«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 9) тармақшасы және осы Заңның 11-бабына сәйкес жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар үйге ортақ жылуды есепке алу аспаптарын тұтынушы үшін сатып алуға және орнатуға міндетті, ал тұтынушы үйге ортақ жылуды есепке алу аспаптарының сатып алу және орнату құнын төлеуге міндетті.
2.Тұрғындарға қойылған қондырғының яғни жалпы үйлік жылу есептегіш құралдарының тиімділігі мен пайдасы қандай?
Жылуды есепке алу аспабы, ресурстың нақты тұтынылған санын тіркейді. Бұл дегеніміз ешбір мекеме тұрғындарға жылу энергиясының және жылу жеткізгіштің жоғары санын төлеткізе алмайды.
Жылуды есепке алу аспабы жылу жеткізгіш сапасының көрсеткіштерін (температура мен қысымын) бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Тұтынушы жылу есептегіш құралдарымен төлейтін болса, екі есе арзанға түседі. Жаңа бағам бойынша жылу энергиясын есептейтін жалпы үйлік ортақ есептегіш құралдары бар тұрғындар 2059 теңге төлесе, ал жылу энергиясын есептейтін жалпы үйлік есептегіш құралдары жоқ тұрғындар 4480 теңге төлейтін болады, яғни есептегіш құралдары жоқ үйлер төлемге екі есе шығындалуға мәжбүр.
Мысалы:
С (ндс)
|
Нормамен |
Жалпы үйлік есептегіш құралмен |
Айырмасы |
||||||
|
Көппәтерлі тұрғын үй |
Жалпы алаңы (м2) |
Тариф теңге |
Жылуға төлемақы (теңге) |
Жалпы алаңы (м2) |
1 айға қабылданған жылу мөлшері (Гкал) |
1 гкал бағасы (теңге) |
Жылуға төлемақы (теңге)
|
Сомасы (теңге) |
|
1-бөлмелі |
30,9 |
106,94 |
3304,45 |
30,9 |
0,812 |
1870,47 |
1518,82 |
1785,62 |
|
2-бөлмелі |
41,9 |
106,94 |
4480,79 |
41,9 |
1,101 |
1870,47 |
2059,39 |
2421,40 |
|
3-бөлмелі |
54,8 |
106,94 |
5860,31 |
54,8 |
1,440 |
1870,47 |
2693,48 |
3166,84 |
|
4-бөлмелі |
61,6 |
106,94 |
6587,5 |
61,6 |
1,618 |
1870,47 |
3026,42 |
3561,08 |
Жалпы үйлік есептегіш құралының (ары қарай ЖҮЕҚ) қайтарым қаражаты 3 жылдың ішінде қайтарады, құралды орнатқан мекеме 3 жыл көлемінде сервистік қызмет көрсетіп, 1-ші мемлекеттік тексеруді өткізіп береді.
Жалпы үйлік есептегіш құралдардың орнатылған бағасының 1 шаршы метрге қайтарылымы 10,52 теңге болып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бекітілген. Мысалы: 2 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы 41.9м2 болса, яғни айлық төлемақысы 41.9м2 х 10,52 = 440.78 теңгені құрайды.
Жалпы үйлік есептегіш құралдарын орнату тұтынушыларға қажетті шара. Энергияны үнемдеу үшін оған бақылау жүргізу керек. Ал, бақылауды жалпы үйлік есептегіш құралдарысыз жүргізу мүмкін емес.
Бүгінде әрбір көпқабатты тұрғын үйде жылу есептеу құралдарының болуы міндетті екені ҚР заңнамаларында көрсетілген. Көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған жылу есептегіш құралдарының жылу ақысын үнемдеу пайдасы мол екенін өмір өзі көрсетіп отыр. Дегенмен, шаһардағы ЖҮЕҚ орнатылмаған үйлер де бар. Сол себепті, орнатылған және орнатылмаған үйлердің жылу энергиясына төлейтін қаржысы әр түрлі болатынын ескеру қажет. Яғни, жалпыүйлік есептегіш құралы орнатылған үйдің тұрғындары, құрылғысы жоқ үйлерге қарағанда жылу қызметіне 50 пайызға кем төлейді.
4.Тұтынушы жылу есептегіш құралын орнатқаннан кейін 1 шаршы метрге жылуға қанша теңге төлейді?
Айта кетуіміз керек қондырғы үйіңізге келген жылуды ғана есептейді. Мысалы: Аса (10) мөлтек ауданы (33 үй) 25 көппәтерлі үй жалпы ауданы 1499 м2 1 айға пайдаланылған жылу көлемі 35,99 гкалл (1 гкал бағасы – 1870,47 тг) осыдан 1 шаршы метрге тұтынушы 35,99 гкалл x 1870,47тг = 67318 тг осы шыққан соманы үйдің жалпы ауданына бөлеміз, сонда болады 67138 тг : 1499 м2 = 44,8 тг, тұтынуышы есептегіш құралымен анағұрлым аз төлейді. Ал, ыстық суға (0,09 гкалл) 2 адамға 161,23 тг төлесе, тариф бойынша 2 адамға 475,84 тг төлейді.
Қазіргі таңда тұтынушы ыстық суға және жылуға есептегіш құралын орнату қаншалықты үнемді екенін түсінуі қажет. Есептегіш құралының көрсеткіші негізінде төлем жасаса, төлем құны азаятыны дәлелденген.
- Жоқ, ешқандай айыппұл салынбайды. Құралдар тұтынушының келісімімен орнатылады.
Мұндағы жылуды есепке алу құралдарын орнатудың мақсаты, тұтынған жылудың көлеміне қарай төлем жасау.
Бұл ретте бала-шаға, отбасының шығыс-кірісін есептейтін және болашағын ойлайтын әрбір азамат жалпы үйлік жылу есептегіш құралының пайдасы мен тиімділігі бар екендігін сезінетіні анық.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, жеке меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, жертөле, пәтерден тыс немесе үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі) ортақ мүлік болып табылады.
Сондықтан қондырғы орнатылғаннан соң ол тұрғындардың ортақ мүлкі болып саналады, оны күтіп-ұстауды пәтер иелері өз міндеттеріне алады.
Айта келе, еліміздегі бүгінгі күннің негізгі талабы – әркім өзі күнделікті тұтынып жүрген ауыз суды, электр және жылу энергиялары мен табиғи газды барынша үнемді пайдалануы керек, сонда 2020 жылға энергия тұтынуды азайту, ысырапты қысқарту, шығындарды үнемдеу және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бойынша Елбасының кешенді жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі болады деп есептеймін.
«Алдыңа ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан халқымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ, алдымызда тұрған белестерден тайсалмай өтеміз деген ойдамын.
Облыс көлемінде әрекет ететін қағиданың ерекшеліктеріне тоқталып өтсеңіз?
– ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығымен Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына бекітілген. Осыған сәйкес, үлгілік қағида негізінде Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары әзірленеді. Облыстық абаттандыру қағидалары негізінен 9 тараудан тұрады, әр тарау аббаттандыру жүргізудің барлық салаларын реттеп, күзгі-қысқы және көктемгі жазғы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктерін қамтиды. Ал соңғы өзгерістерге келер болсақ, қағидалар облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді. Ал бұл қағидалар абаттандыру, қатты тұрмыстық қалдықтар,өтпе жол, тротуар, уәкілетті орган, ұйым, шағын сәулеттік нысандар, іргелес аумақ бойынша іске асады.
– Абаттандыру дегенде алдымен тазалық еске түседі. Бұл бойынша қандай жаңашылдықтар енгізілді?
– Қағиданың 2-ші бөлімінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр. Атап айтар болсам, жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, белгіленбеген жерде қоқыс (немесе қалдық) үйіндісін тастамайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды осы саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асырады. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi де бар. Мәселен, дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді. Ал кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етуі керек болса, көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды. Сонымен қатар жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды: алдымен, ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару және ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару, сыпыру және т.б. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларда, жауын суын қабылдайтын құдықтарда және арық жүйесінде қоқыстардың тасталуына жол берілмейді. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
– Біздің облыс жасыл желекті қалалардың қатарында. Ал бұл көрсеткіш қыс-күз, көктем мезгілдерінде жүргізілетін сенбіліктер мен тазалық айларының нәтижесі екені жасырын емес. Осы орайда елі мекендерді тазартудағы ерекшеліктерді айтып өтсеңіз?
– Күзгі-қысқы тазарту мезгілі қазаннан наурызға дейін белгіленеді. Жолдарды қыста тазартуға мыналар кіреді: жол жабынын тығыздалмаған, жаңа жауған қардан, тапалған қар-мұз бен мұздан тазарту, көліктер мен жүргіншілердің қозғалысына арналған алаңдардан жол жамылғыларын тазалау кезінде жиналған қардан және сынықтардан тазарту (орын ауыстыру), көлік доңғалақтарының жол жамылғыларымен ілінісуінің коэффициентін шұғыл төмендететін құм тұз қоспасын пайдалана отырып жолдың көктайғақ қабыршақтарын жою.Қарды жинау мен сыпыру жол бетіндегі қардың қалыңдығы 4-5 сантиметрден аспай тұрған аралықта жүргізіледі. Қарды қар жауғаннан кейінгі 4 сағаттан кешіктірмей жинау қажет, қайтара жинау сол аралықта, ал қар толастамай жауғанда аяғына таман жиналады. Қарды шығару мына мерзімдерде жүргізіледі: маңызды магистральдарында қар жамылғысы кемінде 6 сантиметр түскен кезде – екі тәуліктен, ал басқа жолдарда - төрт тәуліктен кешіктірмей. Ал қар 6 сантиметрден аса түскенде – сәйкесінше төрт тәуліктен немесе жеті тәуліктен кешіктірмей. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда үюге рұқсат етіледі. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай-ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек. Жолдың тротуарлармен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын заңды және (немесе) жеке тұлғалармен бөлшектенеді және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға қарды шығаруға жол берілмейді. Қарды жинауға жауапты, заңды және (немесе) жеке тұлғалар қарды уақытша жинау орындарын қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартып және абаттандыруға тиісті. Тротуарлар мен көпірлерге шығатын баспалдақтар асфальт-бетон жамылғыларының барлық ені бойына жаңа жауған қар мен тапалған қардан (пайда болған қар-мұздақтардан) тазартылады, қар тоқтаусыз жауған кезеңде көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді. Аула аумақтары мен өтетін жерлер қар мен мұздақтардан асфальтқа дейін тазартылады. Мұздың (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өңдеу жүргізіледі. Көктайғаққа қарсы күресу үшін ас тұзын пайдалануға жол берілмейді. Аула аумақтары мен орамішілік өтетін жерлерден тазартылған қарды, аула аумақтарының автокөліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарына жинауға рұқсат етіледі. Аулаішілік аумақтарда қарды жинау барысында, еріген судың ағып кетуі қарастырылады. Қыс мезгілінде үй иелері және жалға алушылар шатырларды қардан, мұздан және сүңгілерден уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастырулары қажет. Бұл кезде жүргіншілер аймақтарына алдын ала арнайы қоршаулар орнатылады. Үйлердің төбесін қардан тазарту, көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды тротуарларға лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Суағар құбырлардың аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді. Ал көктемгі-жазғы тазарту мезгілі сәуірден қыркүйекке дейін белгіленеді. Көктемгі-жазғы тазарту көшелердің, тротуарлардың, алаңдардың көлік жүретін бөліктерін жууды, оларға су шашуды және сыпыруды қарастырады. Жол жамылғыларын, осьтік және қосалқы жолақтарды, көшелер мен өтетін жерлерді сыпыру көліктің белсенді қозғалысы бар магистралдар мен көшелерде түнгі мезгілде, қалған көшелерде күндізгі мезгілде жол жамылғысын алдын-ала сулау арқылы жүргізіледі. Аула аумағын, аулаішілік өтетін жерлер мен тротуарларды ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру, оларды жуу жеке меншік пәтер иелері кооперативтерімен (бұдан әрі - ПИК), үй комитеттерімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ қалдықтарды жинау және шығару жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген немесе қызмет тұтынушымен келісілген бекітілген кестеге сәйкес мерзімде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын кәдеге жарату шарттарын жасасуы қажет, оны белгіленген орынға өз бетінше немесе қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығарады. Үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңдардың бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін жапқыштары бар контейнерлерді қолданған жөн. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен немесе өзге арнайы көлікпен, үй иелерінің кәрізденбеген сұйық қалдықтары ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін орындар дезинфекциялайтын ерітінділермен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға жатпайды. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде істен шыққан құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар бар. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халық көп келетін орындарда құтылар бір бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құты орнатылады.Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толу шамасына қарай, бiрақ күніне бір реттен кем емес тазартылады. Құтылар ластану деңгейіне қарай, бiрақ аптасына бір реттен кем емес жуылады.
– Мәслихат депутаттарымен өткен сессияда тек тазалық, абаттандыру жұмыстарына ғана емес сондай-ақ көшелер мен тұрғын үйлердің абаттандырылуы, ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау туралы да өзгерістер енгізілді. Бұл орайда тұрғындар мен мекеме басшылары нені ескеруі керек. Толығырақ айтып өтсеңіз?
– Расында бұл орайда енгізілген жаңашылықтар бар. Тоқталып айтар болсам,ш ағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкес болуы тиіс.Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі. Ғимараттардың және құрылыстардың қасбетіне инженерлік жабдықтардың элементтерін (деректерді қабылдау антенналарын, ауаны қалыпқа келтіру жүйелерін) орналастыру нысанның жалпы сәулет келбетіне жағымсыз әсер келтірмеуі керек. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
– Облыс пен қала көркіне көрік беріп отырған сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау бойынша не айтар едіңіз?
– Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Нысандардың баланстық тиесілігіне сәйкес, ғимараттардың қасбеттеріндегі және витриналардағы әшекейлі көмескі жарықтардың жанып кеткен шамдарын алмастыру және жөндеу тиісті ұйымдармен жүзеге асырылады. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жаңбауы белгілі бір аумақтағы жалпы санының 5 пайызынан аспауы керек. Орталық көшелердегі жарықтандыру элементтерін және әшекейлі көмескі жарықтарды ауыстыру және жөндеу бір тәулік ішінде жүзеге асырылады, қалған телімдерде үш тәулік ішінде. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері тез жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Субұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу режимін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де, оларды тазалықта ұстайды.
- Қалалармен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, инфрақұрылымы обьектілері, жасыл екпелерін жою және бүлдіру жағдайында заң аясында әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылады ма?
- Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабында қарастырылған. Заң аясында «Жамбыл облысы ішкі істер» департаменті Әкімшілік полициясы мен Жамбыл облысы «Энергетика және тұрғын үй-коммуналық шаруашылық басқармасы» арасында тікелей жұмыс істелуде. Құқық бұзушылыққа жол берген үшін 2016 жылы- 8349 тұлға жауапкершілікке тартылып, оның ішінде ескертілгендер саны 8258,91 тұлғаға, сомасы 3.364967 теңге құрайтын әкімшілік айыппұл салынды, орындалған 15 қаулы бойынша, өндірілген айыппұл сомасы 1.272600 теңге құрады. Ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке 6101 тұлға, оның ішінде 6073 тұлға ескертілді, 28 тұлға, сомасы 1.247950 теңге құрайтын әкімшілік айыппұл салынды, орындалған 6 қайлы бойынша, өндірілген айыппұл сомасы 247590 теңге құрады.