Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні 

Баспасөз аңдатпасы

 

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні 

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 27 қараша күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Әрбір адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау» деп аталады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. «Ашық есік күніне» қатысушылар шеберлік сабағы форматында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білетін болады. Қор мамандары оларға болашақ зейнетақыларын есептеуге көмектесіп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жылдам әдістерін көрсетеді.   

  Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру де осы іс-шараның мақсаты болып табылады.   

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10-00 және 12-00  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

27 қарашада сағат 10-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e2d620f521080f558343fd003e1496318

event-мәжіліс нөмірі 176 764 4032, event-мәжіліс паролі - 00000

27 қарашада сағат 12-00 сілтеме
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e3053db567e971b1f3909b37742a55008

event-мәжіліс нөмірі  176 056 8227
, event-мәжіліс паролі - 00000

 

Біз сіздерді күтеміз!

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы