағы абонементтер саны 271 446, оның ішінде жеке тұлғалар саны – 259 863, заңды тұлғалар саны – 10 367 және бюджеттік ұйымдар саны – 1216 құрайды.

«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС теңгерімінде 13 421,93 шақырымды құрайды, 2021 жылы 9 369 шақырым желісін жөндеу жоспарда, оның ішінде 1633 шақырым күрделі, 7 736 шақырым ағымдығы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлайды.   

Слайд 8

Жамбыл облысы бойынша 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымы 2020 жылдың 1-7 қазан айынан басталды.

Жалпы, облыстағы 9 отын-энергетика кешенінің жылу өндіру қуаттылығы сағатына - 1 320 Гкал, нақты қуаттылығы - 515 Гкал.

Жылу желілерінің ұзындығы 340,8 шақырымды құрайды.

Слайд 9

2020 жылдың қорытындысымен жалпы 1 599 428,05 Гкал жылу энергиясы өндіріліп, жоспардан 110,7%-дан асты (2019 жылмен салыстырғанда, өндірілген жылу энергиясы 33 980,86 Гкал өскен).

Слайд 10

Отын-энергетика кешендерінде 13,1 мың тонна резервтік (апаттық) мазут отын қоры дайындалды.

Облыстағы бюджеттік мекемелердің қажеттілігіне орай жоспарлы 67,2 мың тонна көмір толық жеткізілді.

Жылыту маусымы кезінде облыс тұрғындары үшін жоспарланған 234,3 мың тонна көмірдің жеткізілуі 100%-ға қамтамасыз етілді.

Жалпы, көмірді сатумен 31 нарық субъектісі айналысады, орта есеппен алғанда Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірдің бағасы 14 - 17 мың теңге (сортына қарай өзгеріп отырады).

Слайд 11

Моно және шағын қалалардың орталық қазандықтарын тиісті отынмен қамтамасыз ету үшін жылыту маусымына қажетті 1 075,023 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

1) Шу қаласының орталық қазандығына 2 748,71 мың м3 табиғи газды сатып алуға - 71,223 млн. теңге;

2) Қаратау қаласының орталық қазандығына 12 822,0 мың м3 табиғи газ сатып алуға - 312,6 млн. теңге;

3) Жаңатас қаласының орталық қазандығына 10 608 тонна мазут сатып алуға - 691,2 млн. теңге.

Слайд 12

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,866 млрд. теңгеге 17 жоба іске асырылып, 18,6 шақырым жылу желілері ауыстырылды (оның ішінде: Тараз қаласы - 7 жоба, Сарысу ауданы - 2 жоба, Талас ауданы - 5 жоба, Байзақ ауданы - 3 жоба).

Оның ішінде, Тараз қаласында 1,687 млрд. теңгеге 7 жоба аясында 4,268 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылып, 7,184 шақырым жылу желілері мен «Газовая» қазандығы ағымды жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде, жылу желілердің тозу деңгейі 2,8%-ға төмендеді немесе желілердің тозуы 49,7% құрады.

2021 жылға Тараз қаласының М-1 жылу магистралын қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 34,7 млн. теңге бөлінді, жылу желісінің ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды.

Слайд 13

Елді мекендердегі көмірмен жылу алатын 156 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жоспарланып отыр.

2021 жылға 5 аудан тарапынан 29 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді (оның ішінде: Т.Рысқұлов ауданы - 1 жоба, Меркі ауданы - 1 жоба, Байзақ ауданы - 4 жоба, Қордай ауданы - 5 жоба, Шу ауданы - 18 жоба). Бүгінге күнге, 2 жобаға жалпы сомасы 64,7 млн. теңге бөлінді, жұмыс құны 150,5 млн. теңге болатын 6 жоба «Ауыл - Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылды, жалпы сомасы 1 455,5 млн. теңгеге 21

жоба бойынша бюджеттік өтінім тапсырылды. Қалған 127 нысан бойынша бастапқы және жиынтық құжаттары жасақталуда.

Слайд 14

Облыс көлемінде 4 қалада барлығы 1722 көппәтерлі тұрғын үйлердің 891 үйі қанағаттанарлық жағдайда, немесе 51,7%, жөндеуден өткен үйлердің саны 417, немесе 24,2%, жөндеуді қажет ететін үйлер саны 831, немесе 48,2% құрайды.

Облыстағы 4 қалада 2011 – 2020 жылдары (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу) 417 үй жөндеуден өтті,  оның ішінде:

-Тараз қаласында 9 010,8 млн.теңгеге 342 үй;

-Жаңатас қаласында 134,3 млн.теңгеге 11 үй;

-Қаратау қаласында 233,8 млн.теңгеге 31 үй;

-Шу қаласы – 236,2 млн.теңгеге 33 үй.

Жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі  2016 жылы 24,5%-дан 2020 жылы 11,2%-ға дейін төмендетілді.

