Меню

Страницы

Статья

Коммуналдық қызметтердің тарифтері туралы

Тарифтерді төмендету жөнінде берілген тапсырмалар бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп тиісті шешімдер қабылданған. Оның ішінде:

Тауарлық газ тарифі бойынша

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлы газдың шекті бағасы Жамбыл облысына 11,4%-ға немесе 21,1 теңгеден 18,7 теңгеге төмендетілген болатын.

Тауарлы газды тасымалдау қызметі де 9,3%-ға төмендетілді, яғни 1000 м3 үшін 7,9 мың теңгеден 7,2 мың теңгеге.

Нәтижесінде, тұрғындар үшін тауарлы газдың бөлшек сатылымдағы бағасы 1 м3 үшін 6,3%-ға немесе 27,2 теңгеден 25,5 теңгеге төмендетілді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Жамбыл ГРЭС» АҚ-мен өндіретін электр энергиясының тарифі 14%-ға немесе 9,5 теңгеден 8,1 теңгеге дейін және «Таразэнергоорталық» (ТЭЦ-4) 19%-ға немесе 11 теңгеден 8,76 теңгеге төмендетілді.

Электр энергиясын тасымалдайтын «ЖамбылЭлектрЖүйесі» мекемесінің тарифін жыл басынан 9,6%-ға төмендетілді Нәтижесінде қолданыстағы тариф 6,29 теңгеден 5,78 теңге болып бекітілді.

Электр энергиясын жабдықтайтын «ЖамбылЖарықСауда» мекемесінің тарифі 7,2%-ға дейін төмендетілді. Нәтижесінде тұрғындарға арналған қолданыстағы тариф 14,9 теңгеден 13,8 теңге болып бекітілді.

Сәйкесінше, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның жылу қуатының тарифі тұрғындар үшін 11,4%-ға төмендетілді, немесе:

  • есептеу құралдары барларға 1 Гкал үшін 1897 теңгеден 11681 теңгеге. 
  • есептеу аспаптары жоқтарға  4129 теңгеден 3658 теңгеге төмендетілді.

Тараз қаласы «Жамбыл Жылу» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 12,8 %-ға төмендетілді, оның ішінде:

  • есептеу құралдары бар тұрғындар үшін 3480 теңгеден 3034 теңгеге;
  • есептеу құралдары жоқ тұрғындарға 4410 теңгеден 3845 теңгеге

Тараз қаласы «ТемірЖолЖылу» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 18,7 %-ға төмендетілді, оның ішінде:

  • тұрғындарға 1 Гкал үшін 119 теңгеден 96,7 теңгеге

Тараз қаласы «София» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 30,1 %-ға төмендетілді, оның ішінде:

  • тұрғындарға 1 м2 үшін 106 теңгеден 74,05 теңгеге

Шу қаласы «Шу Жылу» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 13,3%-ға төмендетілді, немесе:

  • есептеу құралдары барларға 1 Гкал үшін үшін 2523 теңгеден 2186 теңгеге;
  • есептеу құралдары жоқ тұрғындарға 3505 теңгеден 3037 теңгеге.

Қаратау қаласы «Игілік» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 7,6 %-ға төмендетіледі, оның ішінде:

  • есептеу құралдары барларға 2237 теңгеден 2066 теңгеге
  • есептеу құралдары жоқтарға 2678 теңгеден 2474 теңгеге.

Тараз қаласы «Таразтранэнерго» мекемесінің жылумен тасымалдау тарифі 1,2%-ға төмендеген немесе 1998 теңгеден - 1974 теңгені құрады.

Т.Рысқұлов ауданы «Құлан Энерго Жылу» мекемесінің тұрғындарға 1 м2 үшін жылуға 19,4%-ға төмендеген немесе 85,5 теңгеден – 68,9 теңгені құрады.

 

Ауыз сумен қамту саласында

Тұрғындар үшін 1 м3 суық су бағасы 22,9%-ға төмендеген немесе 58,5 теңгеден – 45,1 теңгені құрады;

  • кәріз қызметі 0,4%-ға төмендеп, 18,7 теңгеден 18,31 теңгені құрады.

Шу қаласындағы «Теміржолсу Шу» мекемесі бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету қызметінің тарифі 3,2%-ға немесе 30,2 теңгеден 29,2 теңгеге төмендеді.

 

Пәтер иелерінің коперативтері, тұрмыстық қатты қалдықтар және лифт қызметтері тарифі бойынша

Тұрғын үй коперативтері қызметінің тарифі 1 қаңтардан бастап 6,6%-ға немесе 15 теңгеден 14 теңгеге төмендетілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі - 5%-ға, яғни бір адамға 100 теңгеден 94 теңгеге  төмендетілді (бүгінгі күнге Әділет органдарында тіркеуде).

Лифт қызметі бойынша тарифті 7,1%-ға төмендету а.ж. қаңтар айына жоспарланған. Нәтижесінде 1 пәтер үшін 770 теңгеден 715 теңгеге түседі.

Тараз қаласында 29 үй оның ішінде ақылы пайдаланылатын 4 үй «Атшабар» және «Дәмдес отау».

Көмір бойынша

Жылыту маусымын өткеру барысында тұрғындарға қажетті 333 мың тонна көмірдің дайындалғаны 100%, оның ішінде сатып алынғаны 304,7 мың тоннаны құрайды, қалған 28,3 мың тоннасы көмір сату орындарында.

Облыста көмір сатумен айналысатын 8 кәсіпкер іріктеліп, (ЖК «Құрбанов», «Галиаскарова», «Машанло», «Хиншанло», «Абиш», «Алиев», «Иманалиев», «Алем Комир») «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Қаражыра» көмір бағасын төмендету бағытында кәсіпкерлермен үш жақты Меморандум жасалынды.

Бүгінге аталған тупиктерде «Шұбаркөл» көмірін сату бағасы 12 300 теңге, ал «Қаражыра» көмірінің төмен сападағы көмірі              12 000 теңге, байытылған сапалы көмірі 15 500 теңгеден сатылуда, тұрғындар тарапынан әлеуметтік шиеленіс тудыратын жағдай орын алған жоқ.

Коммуналдық қызметтер саласында тарифтерді қалыптастыру тұрақты бақылауда.

 



Дата публикации
02 июня 2020
Дата обновления
02 июня 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы