Мiндетi:
Облыс бойынша мемлекеттік және жергілікті энергетика және энергоүнемдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, орындау. Облыстың жалпы энергетика кешендерін дамытудың бірыңғай стратегиясын жүргізу. Электр энергиясын шығарумен, жеткізумен және тасымалдаумен айналысатын облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың материалдық техникалық базасын нығайту және жетілдіру қызметін саралауды жүзеге асыру. Облыс аумағында орналасқан электроэнергетикасын өндіретін мекемелердің материалдық техникалық базасын күшейту сұрақтары мен модернизациялау жұмыстарына талдау жасап, үйлестіру.
Функциялары:
1)электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділігін көтеруге қатысты үйлестіру жұмыстарының бюджеттік бағдарламасына бақылауды жүзеге асыру;
2)жылдың күзгі-қысқы жылыту маусымында электроэнергетика нысандарында дайындық жұмыстарының орындалуын бақылау және талдау;
3)энергоүнемдеу және энерготиімділік кешенді бағдарламасына сәйкес қала мен аудан әкімдерінің энергоүнемдеу және энерготиімділік бағдарламасын орындауына талдау жасау, мониторинг жүргізу;
4)облыс қалалары мен аудандарының энерготиімділік пен энергоүнемдеу жұмыстарына координация жасап үйлестіру және талдау;
5)Жамбыл облысының энергоүнемдеу және энерготиімділікті көтеру кешенді жоспары жүргізілуін, орындалуын және жүзеге асырылуын бақылау, талдау аналитикалық мәліметтер дайындап ақпарат жіберу;
6)энергоүнемдеу және энерготиімділік жұмыстарына аудит ұйымдастыру;
7)елді мекендердің электр энергиясы қажеттілігін қамтамасыз ету;
8)электрмен жабдықтауға бақылау және коммерциялық шығынды төмендету шарасын жүргізу және талдау;
9)балама және жаңартылған энергия көздерін орнатуына ықпал жасап талдау жүргізіп отыру;
10)облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастырады;
11)Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады.
Құқығы және міндеті:
1) Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
2) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
3) құрылымдық бөлімшедегі мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
4) мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.