2021 жылдың 01 ақпандағы жағдайға сәйкес жалпы пәтер иелерінен қайтарылған қаражат 1 669,144 млн.теңгені немесе 84,2%-ды құрайды (жоспар 1 982,560 млн.теңге). Оның ішінде:

-Жаңатас қаласы бойынша жоспарлы қайтарым 79,999 млн.теңге болса, нақты қайтарылғаны 59,192 млн.теңге, немесе  74,0%; 

-Қаратау қаласы бойынша жоспарлы қайтарым 106,809 млн.теңге болса, нақты қайтарылғаны 83,212 млн.теңге немесе  77,9%;

-Шу қаласы бойынша жоспарлы қайтарым 125,692 млн.теңге болса, нақты қайтарылғаны 87,349 млн.теңге немесе  69,5%;

-Тараз қаласы бойынша жоспарлы қайтарым 1 670,058 млн.теңге болса, нақты қайтарылғаны 1 439,389 млн.теңге немесе  86,2%.

Сарысу, Шу аудандары бойынша қаражаттың қайтарым деңгейі төмен, өйткені аталған аудандар бойынша жөнделген үйлердің пәтер иелерінен қаражатты қайтару жұмыстарымен айналысатын уәкілетті органдар (Абаттандыру және көгалдандыру ЖШС, «Шу сервис» ЖШС) 2018 жылы жекешеге 100% сатылып кеткен, бүгінгі күнге осы аудандарда басқа мекеме ашу немесе басқа мекемеге функцияларын беру мәселесі шешімін таппай отыр.

Слайд 15

2020 жылы жалпы 3 885,0 млн.теңгеге 98 үй жөндеуден өтті, оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен 3 378,0 млн. теңгеге 80 үй;

 - жергілікті бюджет есебінен 125,0 млн. теңгеге 7 үй.

 - қайтарымды қаражат есебінен 382,0 млн. теңгеге 11 үй.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2 194,467 млн. теңгеге Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 163 аула алаңдарына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тараз қаласы әкімдігі тарапынан  аула алаңдарын абаттандырумен айналысқан мердігер компаниялардың жұмыстары зерделеніп, кейбір сапасыз орындалған жұмыстар бойынша тексеру акт толтырылып, сотқа дейінгі талап-арыз берілді.  

Ағымдағы жылы облыс бойынша 4 378,0 млн. теңгеге 100 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен  4 352,4 млн. теңгеге  96 үй;

- қайтарым қаражат есебінен 25,6 млн. теңгеге  4 үй.

Анықтама: 95 460 м2 шатыр, 3 613 м2 подъезд терезелерін 39 110 метр жертөледегі жылу құбырларын ауыстыру қарастырылған.

Слайд 16

Облыс бойынша 4 қаладағы 1722 көп пәтерлі тұрғын үйлердің 493 үйіне 43 басқару органдары (ПИК) техникалық қызмет көрсетуде, оның ішінде:

- Таразда 391 үйге 33 ПИК;

- Жаңатаста 45 үйге 5 ПИК;

- Қаратауда 32 үйге 3 ПИК;

- Шуда 25 үйге 2 ПИК.

2019 жылы Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, 2020 жылы жасалған жоспарға сәйкес, жалпы 36 мүлік иелері бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) құру қажет болған (Тараз – 10, Жаңатас – 10, Қаратау – 10, Шу – 10), алайда нақты 3 МИБ, 4 ЖС құрылды (Тараз – 1 МИБ, 4 ЖС, Қаратау – 2 МИБ).

Аталған сала бойынша жұмыстар өте баяу төмен деңгейде жүргізілуде. Ағымдағы жылы көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару толық қамту мақсатында, жалпы 950 МИБ және 408 ЖС құру жоспарлануда. (Тараз – 700 МИБ, 334 ЖС, Жаңатас – 50 МИБ, 26 ЖС, Қаратау – 100 МИБ, 30 ЖС, Шу – 100 МИБ, 18 ЖС).

Слайд 17

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар саны 2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдайға 32 439 адам болған, түгендеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуіріне 4187 кезектен шығарылып, 28 252 адам қалған. 2021 жылдың 1 ақпандағы жағдайға сәйкес кезекте 30 505 адам тұр. Жалпы 2020 жылы 6151 адам кезектен шығарылған. Ағымдағы жылы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін жыл сайынғы түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Слайд 18

Облыс аумағында көктемгі, күзгі 2 айлық абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары барысында 2020 жылы жалпы 61 403 тал отырғызылды, 168 шақырым арық жүйелері мен канал арналары, 120 000 м2 демалыс орындары тазаланды, 854 тонна кездейсоқ күл арнайы полигондарға шығарылды.

Ағымдағы жылы көктемгі, күзгі 2 айлық абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары барысында облыс бойынша жалпы 180 мыңға жуық тал – ағаш отырғызу жоспарлануда, оның ішінде 12 түрлі ағаштар атап айтқанда:

Қарағай, Акация, Терек, Арша, Туя, Шегіршін (вяз), Күл ағашы (ясень), Емен, Үйенкі ағашы, Алма ағашы, Қайың, Каталпа.                                                                

Дата публикации
24 февраля 2021
Дата обновления
24 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы