Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2021 жылдың 6 айына және 2022 жылдың 5 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2021 жылдың 6 айына және 2022 жылдың            5 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша  талдамалық анықтама

 

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында (бұдан әрі басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі талдауы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

 

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы басқарма өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер қарастырады.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер: «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  Ережесін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы  №99 қауылысы танылады  (бұдан әрі - Ереже).

Ережеге сәйкес, Басқарма миссиясы – отын-энергетикалық секторды дамыту арқылы энергия ресурстарда өңірдің өсіп отыратын экономикалық қажеттіліктерін және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу, облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға ықпал ету болып табылады.

          Басқарманың міндеттері: энергетика, коммуналдық, тұрғын үй, су және газ шаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өкілеттілігі аясында мемлекеттік реттеу және бақылау.

          Мемлекеттік органның Ережесін қарастыру барысында Басқарманың қызметіне және оған байланысты нориативтік құқықтық актілерге  (Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы», Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына қатысты қызметіне талдау жасалынды.

 

  1. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2021 жылдың ІІ жарты жылдығында ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

        Басқармада бұйрықтар жеке құрам, азаматтық қызмешілердің бұйрықтары және өндірістік болып бөлінеді. 2021 жылдың ІІ жарты жылдығында жеке құрам бойынша – 154, азаматтық қызметшілер – 50, өндірістік қызмет бойынша – 56 бұйрық тіркелген. Жеке құрам бойынша бұйрықтар е-қызмет ақпараттық жүйесінде дайындалады. 2021 жылдың ІІ жарты жылдығында бұйрықтардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

        2022 жылдың І жарты жылдығында ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

        Басқармада 2022 жылдың І жарты жылдығында жеке құрам бойынша – 98, азаматтық қызмет бойынша – 32, өндірістік қызмет ббойынша – 30 бұйрық тіркелген. 2022 жылдың І жарты жылдығында бұйрықтардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Басқармада 2021 жылдың ІІ жарты жылдығында кадрлардың ауысуы бойынша: 

Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалпы штат саны - 26. Келісім шарт бойынша жалпы штат саны – 9, бос орындар – 5. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тұлғаларға мемлекеттік қызметте тыйым салатын қатаң заңнамалық талаптың сақталуы бойынша Басқарма қызметкерлерінің жеке істеріне тексеру жүргізіліп (оның ішінде ҚР БП жанындағы ҚСжАЕК «Арнайы есепке алу» АЖ арқылы), ешқандай бұзушылық деректер анықталған жоқ.

          Талдау жүргізілген мерзімде басқарманың 6 мемлекеттік қызметшісіне өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметкерге ескерту,
1 мемлекеттік қызметкерге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

          Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарма қызметкерлеріне қатысты жағымсыз ақпарат орналастырылған жоқ.

          Кадрлардың ауысуы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

Басқармада 2022 жылдың І жарты жылдығында кадрлардың ауысуы бойынша:

Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалпы штат саны - 22. Келісім шарт бойынша жалпы штат саны – 10, бос орындар – 0.       Басқарма басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы №36-Ж/Қ бұйрығына  сәйкес, Юлдашева Сабина Пархатовна ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына) лауазымына 3 ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда сынақ мерзімінен өтуде. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тұлғаларға мемлекеттік қызметте тыйым салатын қатаң заңнамалық талаптың сақталуы бойынша Басқарма қызметкерлерінің жеке істеріне тексеру жүргізіліп (оның ішінде ҚР БП жанындағы ҚСжАЕК «Арнайы есепке алу» АЖ арқылы), ешқандай бұзушылық деректер анықталған жоқ.

          Талдау жүргізілген мерзімде басқарманың 1 мемлекеттік қызметшісіне өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

          Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарма қызметкерлеріне қатысты жағымсыз ақпарат орналастырылған жоқ.

          Кадрлардың ауысуы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

 

  1. мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15 бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатындығы көрсетілген.

          Жоғарыда аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

          Мекеменің тікелей басшысы не ұйымның басшылығы жоғарыда аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды қабылдау қажет:

  • Жоғарыда аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттеуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;
  • Лауазымдық міндеттерін өзгертуге;
  • Мүдделер қақтығысын жою бойынша өзгеде шаралар қабылдауға міндетті;

Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады. Басқармада ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары анықталмады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

Басқармада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында (бес)  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеушісі болып табылады, алайда, мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша:

Басқарманың Еережесінде көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес  рұқсат беру құзыреті жоқ.

 

  1. Бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша:

          Басқармада бақылау функцияларына:

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мега паскальдан астам қысыммен немесе 115 цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулердің, лифтілердің қауіпсіз пайдалануын бақылау;
  • Тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатып талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Жылу желіліері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау қызметтері жатады.

Бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. 8. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер:

Мемлекеттік сатып алулар бойынша:

Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру деңгейі артуда, бұл бәсекеге қабілетті органның қалыптасуына, бюджет қаражатының ашық және тиімді игерілуіне ықпал етеді.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттік сатып алулар электрондық форматта яғни веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, осылайша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қағидаттарының бірі «жариялылық пен ашықтық сақталады»

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2022 жылғы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Басқарма басшысының 30.12.2021 жылғы №115-ө бұйрығымен бекітілген.

2022 жылдың 1 қаңтарынан осу күнге дейін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 14  бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, оның ішінде 5 конкурс өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу жүргізілді.

Сонымен қатар 19 жаңа келісім шарттар және 28 алдыңғы жылдардағы келісім шарттарға қосымша келісім шарт жасалды.

Аталған жұмыста мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

Сұйытылған мұнай газ саудасы бойынша:

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газ саудасы толығымен  электрондық сауда алаңдары арқылы өткізілуі тиіс болатын.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5-6 қаңтар оқиғаларының салдарын жою мәселелері бойынша берген тапсырмасын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің м. а. А.Ә.Смайыловтың төрағалығымен 10 ақпанда өткен кеңестің хаттамасының 4.2 тармағында: Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы өткізудің толық көшу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру жөнінде заңнамалық нормалар әзірлеуді қамтамасыз етсін делінген.

Алайда ҚР Энергетика министрлігі 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығымен бекітілген Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереженісіне электрондық сауда алаңдары арқылы өткізудің толық көшіру бойынша өзгерістер енгізілмеді.

Қазыргі таңда  Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысы аталған бұйрыққа сәйкес іске асырылуда.

Ереженің 4-тармағына сәйкес Комиссияның міндеті сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру болып табылады және 10-тармағына сәйкес Комиссияның отырысы оның төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет шақырылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекітілген.

Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданған жиынтық өтінімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді және жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік  25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия отырысын өткізіп хаттамасымен және сұйытылған мұнай газын тетікке сәйкес өңірдің газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу есебімен қоса уәкілетті органға жолданады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында жиынтық өтінім және Комиссия отырысының хаттамасы жарияланады.

Сұйытылған мұнай газ саудасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Басқармаға 2021 жылдың II жартыжылдығында жалпы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 200  өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 157, заңды тұлғалардан - 43.

Басқармаға 2022 жылдың 5 айында жалпы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 229  өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 182, заңды тұлғалардан - 47.

Өтініштердің басым бөлігі баспана алу, газ жүргізу және жылу есептегіш құралдарын орнату мәселесі бойынша келіп түскен. Олардың барлығына ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жауап берілді.

Жеке қабылдау бойынша:

Басқарма басшысының бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. 2021 жылдың II жартыжылдығында 5 азамат, 2022 жылдың 5 айында 3 азамат жеке сұрақтарымен (жылу температурасының төмендігі жөнінде, газ жөнінде және жеке сұрақтар бойынша) басқарма басшысының қабылдауында болған. Қабылдау барысында азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес толыққанды түсініктеме берілген. Қабылдау кестесі қолжетімді жерге ілініп, БАҚ беттерінде жарияланған.

     Басқарманың сенім телефонына және арыз-шағымдарға арналған жәшіктерге өтініштер келіп түспеген.

     Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі», «ҚР мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары талаптарының сақталуын қадағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңнама талаптарына сәйкес, құқықтық оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды және «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тиісті жұмыстар жүргізуді.

     Есепті кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипаттағы, мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.

 

  1. Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қаржы шаруашылық бөлімінің атқаратын қызметтеріне: қызметкерлерінің жалақыларын, еңбек демалысын дер кезінде есептеу, іс-сапар шығындарын есептеп бекітуге енгізу. Есептелген еңбек демалысын, қызметкерлердің жалақысын және іс-сапар шығындарын Қазынашылық клиент арқылы бюджеттік қаражатты  қызметкердердің карт-шотына өткізуді қамтамасыз ету. №2,5,6,8,9,13 мемориялдық ордерлерді ай сайын жүргізілуін тексеру. Бөлімге өткізілген ф-2, ф-3 жұмысты қабылдау актілері бойынша дер кезінде Қазынашылық клиент арқылы бюджеттік қаражатты мердігерлердің шотына аударуды қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есептің және есептеу жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қадағалау. Басқарманың айлық,тоқсандық және жылдық есептерін жасау,оларды қаржы басқармасына өткізу (баланс) кіреді. Атап өткен қызметтер мен есептерді ұсыну барысында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмаған.

 

  1. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.

Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықталған жоқ.

 

                                                               ЖҰМЫС ТОБЫ МҮШЕЛЕРІ:

                                                                                 

Ж.Аитбеков

 

Д. Назарбеков

 

Г.Ниязова

 

Ж.Сексенбаева

 

М.Қожақов

 

А. Омаров

 

Д. Тунгатов

 

А. Мырзабеков

 

Г. Исаков

Дата публикации
31 мая 2022