Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.