Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде |
|
|
теңгеден |
теңгеден |
|
|
D-4 |
116623 |
157326 |
|
D-O-4 |
108306 |
146177 |
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).
Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: - облыс әкімі аппаратындағы іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа, облыс әкімі аппараты туралы Ережеге сәйкес ҚР Заңдарының, Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардан түскен құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, бастапқы өңдеуді жүзеге асыру;
- кіріс жеделхаттарды алу және тіркеу;
- басшылықтың бақылауындағы құжаттарды, тапсырмалардың орындалуы бойынша түскен ақпараттарды, жауаптарды тіркеу;
- кіріс құжаттардың ҚР мемлекеттік стандартына сәйкес рәсімделу талаптарының орындалуын бақылау;
- басшылықтың тапсырмасына сәйкес қызметтік хат-хабарлардың басқармаларға, аудандар мен Тараз қаласы әкімдері аппараттарына шұғыл жолдануын қамтамасыз ету;
- компьютерге облыс әкімінің бұрыштамаларын енгізу;
- облыс әкімінің аппаратындағы, басқармалардағы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдері аппараттарындағы іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүзеге асуын талдау және зерделеу;
- қызметтік бланкілерді беруді тіркеу, жарамсыз және пайдаланылған қызметтік бланкілер бойынша есеп жасау;
- облыс әкімі аппаратының архивінің, оның ішінде «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізу..
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе құқық саласындағы. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық (жалпы).
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: басқарманың барлық мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарын ұйымдастырады және келісім-шарттарды әзірлейді. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы бойынша экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес уәкілетті органға есеп береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлейді және мониторинг жүргізеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Басқармада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне тұрақты негізде мониторинг жүргiзеді. Басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Басқарманың басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде бөлім басшысына ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды жүзеге асырады. Заңгерлік сұрақтар бойынша түсініктеме және заңгерлік қорытынды береді. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан __________________________ (мемлекеттік орган) |
|
|
|
|
|
Өтініш
Мені____________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Мекен жайы: ________________________________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________
e-maіl: _________________________________________________________
ЖСН: __________________________________________________________
_______________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"____"_______________ 20__ ;.