Хабарландыру - аңдатпа
«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».
Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтері туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілік сезімін дамыту.
Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйі туралы жедел ақпарат алу тәсілдері туралы әңгімелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша білікті ақыл-кеңестерін береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10-00 және 12-00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.
27 қарашада сағат 10-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e2d620f521080f558343fd003e1496318
event-мәжіліс нөмірі 176 764 4032, event-мәжіліс паролі - 00000
27 қарашада сағат 12-00 сілтеме
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e3053db567e971b1f3909b37742a55008
event-мәжіліс нөмірі 176 056 8227
, event-мәжіліс паролі - 00000
Біз сіздерді күтеміз!