Мiндетi:
1)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және жоба дайындау;
2)Жамбыл облысының даму бағдарламасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі бөлігін дайындау және оның орындалуын бақылау, бес жылға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту.
Функциялары:
1)Шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың нәтижесін талдап қорытады, керек кезде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тұрақты функцияларын тоқтататын қателер болса Басқарма басшысының қарауымен өзгертулер енгізеді, Басқармадағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту сұрақтарын дайындауға қатысады;
2)Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, Әкімнің шешімдерін, бұйрықтарын және облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша орынбасарының бұйрықтарын орындайды;
3)Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тiзiмiн құрауға ықпал етеді.
4)Облыс аудандарындағы пәтер иелерінің кооперативін кескіндеу, заң орнатушы құжаттарды анықтау, экономикалық көрсеткiштер, ұсыныс және кемшiлiктердің тізімін дайындайды;
5)Облыс бойынша кондоминиум нысандарының жұмыс жасау сұрақтарын бақылап, қадағалау жасайды.
6)«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының тетіктері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қаржыландыру сұрақтарымен айналысып, мониторинг жасайды, соның iшiнде: Абаттандыру және тұрғын үйлердi жөндеу.
7)облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастырады;
8)Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады.
Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Құқығы және міндеті:
1)Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
2)Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
3)басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
4) мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.