Меню

Страницы

Статья

Рухани жанғырту

Рухани жаңғыру - жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламасы аясындағы мақаласы- бұл бүкіл еліміздің сапалы трансформациясы үшін негіз болуға тиіс идеологиялық плотформа. Еліміздің рухани құндылықтары мен мәдени руханиятын нығайту мақсатында жасалған бұл мақала біздер үшін маңызды бағдарламалық құжат болып табылады.  Мемлекет басшысының бұл мақаласында еліміздің тарихи және қазіргі таңдағы рухани құндылықтары туралы нақты айтылған яғни, ұлт руханиятын ХХI ғасырдың шыңына жеткізетін бағдарламалық құжат болып тұр. Рухани жаңғырту кезең-кезеңмен атқарылып жатқан бүгінгі реформалардың жалғасы болып келеді. Бүгінгі күнде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады. Аталған перспективалар қатарында рухани саланы жаңғырту негізгі бағыт болып табылады. Мұндай аксиомалық байлам жасауға берік негіз бар деп ойлаймын. Дегенменде, саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі, бірінші кезекте, рухани қатынастар басымдық алатын қоғамдық сананың деңгейіне байланысты болмақ. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр. Экономикаға келетін болсақ, Қазақстан нарықтық экономиканың көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.                                                                

Елбасының бағдарламалық мақаласы – бұл, ең әуелі ХХІ ғасырда шынайы өмірде ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілейтін дүниетанымдық-идеологиялық мақала. Оның мақсаты күшті әрі жауапты адамдардың Біртұтас ұлтын құру болып табылады. Мақала кіріспеден, «ХХ ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екі негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады. Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:

  1. Бәсекеге қабілеттілік;
  2. Прагматизм;
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  4. Білімнің салтанат құруы;
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
  6. Сананың ашықтығы.

Бұл бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «әуелі экономика, содан кейін саясат» атты әйгілі принципі баршаға таныс. Біздің ойымызша, оның сабақтаса дамуы қоғамдық сананы жаңғыртуда айқын көрінеді. «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты екінші бағытқа қатысты тоқталсақ, Президент дамудың әмбебап үлгісі болмайтынын нақты жеткізіп, тек ұлттық модельді ғана алға тартады. Бұл тұжырым қазіргі заманғы дәуірдегі ұлт құрылысында аса маңызды болып табылады. Ортақ тіл, мәдениет, тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы. Екінші тарау «Таяу жылдардағы міндеттерге» келсек, бұл іс-қимыл жоспары бірінші кезекте Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы дамуын айқындайтын стратегиялық сипатқа ие. Сонымен қатар, қазіргі таңда біздің елімізге заманымыздың бірегей мемлекет қайраткері, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өркендеп жатқан тәуелсіз мемлекетімізді жаһандық деңгейде дамуына жол ашатын латын әліпбиіне көшудің керемет жағдайы туып отыр. Себебі, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндіктерінің бірі.      Қорытындылай келе, жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің әрбір азаматы бүкіл қоғам, саяси партиялар мен қозғалыстар, барша мемлекеттік органдар ағымдағы жағдайға талдау жасап, біздің қай жерде тұрғанымызды анықтап, әрбіріміздің не істеу керектігімізді жете ұғынуы керек.                                                        

Біз біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Біздің жолымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!

 

 


ЖОБАЛЫҚ ОФИС ҚҰРАМЫ

№

Аты-жөні

Қызметі

Жобалық офистегі лауазымы

Тұрғылықты мекен-жай

Байланыс телефоны

1

Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Куратор

Тараз қаласы

433538

2

Бегалиев Хыдыр Жарлықасынұлы

Облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары

Жетекші

Тараз қаласы

433580

3

Ажибаев Айбек Иткараевич

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы

Әкімші

Тараз қаласы,

13-10Б-29

8-771-111-11-86

43-08-65

4

Жетписбаева Жаннат Калмаганбетовна

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ кітапхананы дамыту бөлімінің басшысы

Офис-менеджер

Тараз қаласы, Баласағұн көшесі, №52 үй

8-705-733-08-13

8-747-500-21-24

5

Аликулова Айнура Ериковна

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері

Офис-менеджер

Байзақ ауданы, Бұрыл ауылы, 9 май көшесі, №10 үй

8-771-335-62-34

6

Усенбаева Лейла Ермековна

Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім беру және спорт шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы

Офис-менеджер

Тараз қаласы, Королев көшесі, №5 үй

8-775-734-44-41

7

Байдешева Жамила Абдрахмановна

Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы туризм бөлімінің бас маманы

Офис-менеджер

Тараз қаласы,

3-9-94

8-707-442-47-49

 

 

ЖОБАЛЫҚ ОФИС ҚҰРАМЫ

№

Аты-жөні

Қызметі

Жобалық офистегі лауазымы

Тұрғылықты мекен-жай

Байланыс телефоны

  1.  

Ажибаев Айбек Иткараевич

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы талдау және мониторинг бөлімінің басшысы

Әкімші

Тараз қаласы,

13-10Б-29

8-771-111-11-86

43-08-65

aibektaraz550@gmail.com

 

  1.  

Жетписбаева Жаннат Калмаганбетовна

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ кітапхананы дамыту бөлімінің басшысы

Офис-менеджер

Тараз қаласы, Баласағұн көшесі, №52 үй

8-705-733-08-13

8-747-500-21-24

43-08-65

tarazpo@gmail.com

  1.  

Аликулова Айнура Ериковна

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері

Офис-менеджер

Байзақ ауданы, Бұрыл ауылы, 9 май көшесі, №10 үй

8-771-335-62-34

43-08-65

  1.  

Усенбаева Лейла Ермековна

Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім беру және спорт шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы

Офис-менеджер

Тараз қаласы, Королев көшесі, №5 үй

8-775-734-44-41

43-08-65

  1.  

Байдешева Жамила Абдрахмановна

Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы туризм бөлімінің бас маманы

Офис-менеджер

Тараз қаласы,

3-9-94

8-707-442-47-49

43-08-65

 


"Рухани жаңғыру" бағдарламасының кіші бағдарламалары:

1) Тәрбие және білім.

Жобалар:

1) "Өлкетану"

2) "Отаным-тағдырым"

3) "Саналы азамат"

4) "100 жаңа оқулық".

2) Рухани қазына.

Жобалар:

1) "Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар»

2) «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі»

3) «Асыл ұрпақ»

4) «Мәдени даму»

5) «Ішкі және қажылық туризм

6) «Қасиетті Қазақстан»

3) Атамекен.

Жобалар:

1) "Жергілікті бастамалар картасы"

2) "Жомарт жүрек"

4) Ақпарат толқыны.

Жобалар:

1) "Ақпараттық сүйемелдеу"

2) "100 жаңа есім"

Дата публикации
22 мая 2020
Дата обновления
22 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 августа 2023
Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Басқарма басшысының орынбасары Е.Карентаев төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша Басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
21 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы