Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға  ішкі конкурс туралы хабарландыру

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға  ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

    теңгеден

       теңгеге дейін

D-О-3

    126357

             170599

D-О-4

108306

146177

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының тұрғын үй, инженерлік коммуникациялар және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, санаты D-O-3,                 1 бірлік,  № 04.

Функционалдық міндеттері: бөлім жұмысын басқарады және ұйымдастырады. Басшылардың тапсырмаларын және бөлім мамандарына жүктелген міндеттердің орындалуын бақылайды, бөлім жұмысының тиімділігін арттыруға ұсыныстар енгізеді. Бөлім жұмысын жоспарлайды, бөлім қызметкерлерінің міндеттерін өзара бөліп береді. Бөлім құзырындағы өндірістік бұйрық жобаларын әзірлеп, басшыға бекітуге ұсынады. Басқарманың және Басқарма бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша бюджетті жоспарлайды, олардың игерілуі бойынша мониторинг жүргізеді. Басқарманың және Басқарма бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша бюджет өтінімдерін әзірлейді.  «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттары бойынша жұмыстарын жүргізу, индикаторлық көрсеткіштерді жоспарлау, жинақтау және қадағалау. Тұрғын үй құрылысын несиелеу және қаржыландыру схемасын ұйымдастыру. Құрылыс саласына инвестициялар тарту және тұрғын үй нарығын дамыту үшін жағдайларды жақсарту; әлеуметтік, инженерлік объектілермен және көлік инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ете отырып, қалалық аумақтың және шағын аудандардың ұтымды тұрғын үй құрылысы; отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын жағдайлар қалыптастыру, жаңа құрылыста инвестициялардың тиімді пайдаланылуы. Құрылыс саласы бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру; құрылыс саласындағы Жамбыл облысы әкімдігінің іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу және олардың іске асырылу барысын бақылау; инженерлік ізденістер, жобалау, құрылыс, қайта жаңарту, қалпына келтіру, жаңғырту, объектілерді, кешендерді және инженерлік инфрақұрылымды күрделі жөндеу және көріктендіру; мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік тұрғын үй саясатын, сондай-ақ өз құзыретінің шеңберінде тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру барысына қатысу; инвестициялық бағдарламаларды және жобаларды, сондай-ақ Жамбыл облысы әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу; құрылыс саласындағы әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болу; мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы стандарттар сапасының, сондай-ақ регламенттерді сақталуын қамтамасыз ету; қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықпен қамтамасыз ету, құжат айналымы, бюджеттік жоспарлау жұмыстарын жүзеге асыру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру; «Өңірлерді дамыту 2020»  бағдарламасын  облыс аумағында  жүзеге  асырылуын  үйлестіру; Облыс аумағында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру үшін: ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру; жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру; тұрғын үй құрылыс жинақ  жүйесі (ТҚЖЖ) арқылы кредиттік тұрғын үй салу; халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру; жеке тұрғын үй құрылысын дамыту; бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарда  (аудан/қала әкімдіктері)  кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қажетті қаржы көлемін анықтап, жоспарлауға ұсыныс енгізу. облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының жоспарына сәйкес тұрғын үй және инженерлік  коммуникациялар мәселелері бойынша салалық басқармалармен және жергілікті әкімдіктермен жұмыс жүргізу;  аудан, қалаларда салынатын тұрғын үй мен инженерлік  инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс монтаж жұмыстарына  мониторинг жүргізу, ақпараттар мен мәліметтер ұсыну;  аудан, қалалар аумақтарында салу жоспарланған  тұрғын үйлердің  елді мекендердің бас жоспары мен тұрғын үй картасына сәйкес болуын үйлестіреді. облыс әкімінің және басқарма басшысының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап,  орындау; облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес тұрғын үй нысандары құрылысын салу және инженерлік желілер мен коммуникациялар нысандары құрылысын енгізу бойынша ұсыныстар енгізу және жұмыстарды  үйлестіру; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау кіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі -  техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: құрылыс  немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Бюджет Кодексін, Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»,  «Қазақстан Республикасының Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік,   №6-1.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасарының тапсырмаларын орындау. Облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары және оның орынбасарының хаттары жобаларын дайындау. Суды тазалау, сумен қамтамасыз ету, су бұру нысандарының бірқалыпты жұмыс істеуіне, экономиканы тұрақтандыруға кедергі жасайтын себептерді жою үшін басқарма басшысының қарауына ұсыныс береді, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Облыс аумағында орналасқан суды тазалау, сумен қамтамасыз ету, су бұру, ауыз су және су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету, техникалық суды жеткізумен және тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін талдайды, материалдық техникалық базасын нығайту және жетілдіру қызметін саралауды жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдердің жүргізілуін бақылайды. Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады. Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырылуын және жүргізілуін қамтамасыз етеді. Облыс аумағында суды тазалау, сумен қамтамасыз ету, су бұру және суды тазалау құрылымдарының кешенді дамуы бірыңғай стратегиясын, аумақтың ағымдағы және келешектегі тапсырмаларын шешуге арналған кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша, облыс аумағында олардың тіршілік әрекетін жетілдіру саласын қоғамдық және басқада ұйымда тығыз ынтымақтастықта жүргізуді бақылайды. Облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтуға  және су бұруға әзірленген жобалар негізінде құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен қажетті қаражаттар  бөлінуіне есептеулер әзірлеп  салалық министрлікке және облыстық экономика және жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінімдер  дайындап, қорғау жұмыстарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі -  техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында. Мамандығы: су ресурстары және суды пайдалану немесе гидрогеология  немесе құрылыс немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының заң қызметі бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 8-1.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастырады; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз етеді, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшы орынбасарының тапсырмаларын орындайды. Облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары және оның орынбасарының хаттары жобаларын дайындайды. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi немесе әзiрлеуге қатысады, мекемеде құқықтық жұмыстарға әдiстемелiк тұрғыдан басшылық етудi жүзеге асырады, құқықтық құжаттарды дайындау және ресiмдеуде құрылымдық бөлiмшелерге құқықтық көмек көрсетедi, мекеме қызметкерлерiн қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерiстер жөнiнде ақпараттандыруды, басқарма қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелерi бойынша кеңес бередi, қорытындылар жасайды, мүлiктiк-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актiлердi ресiмдеуге жәрдемдеседi. Басқармада  Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады. Нормативтік құқықтық актілердің қаулыларының жобаларын әзірлейді және құқықтық сипаттағы өзге құжаттардың дайындалуын ұйымдастырады. Басқармаға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген  есебiн және олардың сақталуын үйлестіреді. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Басқарма қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн білдіреді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдануын, сондай-ақ  заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды ұйымдастырады. Заңгерлік сұрақтар бойынша түсініктеме және заңгерлік қорытынды береді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын және әзірленген келісім-шарттардың заңдылығын бақылайды және үйлестіреді. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын бақылайды. Күнделікті басқармаға түскен хаттардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптар әзірлейді, заңдылығын қарайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  білімі -  құқық саласында. Мамандығы: құқық (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының заң қызметі бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4,            1 бірлік,   № 8-2.

Функционалдық міндеттері: басқарманың барлық мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарын ұйымдастырады және келісім-шарттарды әзірлейді. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы бойынша экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын жүзеге асырады.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес уәкілетті органға есеп береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлейді және мониторинг жүргізеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Басқармада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне тұрақты негізде  мониторинг жүргiзеді. Басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Басқарманың басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде бөлім басшысына ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ  заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды жүзеге асырады. Заңгерлік сұрақтар бойынша түсініктеме және заңгерлік қорытынды береді. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі -  құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

 

 

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш

Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Мекен жайы: ________________________________________________________________

      Байланыс телефоны: __________________________________________________________

      e-maіl: ______________________________________________________________________

      ЖСН: _______________________________________________________________________

      _________ ___________________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "____"_______________ 20__ ;.

 

Дата публикации
13 июля 2020
Дата обновления
22 июля 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы