Меню

Страницы

Статья

Сумен қамтамасыз ету бөлімі

 Мiндетi:

1)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес  мемлекеттік саясатты энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және жоба дайындау;

2)Жамбыл облысының даму бағдарламасының су жөніндегі бөлігін дайындау және оның орындалуын бақылау, бес жылға арналған аумақтың даму  жоспарын әзірлеу және бекіту;

3)Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс ұйымдастыру;

4)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау, орындалуын қамтамасыз ету. Басқармада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарының орындалуын бақылау.

Функциялары:

1)сумен қамтамасыз етілген елді мекендер бойынша жыл сайын мониторинг ұйымдастырады, аумақта орналасқан мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын нығайту және жаңғырту сұрақтарын, өндірістік қуатты орынды қолдану, материалдық ресурстар, қосымша жұмыс орындарын дайындау, толық салықтық қаржылардың түсуін және бюджетке төленетін коммуналдық төлемдердің қызметін талдау;

2)шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының бұйрық жобаларын дайындайды;

3)сумен беру және кәріз қызметі нәтижесін талдап қорытады, керек кезде энергетика және коммуналдық шаруашылықтың тұрақты функцияларын тоқтататын қатерлер болса Басқарма басшысының қарауымен өзгертулер енгізеді, Басқармадағы сумен қамтамасыз ету кәсіпорындарының нысандарын  жаңғырту сұрақтарын дайындауға қатысады;

4)өз саласындағы кәсіпорындардың  жауапты қызметкерлерді  мадақтау  туралы ұсыныс береді;

5)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыруға атсалысады;

6)Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, Әкімнің шешімдерін, бұйрықтарын және облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша орынбасарының тапсырмаларын орындау;

7)Ағымдағы қызметтерді орындайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президенттің актілерін орындалуын қадағалайды. Қалаларда сумен қамтамасыз ету және облыстағы кіші қалалардың қазандықтарын қажетті отынмен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешiмдерін, ұйғарымдардың орындауы және облыстың әкiмшiлiгi, басқарма басшысы және оның орынбасарының нұсқауларын қамтамасыз етедi;

8)Шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды;

9)Басқармадағы сумен қамтамасыз ету сұрақтарын дайындауға ықпал етеді;

10)Өңдеу, басқарудың облыстық, мемлекеттiк құрылымдары және олардың орындауына стратегиялық және индикаторлық бағдарлама әлеуметтiк-экономикалық дамуы қысқа мерзiмдi және жедел мерзiмде өңдейді және оларды бақылайды;

11)Басқарманың басқармаға қарасты мекемелердің жұмысына басшылық жасау, жұмысын талдау оған баға беру;

12)Облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастырады;

13)Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады.

  1. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Құқығы және міндеті:

1)Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;

2)Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекеме басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;

3)Басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;

4)Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.

Дата публикации
10 ноября 2020
Дата обновления
10 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы