Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде |
|
|
теңгеден |
теңгеден |
|
|
D-O-3 |
126357 |
170599 |
|
D-O-4 |
108306 |
146177 |
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).
Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныс енгізу; Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау; "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу; Облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы туралы шешімнің жобасын дайындау; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру; эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу; эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну; ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Облыс Әкімі мен оның орынбасарларының шешімдерінің, өкімдерінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмалары мен бұйрықтарының, алқа мәжілістері шешімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары мен белгілеген іс-шараларының ветеринария саласына қатысты басқа да мәселелердің орындалуын; бөлім жұмысына байланысты құжаттардың, іс-қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін; бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы белгілеу арқылы бөлім мамандарының біріне тапсыруды; бөлімдегі мамандарының бірі еңбек дамалысына шыққан немесе еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда уақытша міндетін атқару; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ветеринария саласындағы. Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы).
"Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: жоғарғы мемлекеттік органдардан келіп түскен тапсырмаларды, кіріс құжаттарды, басшылардың бұйрықтары мен тапсырмаларын мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету; жетекшілік ететін өнеркәсіп саласындағы қауіпті өндірістік объектілерге байланысты жоба және рұқсат құжаттамаларын дайындау, қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жоғарылату мақсатында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге ұсыныс беру; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өткізілетін қадағалау-профилактикалық қорытынды жиналыстарын өткізуге арналған құжаттамаларының дайындығын қамтамасыз ету. Жетекшілік ету кәсіпорындарындағы қауіпті өндірістік объектілерде қадағалау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру; жетекшілік ететін кәсіпорындарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңнамалар талаптарының сақталуына, тексеруге қатысу және ұйымдастыру; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өткізілетін алқалық және ведомствоаралық жиналыстар құжаттамаларынының дайындығын қадағалау. Табиғи газды, сұйық газды жеткізумен және тасымалдаумен айналысатын облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жетілдіру қызметін саралауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе мұнай-газ ісі немесе құрылыс.
«Казахстан – 2050» Стратегиясы, Кәсіпкерлік Кодексін, Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», өнеркәсіптік қауіпсіздікті регламенттейтін кесімдерді білу және осы лауазымына басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшының орынбасарының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, су бұру жөніндегі құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету, нысандардың бірқалыпты жұмыс істеуіне, экономиканы тұрақтандыруға кедергі жасайтын себептерді жою үшін басқарма басшысының қарауына ұсыныс береді, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді сумен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинау және тиісті орындарға тапсыру, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Су объектілеріне қатысты облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды. Су объектілеріне қатысты құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi немесе әзiрлеуге қатысады, құқықтық құжаттарды дайындайды және ресiмдейді, қорытындылар жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында. Мамандығы: су ресурстары және суды пайдалану немесе гидрогеология немесе құрылыс.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Мекен жайы:_________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________
e-maіl: _____________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________
_________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"____"_______________ 20__ ;.