Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Баспасөз аңдатпасы

 

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

 

Халық арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысының аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 27 тамызда «Ашық есік күнін» жаңа онлайн форматта өткізеді. Ниет білдірушілер арнайы онлайн платформа арқылы аталған іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз». Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. Автомат түзімде 2020 жылдың алғашқы жартысының өзінде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылған атап өткіміз келеді. Бұл шоттардың иелері аталған іс-шараның ерекше қонағы болады және «БЖЗҚ» АҚ мамандарына өз сауалдарын қоя алады. Оларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні айтылады, келешек зейнетақыны есептеуде көмек көрсетіліп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жедел тәсілі жайлы кеңес беріледі.

Оның үстіне, аталған іс-шара мақсаты – салымшыларға зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.

«Ашық есік күнінің» 27 тамызда сағат 10-00 - 16-00 аралығында онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e3502daa97a2c02783a4fbeebd8991ad8 сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі : 170 992 8343 мен event-жиналыс паролі qwert_123 енгізіледі.

 

Біз сіздерді күтеміз!

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы