Меню

Страницы

Статья

Газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі

Мiндетi:

Газ және газдандыру саласында нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарын қамтамасыз етеді. Мүдделі  мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті негізінде апатты тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, қауіпті өнеркәсіптік нысандарды пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарын техникалық куәландыру;

Азамматтық қорғау заңы жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық қағидаларын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

Функциялары:

1)Газ саласы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау;

2)Газ және газдандыру саласында мемлекеттік стратегиялық нұсқауларын,  нормативтік-құқықтық актілерін келісуге ұсыныс беру;

3)Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілеу және орындау;

4)қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін технологияларды, техникалық құрылғыларды материалдарды қолдануға жол беру;

5)өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қауіпті техникалық құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беру;

6)қауіпті өндірістік обьектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялау;

7)өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы;

8)өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, сондай ақ өндірістік бақылау;

9)өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау;

10)өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі;

11)жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;

12)қауіпті өндірістік обьектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу;

13)қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару.

  1. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Құқығы және міндеті:

1)газ және газдандыру саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша,  белгілі тәртіппен және өз құзыреті шегінде тексеру және мемлекеттік қадағалау;

2)Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;

3)Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;

4)басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;

5)мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.

Дата публикации
10 ноября 2020
Дата обновления
10 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы