Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшысының орынбасарының тапсырмаларын орындау. Жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылайды, жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізеді; жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келіседі, барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беруге бақылауды жүргізеді. Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді отынмен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинақтап, тиісті орындарға тапсырылуын қамтамасыз етеді. Табиғи монополиялар субъектілерімен инвестициялық бағдарламаларды үйлестіреді, ҚЭН-ні (қаржылық-экономикалық негіздеме) келіседі, республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді қалыптастырады, бағынысты кәсіпорындардың бюджеттік қаражаттарын бақылайды және мониторингілейді. Облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары және оның орынбасарының хаттары жобаларын дайындау, керек болған жағдайда жылу энергетика нысандарының бірқалыпты жұмыс істеуіне, экономиканы тұрақтандыруға кедергі жасайтын себептерді жою үшін басқарма басшысының қарауына ұсыныс беру, облыстың жылу энергетика кәсіпорындарын дамыту мәселелері бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысу.